ЛЕБЕДЕВ СЕМЕН АНДРИАНОВИЧ
(1919)

Лебедев Семен Андрианович 1919 жылы Нұра ауданының Плаховка ауылында дүниеге келген. 1938 жылдан бастап әскер қатарында болған. 1938 жылы Качино әскери училищесін бітіріп, Қиыр Шығыста әскери ұшқыш болып қызмет етті. Әскери атағы полковник. 1943 жылы I дәрежелі Отан соғысы, жылы үш бірдей Қызыл Ту және Александр Невский ордендерімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдары әуе эскадрильясының командирі С.Лебедев 169 рет әуеге көтеріліп, 34 мәрте әуе шайқасына қатысып, жаудың 19 ұшағын құртты.

1942 жылы 23 ақпанда С.А.Лебедевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғысты Берлинде аяқтады, 200 рет әскери тапсырмаман әуеге көтеріліп және жаудың 22 ұшағын жер қаптырды. Соғыстан кейін полковник Лебедев әскери ғылыммен айналысып, Мәскеудегі Н.Е.Жуковский атындағы Әскери Әуе академиясында қызмет атқарды.

Мәскеу облысының Монино поселкесінде тұрады.

 Әдебиеттер:

Лебедев Семен Андрианович (1919) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков  //  Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 89 б.

Лебедев Семен Андрианович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 143-144 б.

Лебедев Семен Андрианович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 36 б.

Семен Андрианович Лебедев // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 76-77 б.

***

Мамыраев М. Ғажайып ерлік // Орталық Қазақстан. - 1975. - 8 май (№ 108). - 2 б.