Нұржанов Қазбек Бейсенұлы

1919-1945

Қазбек Бейсенұлы Нұржанов 1919 жылы Қарағанды (Жезқазған) облысы Ақтоғай ауылында туған. Әскерге 1939 жылы шақырылған. Шені - аға сержант. Қызыл Жұлдыз, III дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 5-ші атқыштар дивизиясы 61-ші истребитель дивизионының барлаушылар взводы командирі аға сержант Нұржанов Ұлы Отан соғысына 1942 жылы қатысты. Волга мен Орел түбінде соғысып, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Друть, Березин өзендерінен ұрыспен өтті. Ержүрек шабуылдаушы Қазбек жаяу әскерді өзімен ерте Волковскіге бірінші болып кірді.

Көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен К.Б.Нұржановқа 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әдебиеттер:

Нұржанов Қазбек Бейсенұлы // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 92-94 б.

Нұржанов Қазбек Бейсенұлы //Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 111-112 б.

Нұржанов Қазбек (1919-1944) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы, 2006.- 424-425 б.

Нұржанов Қазбек Бейсенұлы // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 181 б.

Нуржанов Казбек Бейсенович (1919-1945) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – С. 207.

Қашқынов Ж. Қазыбек Нұржанов. - Алматы: Жазушы, 1972. - 24 б.

Нұржанов Қазбек Бейсенұлы (1919-1945) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия.-Алматы, 1990.-428 б.

***

Жанғожин А. Қарағандылықтар Отан үшiн шайқаста // Орталық Қазақстан.- 2003.- 30 желтоқсан.-8 б.

Жарылғап М. Соғыс - елес, Қазыбек - тірі // Орталық Қазақстан. - 2005. - 23 маусым. - 8 б.

Жетiбаева Б. Қала төлқұжатындағы есiмдер Қазыбек Нұржанов // Сарыарқа.- Жезқазған 2004.-19 наурыз.-2 б.

Кеңесбаев Ж. Сұңқарым // Орталық Қазақстан. - 1965. - 8 май (№ 107). - 2 б.

Қарағанды батырлары // Орталық Қазақстан. - 1972. - 9 май (№ 108). - 2 б.