КОЛОДИЙ ИВАН МИХАЙЛОВИЧ

(1912-1954)

Колодий Иван Михайлович 1912 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының Киевка ауылында туған. Армия қатарына Өзбекстаннан аттанды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

1943 жылы 15 қазанда радиотелеграфист Колодий бастаған жаяу әскерлер жау оғы нөсеріне төтеп беріп, Днепрдің арғы қабағына өтті. Жағаға жақындап қалғанда Колодий жараланып, арқасындағы рациясымен суға құлады. Колодий өзінің ауыр жарақатына қарамастан, басқа да командирлерге дұрыс жол сілтеп отырды.

Осы көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор И.М.Колодийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 30 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1954 жылы қайтыс болды. Батырдың радиостанциясы мен автоматы Мәскеуде Қарулы Күштерінің орталық музейінде сақталған.

Әдебиеттер:

Колодий Иван Михайлович (1912-1954) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – С. 203.

Колодий Иван Михайлович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 120 б.

Колодий Иван Михайлович // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 65-66 б.

Колодий Иван Михайлович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 23-24 б.

Колодий Иван Михайлович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 395-396 б.