МАРИНЫЧ ИВАН ИВАНОВИЧ
1919

Мариныч Иван Иванович 1919 жылы Көкшетау облысының Райыс ауылында туған. Соғысқа дейін Қарағандыда тұрды, осы жерден әскерге 1943 жылы Ленин аудандық әскери комиссариатымен майданға шақырылды. Гвардия аға сержанты 1943 жылы ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, 1944 жылы I және II дәрежелі Даңқ ордендерімен І және II дәрежелі Отан соғыс ордендерімен марапатталды. 1945 жылы қаңтар айында Одер өзенінің жағалауындағы Бриг (Польша) қаласы іргесінде жауға үш тәулік бойы төтеп беріп, жаяу әскерлер ұрысына қолдау көрсетті.

Осы ерлігі үшін 1945 жылы 27 маусымда Иван Иванович Маринычқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Иван Иванович Мариныч Фрунзе қаласында тұрды, сол жердегі бір зауытта жұмыс жасады.

Әдебиеттер:

Мариныч Иван Иванович (1919) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 90 б.

Мариныч Иван Иванович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 83-84 б.

Мариныч Иван Иванович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 154-155 б.

Мариныч Иван Иванович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 44 б.

Мaрынич Иван Иванович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 77-78 б.

***

Қарағанды батырлары // Орталық Қазақстан. - 1972. - 9 май (№ 108). - 2 б