«БИБЛИОГРАФТАН СҰРА» виртуалды анықтамасы - Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК онлайн жүйесінің анықтамалық қызметі, тақырыптық ақпаратты іздеуге байланысты қолданушылардың бір реттік сұранысының орындалуы.
Сауалдарды орындау үшін кітапхананың дәстүрлі анықтамалық-іздеу аппараты, электрондық каталогтар жүйесі, Ғаламтор қорлары, библиографиялық және толықмәтінді ДБ пайдаланылады.
Сауалдарға жауап 2-5 жұмыс күні аралығында күрделілігіне қарай орындалады.
Кітапхана мақалалар мен кітап бөліктерін іздеу, сканерлеу және жеткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Мұнда Сіз Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорындағы және Қазақстан мен Ресейдің ірі кітапханалары мен деректер базасының қорларындағы мақалалар мен кітап бөліктерінің электрондық көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар. Соңғы жағдайда кітапханамыз құжатты іздеу және тапсырыс беруде дәнекерші ролін атқарады.
Егер Сізге библиографиялық іздеу бойынша анықтама қажет болса (авторын, атауын, баспасын, тақырыбын анықтау), әдебиеттер тізімін ұсына аламыз.
Басқа қорлардағы құжаттарға тапсырыс берген жағдайда, оның құнын орындаушы жақ анықтайды.
Тапсырыс түскен уақытта, кітапхана тапсырысты орындау мүмкіндігін, мерзімін және құнын анықтап, ол туралы абонентті хабардар етеді. Тапсырыстар күрделілігіне қарай 2 тәуліктен 10 тәулікке дейінгі аралықта орындалады.
Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорының құжаттарына тапсырыс берілген кездегі төленетін ақы:
10 бетке дейін – тегін;
10 беттен астам – 1 бет – 50 теңге
Басқа мекемелер қорындағы құжаттарға тапсырыс берілген уақытта, тапсырыс құнын орындаушы жақ белгілейді.
Ақысы төленгені туралы құжат ұсынылған кезде, тапсырыс абонентке жеткізіледі.
Тапсырысты Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекен-жайы арқылы немесе 8 (7212) 567464 телефоны арқылы да жасауға болады.
Байланыс үшін жауапты: Багзибекова Айнагүл Хамитовна
Сізге қажетті ақпарат іздеу бойынша көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз!