Хоружая Вера Захаровна

(1903-1942)

Хоружая Вера Захаровна 1903 жылы 27 қыркүйекте Белоруссияда туған. 1924-1932 жылдары аралығында Батыс Белоруссияда комсомол жастар ұйымының хатшысы болып жұмыс жасады, сонымен қатар Польша КЖО Орталық комитетінің мүшесі. 1935 жылы Вера Балқаш қаласына құрылысшы болып жұмысқа келді. 1941 жылы Витебщинадағы жасырын партия ұйымының құрамында болды. 1942 жылы Витебск қаласында немістер ұстап алып атып тастады. В.З.Хоружаяға КСРО Жоғаргы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1960 жылы 17 мамырда Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Балхаш қаласының бір көшесі батыр қыздың есімімен аталады. Кеңес Одағының батыры Вера Захаровна Хоружаяның құрметіне Балқаш қаласындағы «Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің территориясында 1968 жылы ескерткіш орнатылған. (Авторы - суретші Вера Маркина). Бронзалық тақтада: «Кеңес Одағының Батыры Вера Захаровна Хоружаяға алғыс білдіруші ұрпақтарынан» деп безендірілген.

Әдебиеттер:

Хоружая Вера Захаровна // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 132-133 б.

Хоружая Вера Захаровна (1903-1942) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 96 б.

Хоружая Вера Захаровна // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 252 б