Мороз Арсентий Игнатович

(1914-1962)

Мороз Арсентий Игнатович 1914 жылы туған. Соғысқа дейін Свердлов совхозында еңбек етті. Әскер қатарына 1941 жылы Қарағанды қалалық әскери комиссариатымен шақырылды. Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін 1943 жылы 26- шы қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Арсентий Игнатович Морозға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.

Арсентий Мороз 1962 жылы мамырдың 29-да Донецк қаласында қайтыс болды.

 

Әдебиеттер:

Мороз Арсентий Игнатович (1914-1962) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 91 б.

Мороз Арсентий Игнатович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 171 б.

Мороз Арсентий Игнатович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 79-80 б.

Мороз Арсентий Игнатьевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 89-90 б.

Мороз Арсентий Игнатьевич // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 47-48 б.

***

Қарағанды қырандары // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 3 б