КОЛБАСОВ НИКОЛАЙ ИЛЛАРИОНОВИЧ
(1911-1943)

Колбасов Николай Илларионович 1911 жылы туған. Гвардия кіші лейтенанты. 199-шы гвардия артиллериясы полкінің 1-ші взводының командирі. Жауынгерлік алғашқы қадамы Сталинград шайқасында басталды. Курск - Орлов ұрысында өзінің ерекше ержүректігін көрсетті. «Сталинградты қорғау үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1943 жылы 11-ші шілдеде Белгород қаласының маңында ерекше шайқас болды. Жаудың 150 танкі мен жаяу әскерлері, 228-ші гвардия атқыштар полкінің сол қанатына дүрсе қоя берді. 17 немістер танкілері Колбасов батареясына қарсы тіке шабуылға шықты. Колбасов осы ұрыста 4 танкті қиратты, жүзге жуық жаудың әскерлерін құртып, өз адамдарын қоршаған неміс танкілері мен автоматчиктерінен аман алып шықты.

Н.И.Колбасовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1944 жылы 22 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1943 жылы Украина үшін шайқаста қаза тапты. Полтава облысының Дробиновка селосында жерленді.

Әдебиеттер:

Колбасов Николай Илларионович (1911-1943) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 87 б.

Колбасов Николай Илларионович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 118-119 б.

Колбасов Николай Илларионович (1912-1943) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 297 б.

Колбасов Николай Илларионович // //Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 389-390 б.

Колбасов Николай Илларионович // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 61-62 б.  

***

Ерлігі - елге мұра, ұрпаққа - ұран! // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр. - 3-4 б.