Павлов Юрий Николаевич

(1922)

Павлов Юрий Николаевич 1922 жылы Урумчи қаласында туған. Соғысқа дейін Қарағанды Орталық жылу электро - станциясында электромеханик болып жұмыс жасады. 1941 жылы әскерге шақырылды. Соғыс кезінде Алматыдағы жаяу әскер училищесін бітірді. Шені - гвардия лейтенанты. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін 1944 жылы гвардия аға сержанты, 52-ші армия құрамындағы 254 атқыштар дивизиясы, 929 атқыштар полкінің рота командирі Ю.Н.Павловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 13 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Павлов Алматы қаласында тұрып, Гипрониихиммаш институтының директоры қызметің атқарды.

Әдебиеттер:

Павлов Юрий Николаевич //Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 149-150 б.

Павлов Юрий Николаевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 95-96 б.

Павлов Юрий Николаевич // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 50-51 б.

Павлов Юрий Николаевич (1922) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 92 б.

Павлов Юрий Николаевич (16.2. 1922) // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 192 б.

***

Қарағанды қырандары // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 3 б