"Книги" ЭК құруда және кітапхана қорын барлық білім саласы бойынша баспасөз басылымдарымен және де басқа да ақпарат көздерін таратушы құралдармен толықтыруда ұйымдастырушылық, үйлестіруші және әдістемелік орталық ролін атқарады. Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК "Кітап қорын толықтыру бағдарламасын" негізге ала отырып толықтыруды жүзеге асырады.
Негізгі міндеті – толықтырудың стратегиялық бағытын ескере отырып, толықтырудың көздерін анықтап, кітапхана қорын мерзімдік басылымдармен және ДБ-ын электронды таратушы құралдармен (DVD, CD-ROM) сапалы толықтырып ЭК кітаптар қорын құру.
Бөлім облыс кітапханаларына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.
1949 жылы құрылған.
Бөлім басшысы: Светлана Ивановна Головко
Телефон: 7 (7212) 56 - 88 - 67
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бөлiм тарихы
Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009
Кітапхананың ең алғашқы бөлімдерінің бірі болған - бөлімі 1949 жылы желтоқсан айында ұйымдастырылған. Бұл бұрынғы өңдеу және қорды толықтыру бөлімдерін қайта қарау нәтижесінде құрылған.
Бөлімнің алғашқы меңгерушісі болып 1941 ж. 2-ші қаңтардағы бұйрықпен Б.И.Шлегель тағайындалды. 1950 ж. 17 сәуірде Т.И.Кечекмадзе, ал 1951 ж. тәжірибелі кітапханашы Н.М.Палилова бөлім меңгерушісі болды. 1954 ж. бөлім меңгерушілігіне келген Л.С.Будовская осы лауазымда 1981 ж. дейін істеді.
Сауатты топтастырылып жүйелі толықтырылған кітап қоры кез-келген кітапхана жұмысының негізін қалайды. №1 қалалық кітапхананың қоры орталықтандырылған түрде Мәскеу және Ленинградтан толықтырылды және негізінен марксизм-ленинизм, қоғамдық саяси және көркем әдебиеттер классиктерінің еңбектерімен.
Бір жыл өткенде қор 12 мың кітап-журналдарды құрады. Олардың ішінде әлемдік әдебиеттер классиктері Шекспир, Шиллер, Пушкин, Гейне, Диккенс, Толстойлардың еңбектері болды. Жаратылыстану және тарих туралы кітаптар да аз болған жоқ. Жас қаланың тұрғындары әсіресе энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалар, газет-журналдарға сұраныстар жасады. Жас қала – шахтерлер қаласының мұқтажын ескеріп орталықтан тау-кен өндірісі туралы, Донбас шахтерлерінің озық тәжірибелері туралы кітаптармен посылкалар жіберіліп тұрды. Соғыстың алдындағы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғылыми және көркем шығармашылық интеллигенттер өкілдерінің жеке кітапханаларының есебінен толықтырылды. Кітапханада есеп-қисап жұмыстарының алғашқы жылдары жүйесіз жүргізілгенін атап өткен жөн. Бұл жұмысты сол кезде кітапхана меңгерушісі болған А.Жанұзақов өзінің 1942 ж. қаңтар айындағы бұйрығымен жүйеге келтіруді бастайды, яғни инвентар кітаптарын, жұмыс күнделіктерін т.б. кітапханалық техникалардың өңдеу бөлімінде болуын анықтайды. Өңдеу бөлімінің меңгерушісі Гаврилова қорды толықтыруға, жаңадан түскен құжаттар мен мерзімді басылымдардың есебін жүргізуге, және кітапхананың бөлімдеріне кітаптарды бөлуге жауапты болды. Өкінішке орай сол кезеңдегі инвентарь кітаптары сақталмағандықтан түскен кітаптардың тақырыптық бағыттарын анықтау мүмкіндігі тек 1950 жылдан басталды. Мысалы: 1950 жылы сәуір айында тіркелген 170 кітаптың тек 12 данасы ғана қазақ тілінде болған. Кітапхананың 1938 жылғы есебі бойынша 1939 ж. 1-ші қаңтарына кітап қоры 15000 дана болса, оның 4023 данасы қазақ тілінде болған, яғни 30-шы жылдары қорды қазақ тіліндегі кітаптармен толықтыруға әлдеқайда көп көңіл бөлінген. Тәрізі, мұндай жағдай Қарағанды шахтасын салуға ауылды жерден орыс тілін жетік білмейтін жұмысшылардың көптеп келуімен байланысты болса керек.
Сонымен қатар 1938 жылы 6594 дана кітап сатып алынса, 7027 дана есептен шығарылған, оның ішінде 3809 данасы ескіргендіктен, 2822 данасын оқырмандар қайтармаған. Мұндай көрсеткіштердің болу себебі, тәрізі кітап қоры басқа кітапханалардың қорындағы артық даналармен толықтырылған, яғни олар сөзсіз жаңа кітаптар болмаған. Ал оқырмандардан қайтарылмаған кітаптар туралы да түсіндіруге болады. Қарағанды құрылысы қарқынды дамыды, оған жаңадан инженерлер мен жұмысшы кадрлар, мұғалімдер мен дәрігерлер, т.б. келушілер көп болды. Бірақ олардың көпшілігі тұрақтамай көші-қон басталды, осындай жағдайда кітапхананың кітаптары әрине қайтарылмаған.
Соғыс жылдарында қорды толықтыру іс жүзінде жүргізілмеді, тек патриоттық мазмұндағы кітаптар ғана түсті. Соған қарамастан 1946 жылдың қорытындысында кітап қоры 36689 дананы құрады. Соғыстан кейінгі жылдары кітап қоры қарқынды өсті, 1952 жылдың аяғында кітапхана қоры 110233 дананы құрады. Егер 1946 жылы 2334 дана кітап алынған болса, 1959 жылы 10315 данаға жетіпті.
Кітап қорын толықтыру және қосымша толықтыру жұмыстарын дамыту мақсатында 1949 жылы қорды толықтыру бөлімі ашылды, оның алғашқы меңгерушісі болып Т.И.Кечекмадзе тағайындалды. Қорды толықтыру бөлімі В.И.Ленин атындағы КСРО Мемлекеттік кітапханасының, Салтыко-Шедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының айырбастау қорларымен тиімді байланыс жасауы нәтижесінде кітап қорын толықтырудың жолға қойды. Осы жылдары кітапхана Гранат, Брокгауз және Эфрон энциклопедияларын, XIX ғасырда басылып шыққан орыс әдебиеті классиктерінің шығармалар жинағын, топтамалар негізін құрайтын сирек және құнды кітаптармен толықтырылды. Бұдан кейін өңдеу және толықтыру бөлімдері қайта біріктірілді.
60-шы жылдардың ортасында жаңадан түсетін әдебиеттер көлемінің көптігіне байланысты әдебиеттерді өңдеу жұмыстарын ширату мақсатында бөлім жұмысына шектеу қойылды. Сөйтіп өңдеу бөлімін Л.С.Будовская басқарды.
1997 жылы өңдеу және қорды толықтыру бөлімдері қайтадан біріктірілді.
Кітапхананың кітап қоры қашанда облыстың экономикалық бағытына байланысты және оқырмандардың негізгі топтарына және олардың сұраныстарына орай толықтырылып тұрды. 50-70 жылдары қорды толықтырудың негізгі көздері облыстық бибколлектор, кітап дүкендері, «кітап поштасы» жүйесі, «кітап саудасы бюллетені» болуы және жазылу арқылы жүргізілді. Қорды толықтыруда одақ көлемінде кітап алмастыру жұмыстарының көмегі көп болды. Бұл жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында кітапхана 1971 жылы резервті алмастыру секторын ұйымдастырды. Қорды тиімді ұйымдастыру туралы өткізілген «Республика кітапханаларының кітап қорларын толықтыру және пайдалану» республикалық семинардың материалдары мен ұсыныстары үлкен көмек болды (Петропавл қ. 1969 ж.). Семинар ұсыныстарына сәйкес облыстық бибколлектор жанынан қорды толықтыру туралы Кеңес ұйымдастырылды. Кітап қорын толықтыру, мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстары үйлестіріле жүргізілетін болды. Республикалық және орталық баспалар мен кітапсаудасы бюллетендеріне міндетті түрде тақырыптық жоспарлар жасау жұмысы жанданды. Кітапхана қорын басқару, басқа кітапханаларға беретін кітаптарды іріктеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастады. Қорды толықтыруға көмек ретінде ағымдағы толықтыру, қосымша толықтыру, экономикалық бағытта толықтыру картотекаларын қамтитын анықтамалық аппарат ұйымдастырылды. Қорды толықтыру бөлімі қорды толықтыру саясатының келешегін анықтайтын тақырыптық-типологиялық жоспар құруда үлкен жұмыс тындырды.
80-ші жылдардың орта тұсында қорды толықтыру және өңдеу бөлімі қорды және каталогтарды жаңа кітапханалық-библиографиялық жіктеу (КБЖ) кестесіне (ББК таблицасы) көшіру жұмысын бастады. Ғылыми-әдістемелік кеңесте талқылап қор мен каталогтардың белгілі бөлігін бұрынғыдай сақтап әмбебап-ондық жіктеу – ӘОЖ (УДК) мен КБЖ (ББК) қатарынан жүргізуге шешім қабылданды. Кейіннен әдістемелік орталықтың нұсқауларына қайшы келгеніне қарамастан уақыт осы шешімнің дұрыстығын көрсетті.
80-ші жылдары кітапхана орталықтағы (Мәскеу) ғылыми кітапханалар коллекторынан ақылы міндетті кітап даналарымен толықтырыла бастады. Осы жылдары кітапханаға Орталық коллектордан ғылыми және танымдық құндылықтағы басылымдар келді. Бұл кітаптар Киевте, Новосибирде, Томск, Ташкентте, Кеңес Одағының ірі ғылыми орталықтарында басылып шыққан. Сонымен қатар бүкілодақтық «Кітапханалық топтама» (1988) шығару және тарату туралы Ережеге сәйкес үлкен сұраныстағы кітаптар келіп түсе бастады, бұл жағдай оқырмандардың қызығушылығын тудырып олардың қатарын арттырды. Бұл жылдары кітапхана әр жыл сайын 17 мыңға дейін жаңа басылымдар алып тұрды.
90-шы жылдардың басына қарай кітапхана қорын толықтыру жұмысы қиындады. Республикалық басылымдармен кітапхана қорын толықтыру жоспары орындалмады. Орталық басылымдарға берген тақырыптық сұраныстар қанағаттандырғысыз болды. Орталықтан кітаппен қамтамасыз ету жүйесі бұзылды, республикалық баспа орындарының орнына жеке меншік кітап баушылар келді, олар бұрынғы қалыптасқан жүйені сақтай алмады. Нарық өз дегенін жасатты. 90-шы жылдардың ортасында бюджеттен қаржы бөлу азайды. Осы жылдары қорды толықтыру көздері азайды. 90-шы жылдардың соңында «Пушкин кітапханасы» және Сорос-Қазақстан Қоры жобасы біраз қолдау көрсетті, 1999 жылдың қорытындысы бойынша Сорос-Қазақстан Қорынан 133 кітап және 11 компакт-диск тегін келіп түсті.
Елдегі экономикалық өзгерістерге орай облыстық кітапхананың қорын толықтыру жұмысы да жандана бастады. 2000 жылы қорды толықтыруды қаржыландыру үшін 1999 жылмен салыстырғанда үш есе көп қаржы бөлінді. Кітапхана әдебиеттерді мемлекеттік тапсырыс бойынша ала бастады, әсіресе «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан басылымдар келе бастады. Бөлімнің алдында мынандай міндеттер қойылды:
Кітапхана қорын толықтыру моделін жасау барысында кітапхананың мақсаты мен міндетін және қазіргі кітап нарығының даму ерекшелігін ескеру;Қазақ тіліндегі әдебиеттермен қорды толықтыруға баса назар аудару;өлкетану топтамаларын құрғанда кітапхананың өлкетану депозитарийлық роліне сай жүргізу;мерзімді басылымдар қорын облыстық ғылыми кітапхана статусына сай және оқырмандар сұранысының негізінде құру;шет тілдеріндегі кітаптар топтамасын Әлем Корпусы, Қазақстандағы АҚШ Елшілігі, Қазақстандағы Канада Елшілігімен ынтымақтастық негізінде құру;«кітап» электронды каталогын құру туралы жұмысты ұйымдастырып, үйлестіре жүргізу;Қорды штрихтау жұмысын үйлестіру.
Кітапхана қорын толықтырудың 2004-2007 жылдарға бағдарламасында жаңадан түскен әдебиеттердің қазақ тіліндегі көлемін 40% жеткізу және кітапхана қорының қазақ тіліндегі жалпы көлемін 10% жеткізу көрсетілген. 2007 жылы бөлім кітапхана қорын толықтырудың 2007-2009 жылдарға Стратегиясын жасады.
Қазіргі уақытта қорды толықтырудың негізгі көзі облыстық бюджет, мемлекеттік сұраныс, авторефераттар, сыйға тарту еткен кітаптар.
Қорды толықтырумен қатар бөлім байырғы және электронды каталогтар жүйесін құру барысында үлкен технологиялық және әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Электронды каталог құру жұмысын бөлім 1999 жылы бастады. Бөлім қызметкерлері электронды каталогқа енгізу технологиясына жан-жақты әзірленіп технологиялық нұсқау әзірледі. Бөлім электронды каталогты ұйымдастыруға жауапты басқа бөлімдерге үлкен әдістемелік көмектер көрсетті. Қазіргі уақытта бөлім жаңа АБИС «ИРБИС-тің» «Каталогтау» және «Қорды толықтыру» модульдерін енгізу жұмысымен шұғылданады.
Кітап қорын толықтыру жәңе оңдеу бөлімінде қашанда өз ісінің шеберлері кәсіби мамандар жұмыс істеді, қазірде солай. Кітапханадағы каталогтар жүйесін жетілдіруде және ИРБИСті еңгізуде каталогтау секторының меңгерушісі Эльвина Васильевна Баясова үлкен еңбек жасады. Оның еңбегінің нәтижесінде кітапхана каталогтары әрқашанда оқырмандар талаптарына сай болдды: сұраныстарды жедел және сапалы орындады. Каталогтар жұмысын ұйымдастыруда, кітаптарды жүйелеудегі Эльвина Васильевнаның еңбегін кітапхана ұжымы сөзсіз мойындайды.
Добровольская Валентина Анатольевна бөлімде 1992 жылдан істейді. Осы жыл кітапханадағы таңдаулы мамамандардың санатына қосылды. Өз жұмысына жауапкершілік пен қарайтын, ұқыпты қызметкер, әсіресе 1997 жылы кітапхана ұйымдастырған фандрайзинг науқаны кезінде ерекше белсенділік танытты.
Бөлім меңгерушілері болып әр жылдары С.В.Малая, И.С.Швецова, А.И.Марьенкова, К.И.Мерзлякова (өңдеу бөлімі) Е.А.Сыса істеді. 2007 жылдан бастап бөлімді Светлана Ивановна Головко басқарады. Ол жоғарғы арнаулы білімді, бұған дейін Саран ОКЖ-нің директоры болып істеген. Қорды толықтыру және оңдеу бөлімінің меңгерушісі ретінде ол облыстық кітапхананың қорын толықтыру саясатымен және кітапхана каталогтарының жағдайы, оны ұйымдастыру жұмысына көп көңіл бөледі.
Головко С.И. ақапараттық-библиографиялық бөліммен, мерзімді басылымдар секторы және өлкетану бөлімдерімен бірлесіп «Каталогтау» ИРБИС «АЖО-на деректік түзетулер еңгізу туралы» «Кітапханалық қордың есебі», «Н.В. Гоголь атындағы кітапханасының 2008-2010 ж.ж. қорын толықтыру саясаты» туралы технологиялық нұсқаулар әзірледі.