Қайсарлық пен қаһармандық,

Отанға деген сүйіспеншілік

аса қатыгез сұрапыл соғыста

жеңіске жол ашты.

Н.Ә.Назарбаев

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толады. Бұл сұрапыл соғыстың шежіресі мыңдаған әкелер  мен аналардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып  отанын қорғады.  "Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар" - деген ұлы сөзді мақсат ете отырып, ата-бабаларымыздың рухына тағзым  ретінде, жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз.

Қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды. Тарих бетінде өздерінің ерліктерімен аттарын алтын әріппен жазып қалдырды. 487 қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алса, оның ішінде 34-і қарағандылық қаһармандар.

Осыған орай, Қарағанды топырағын басқан, Сарыарқа самалын жұтқан Кеңес Одағының отыз төрт Батыры туралы мәліметтерге қол жеткізетін  "Қарағандылық Кеңес Одағының Батырлары" атты корпоративтік жобаны назарларыңызға ұсынамыз.

Толығырақ...