Жауынгер ерлігі - мәңгілік
Отан үшін отқа түскен жауынгерлердің жасаған ерліктері халық есінде мәңгіге сақталады.
Олар туралы әндер мен аңыздар, өлеңдер мен поэмалар жазылып, кітаптар жарық көрді.
Кеңес Одағының батыры – КСРО-ның ерекше жоғарғы дәрежесі. Жауынгерлік ерлігі немесе соғыс кезінде жасаған ерен еңбегі үшін сонымен қатар, бейбітшілік кезінде де жоғарғы атақтар берілген. Кеңес Одағы батырларының көпшілік санын Ұлы Отан соғысы кезеңінде құрады: марапатталған тұлғалардың жалпы санынан 91,2 %.
(1925-1945)
Щербаков Олег Николаевич 1925 жылы Украинаның Винница облысында туған. Соғысқа дейін Одесса қаласында тұрды. 9-10 класты Балқаш қаласындағы М.Горький атындағы мектепте оқыды. Каникул кезінде Балқаш мыс зауытының кен байыту цехында слесарь болып жұмыс жасады. 1943 жылы өз еркімен соғысқа аттанды. 1944 жылы танкі мектебін аяқтады. Жаңа құрылған 152-ші Ленинград танк бригадасы құрамында Карель мойнағында алғаш рет соғысқа қатысты. Эстония қаласын азат етудегі ерлігі үшін кіші сержант Щербаковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылы Германия маңында қаза тапты.
(1900- 1969)
Шиляев Федор Федорович 1900 жылы Свердлов облысының Верхотура станциясында туған. 1942 жылдан бастап Қазақстан құрамында. 22 отделенияның командирі, 1-ші Балтық майданы 43-ші армияның 5-ші шабуылшы инженер-сапер бригадасы батальонының командирі. Батыс Двина өзенінен өтуде ерлік көрсетті. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 22 шілдеде Шиляев Федор Федоровичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
(1903-1942)
Хоружая Вера Захаровна 1903 жылы 27 қыркүйекте Белоруссияда туған. 1924-1932 жылдары аралығында Батыс Белоруссияда комсомол жастар ұйымының хатшысы болып жұмыс жасады, сонымен қатар Польша КЖО Орталық комитетінің мүшесі. 1935 жылы Вера Балқаш қаласына құрылысшы болып жұмысқа келді. 1941 жылы Витебщинадағы жасырын партия ұйымының құрамында болды. 1942 жылы Витебск қаласында немістер ұстап алып атып тастады. В.З.Хоружаяға КСРО Жоғаргы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1960 жылы 17 мамырда Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Балхаш қаласының бір көшесі батыр қыздың есімімен аталады. Кеңес Одағының батыры Вера Захаровна Хоружаяның құрметіне Балқаш қаласындағы «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің территориясында 1968 жылы ескерткіш орнатылған. (Авторы - суретші Вера Маркина). Бронзалық тақтада: «Кеңес Одағының Батыры Вера Захаровна Хоружаяға алғыс білдіруші ұрпақтарынан» деп безендірілген.
(1915-1944)
Ульянин Федор Иванович 1915 жылы Саратов облысының Болтуновка (қазір Ульяново) селосында туған. Федор Иванович Ульянин Қарағанды облысының Калинин атындағы шахтада қызмет атқарған. 1941 жылы тамызда соғысқа аттанды. Шені - майор. Режицск дивизиясы 422-ші атқыштар батальоны, 170-ші атқыштар полкінің командирі. Мәскеу маңындағы соғыста көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін 1943 жылы Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды. 1943 жылы Белоруссия жерін азат етті. 1944 жылы маусымның 24-не қараған түні майор Ульянин өз батальонын Друть өзенінен шығынсыз өткізді. Бобруйск қаласы маңындағы шайқаста ауыр жараланып, қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Федор Иванович Ульянинге 1944 жылы 23 тамызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.