КОРНЕЕВ ИВАН ИЛЬИЧ
(1914-1979)

Корнеев Иван Ильич 1914 жылы Бұхар жырау ауданының Петровка ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Башқұрстанда тұрды. 1942 жылы қаңтарда Жамбыл облысының Шу ауданында майданға шақырылды. Гвардия сержанты. Соғыстағы ерлігі үшін 1943 жылы Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз 1 және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медалдармен марапатталған. 147-ші гвардиялық полктің гвардия сержанты И.И. Корнеевқа 1945 жылы Варшава-Берлин маңында болған ұрыстағы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1945 жылы 27 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Куйбышев облысының Жигулевск қаласында тұрды.

1979 жылы қайтыс болды.

 Әдебиеттер:

Корнеев Иван Ильич (1914-1979) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков  // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 88-89 б.

Корнеев Иван Ильич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 120 б.

Корнеев Иван Ильич // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 68-69 б.

Корнеев Иван Ильич // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 28 б.    

Корнеев Иван Ильич // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 405-406 б.