Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы кітапхана оқырмандарының сұранысын қамтамасыз ететін кітапхананың жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Филиалдың қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтардан, көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды. Филиалда оқу залы, балалар бөлімі және абонемент бөлімі қызмет атқарады.

Филиал мамандары айтулы күндерге, мерейтойларға арнап кітап көрмелері мен көпшілік іс-шаралар  ұйымдастырады. № 27, 57,15,16 т.б. мектеп кітапханашыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Жазғы демалыс уақытында, оқушылардың жазғы демалыс лагерінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Филиал басшысы : Батенова Вилдана Рымхановна

Тел. 8(7212)77-27-76

Бөлім тарихы

Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы кітапхананың жеке құрылымдылық бөлімшесі. Филиал 1997 жылы Оңтүстік - Шығыс оқырмандарына қызмет көрсету үшін ұйымдастырылған.Негізгі кітап қоры кеншілердің мәдениет сарайындағы кәсіподақтар кітапханасы жабылғаннан кейінгі әдебиеттерден тұрған.Филиалдың алғашқы меңгерушісі Клавдия Ивановна Мерзлякова болды.

Алғашқы күннен бастап кітапханашылардың алдына шағын аудандағы ересектер мен балаларға қызмет көрсету міндеті қойылды. Қазіргі кезде филиалдың оқу залында, балалар бөлімінде және абонементте жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді, көпшілік іс-шараларын ұйымдастырады, үйлестіру жоспарына сай ақпараттық сағаттар, әңгімелер және әдеби шолулар өткізеді. Мектеп кітапханаларымен серіктестік қарым-қатынаста.

Филиалдың кітап қоры 10280 мың дана, әр саланы қамтитын әдебиеттерден тұрады. Абонемент бөлімінде оқырмандардың еркін пайдалану үшін ашық қор жағдай жасалған. Ересек оқырмандар мен балалар көркем әдебиетті таңдап алады.

Жылдың әдеби - мерекелеріне кітап көрмелері тұрақты түрде жұмыс жасайды.Филиалдың оқырмандары әр түрлі сала қызметкерлері: мұғалімдер, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, экономистер, заңгерлер, кеншілер және т.б. Абонемент бөліміне жауапты Тусупова Татьяна Николаевна. Сонымен қатар балалар бөлімі де жұмыс істейді. Бұл бөлімге Ахмадиева Алмагүл Садуакасовна жауапты.

Қазіргі кезде филиал басшысы Батенова Вилдана Рымхановна.