«Н. В. Гоголь ат. Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Шаймуханбетова Айнур Сакеновна
Шаймуханбетова Айнур Сакеновна 1985 жылы 8 қаңтар күні Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келді. Көктас ауылының №4 орта мектебін бітіргеннен кейін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне «Мәдениеттану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, ал содан кейін 2006 - 2008 жылдар аралығында магистратурада білім алды.
Н. В. Гоголь атындаығы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында еңбек жолын кітапханашы ретінде бастады. 2008 ж. педагогикалық тәжірибе шеңберінде Қазақстандық жаратылыстану - гуманитарлық колледжде қоғамдық пәндер оқытушысы болып жұмыс атқарды. 2010 ж. бастап мемлекеттік қызметте, яғни 2010 - 2016 жылдар аралығында – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы. 2016 жылдан бастап Н. В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК-на ғылыми хатшы лауазымына, сондай-ақ директордың орынбасары лауазымына ауысты. Орталық Қазақстан академиясында сырттай оқып, экономика және бизнес бакалавры квалификациясына ие болды.
2019 жылғы наурызда Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының басшысы болып тағайындалды.
Оның басшылығымен кітапхана 2020 жылы «Рухани қазына-2020» онлайн форматта өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің фестивалінде «Кітапханалардың үздік инклюзивті онлайн жобасы – 2020» номинациясы бойынша, ал 2022 жылы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің V «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивальінде «Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды (Түркістан қ.).
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Санкт-Петербург мемлекеттік арнайы орталық кітапханасымен (РФ), Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Свердлов облыстық арнайы кітапханасымен (РФ) және Павлодар облыстық арнайы кітапханасымен үш жақты меморандумдарға қол қойылды. «Сарыарқа – сүйікті өлке» жобасын іске асыру үшін ҚР ІІМ Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен меморандумға қол қойылды. Оның ұйымдастырушылық және кәсіби шеберлігі арқасында кітапхананың 50 жылдық мерейтой аясында «Инклюзивті қоғам қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2022 ж.) жоғары деңгейде өткізілді.
2023 жылғы 10 қазанда «Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына ауыстырылды.
Марапаттары:
- ЭКСПО–2017 арналған Қарағанды облысының күндеріне қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаты;
- Қаланың қоғамдық өміріндегі жоғары кәсібилігі мен белсенді жұмысы үшін Қарағанды қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2020 ж.);
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі және қоғамдық - саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасы (2021 ж.).
Халықаралық пен республикалық конференцияларда және семинарларда қатысуы:
- «Технопром-2021» атты VIII халықаралық технологиялық даму форумы (РФ, Новосибирск);
- «Современная библиотека – ресурсная составляющая безбарьерного мира» атты жыл сайынғы тәжірибелік-бағытталған семинар шеңберіндегі XI халықаралық көмекші қызметтердің мектебі (РФ, Новосибирск, 2021 ж.);
- «Ыстық көл-2023: кітапхана және қоғамның демократизациясы» атты XXI халықаралық конференциясы (Қырғызстан Республикасы, Шолпан ата қ., 2023 ж.).
Телефон: 8(7212) 567655
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Умбединова Гаухар Нұрланқызы
1976 жылы туған. Білімі – кәсіби жоғары.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі - 24 жыл.
Еңбек жолын Қарағанды мәдениет училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген соң 1995 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан бастады.
2004 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.
1995-2011 жж. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиеттер бөлімінде, өлкетану бөлімінінде кітапханашы, жаңа технологиялар бөлімінің меңгерушісі, құжаттарды цифрлау лабораториясының оцифровка бойынша аға кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2011 жылы Қарағанды «Болашақ» университеті кітапханасының меңгерушісі, 2012-2018 жж. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы кітапхана басшысы қызметін атқарды.
2019 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы, ал 2020 жылы кітапхана басшысының орынбасары қызметыне тағайындалды.
Г.Н. Умбединова «Қарағанды облысының мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін» облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Телефон: 8(7212) 567655
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.