(1900- 1969)
Шиляев Федор Федорович 1900 жылы Свердлов облысының Верхотура станциясында туған. 1942 жылдан бастап Қазақстан құрамында. 22 отделенияның командирі, 1-ші Балтық майданы 43-ші армияның 5-ші шабуылшы инженер-сапер бригадасы батальонының командирі. Батыс Двина өзенінен өтуде ерлік көрсетті. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 22 шілдеде Шиляев Федор Федоровичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін 1948 жылдан бастап Қарағандыда тұрды. 1969 жылы қарашада қайтыс болып, Михайловка зиратында жерленді.
Әдебиеттер:
Шиляев Федор Федорович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 137-138 б.
Шиляев Федор Федорович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 407-408 б.
Шиляев Федор Федорович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 74-75 б.
Шиляев Федор Федорович (1900-1969) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 96-97 б.
Шиляев Федор Федорович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. –267 б.
***
Батыр жерлестеріміз // Орталық Қазақстан. - 1965. - 8 май (№ 107). - 2 б