«Birge söileiık» қазақ тілі клубы - Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2022 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Бірге сөйлейік» сөйлесу клубы бүгінде мемлекеттік тілді үйренушілердің қазақ тілінде қарым-қатынас жасайтын сүйікті орны.

«Birge söileiık» клубы жыл бойы аптасына бір рет, әр бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00-ге дейін отырыс өткізеді. Қатысушылардың жас ерекшелігі ескерілмейді. Олар кез келген жастағы жоғары білімді әр түрлі сала мамандары мен зейнеткерлер де бола алады.

Клубтың мақсаты: Қазақ тілінде әңгімелесу арқылы  мемлекеттік тілді дамытуға әсер ету, қазіргі қоғамда қазақ тілінде сөйлеуді дамыту. Қала тұрғындары мен кітапхананы пайдаланушылар үшін қазақ халқының рухани мұрасын мемлекеттік тіл арқылы ашуға игі жағдай туғызу.

Міндеттері:

  • Клуб отырыстарын әртүрлі қызықты шаралар арқылы өткізе отырып, клуб мүшелерінің қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру
  • Қазақ тілінде әңгіме жүргізе отырып, қатысушылардың қазақ тіліндегі сөз байлығын толықтыру
  • Қатысушылардың  әңгімелесу барысында сөздік қорларын  пайдалана отырып қарым – қатынас жасай білуіне ықпал жасау
  • Әркімнің өз ой – сезімін қазақ тілінде жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу
  • Ауызекі сөйлеуді дамыта отырып, қазақ тілін, тарихын, мәдениетін білуге ынталандыру, елімізге деген сүйіспеншілікті ояту

Клуб жұмысы жаз айларында (маусым, шілде, тамыз) тоқтайды, яғни, жазғы демалысқа кетеді.

 

«Birge söileiık» сөйлесу клубының 2024 жылға арналған жоспары:

Тақырыбы

Өту формасы

Мерзімі

1.

«Жаңа жыл мерекесін кім қалай қарсы алды?»

Әңгіме

 

4-қаңтар

 

2.

«Кітап – білім бұлағы»

 

Өлкетану бөлімінің жаңа кітаптары

Ақпараттық сағат

11-қаңтар

3.

«Елімнің тарихы – жерімнің тарихы»

 

Тарихи - өлкетанулық викторина

Сұхбат

18-қаңтар

 

4

«Көзбен көріп, оймен түй»

(оқығанды бекіту)

Дөңгелек үстел

 

25-қаңтар

 

5.

«Мақал – сөздің мәйегі»

Мазмұндау пікірталас

1-ақпан

6.

«Ертегілер елінде»

мәнерлеп оқу

8-ақпан

7.

«Өзге тілдің бәрін біл»

Сайыс-сабақ

15- ақпан

8.

«Өлкетану – өз тарихым»

Өлке тарихында ізі бар есімдер

Шығармашылық жұмыс

сұхбат

22-ақпан

9.

«Көзбен көріп, оймен түй»

(оқығанды бекіту)

Ақпараттық – анықтамалық сабақ

29 ақпан

 

10.

«Арулар - асыл жандар»

Халықаралық әйелдер күні

қыздар сайысы

 

7-наурыз

 

11.

«Наурыз-думан»

22-наурыз  - ұлыстың ұлы күні

мерекелік дастархан

басында

14-наурыз

 

12.

«Наурыз – рух мейрамы»

мереке тарихы

Әңгіме

Шығармашылық жұмыс

28-наурыз

 

 

«Күлкі –көңілдің ажары»

1-сәуір – күлкі күні

әзіл – сықақ айтайық

 

4-сәуір

 

13.

«Көзбен көріп, оймен түй»

(оқығанды бекіту)

Ақпараттық – анықтамалық сабақ

11-сәуір

 

14.

«Тіл – қазына, сөз маржан»

әдеби ойын

18- сәуір

15.

«Тарих беттерінен»

өлке тарихының ақтаңдақ беттерінен

Ойтолғақ

25-сәуір

 

16.

«Достықтың киелі бесігі»

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Интеллектуалды ойын

 

2-мамыр

 

17.

«Ұрпағы мықты болса- ел қуатты»

7,9 мамыр мерекелеріне арналған сабақ

тарих сабағы

 

16-мамыр

 

18.

«Өлкетану –өлкені тану»

Шолу сұхбат

23-мамыр

19.

«Балалықтың бал дәмі»

1 маусым – балаларды қорғау күні

Әңгіме, ойын

 

31-мамыр

20.

«Тіл -тірегі, тіл - жүрегі халқымның»

5-қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні

Сұрақ-жауап ойыны

Мәнерлеп оқу

5-қыркүйек

 

21.

«Менің туған өлкем»

өлкетанулық сағат

Эссе мазмұндау

12-қыркүйек

22.

«Әдептен озбайық»

Шығармашылық

жұмыс

19-қыркүйек

 

23.

 

«Өлке тарихының айнасы»

«Қарағанды» романы, автор шығармашылығы

кітап беттерінен

талдау

26-қыркүйек

 

24.

«Тал бесігім –табиғат»

Диктант талдау

3-қазан

25.

«Ізгілік иірімдері»

Әңгіме, ойын

10-қазан

26.

«Мамандығым – мақтанышым!»

Пікірталас

17-қазан

27.

«Елдіктің туын көтерген, ерекше осы мерекең!»

25-қазан –Республика күні

Тарихи сабақ

24-қараша

 

28.

«Көзбен көріп, оймен түй»

(оқығанды бекіту)

Ақпараттық сабақ

31-қараша

29.

«Өлке жәдігері – өркениет өлшемі»

Сұрақ-жауап ойыны

әңгімелеу

7-қараша

30.

«Ұлағатты ұлттық ұғымдар»

Интеллектуалды ойын

мазмұндау

14-қараша

31.

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Поэтикалық салон

21-қараша

32.

«Туған өлке тынысы»

Шығармашылық жұмыс

Әдеби ойын

28-қараша

33.

«Мерекелер мерейлі»

Әңгіме. Диктант

5-желтоқсан

34.

«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!»

Дөңгелек үстел

12-желтоқсан

35.

«Салт-дәстүр – саф мұра»

Сайыс-сабақ

19-желтоқсан

36.

«Оқиық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқиық»

(оқығанды бекіту)

Ақпараттық сабақ

26-желтоқсан

 

 

Қазақ тілін үйренуге ықылас білдіруші әр оқырманға есігіміз ашық! Біз сіздерді міндетті түрде «Бірге сөйлейік» сөйлесу клубында күтеміз!

 

 «Birge söileiık» сөйлесу  клубының жетекшісі: Майданбекова А.Д.

Байланыс телефоны: 87783263478


 

24 қаңтар

«Көзбен көріп – оймен түй»

Аталған сабақта қатысушылармен дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткен сабақтарды қайталадық.  Бірақ, алдымен, үй тапсырмасы тексерілді. Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындалып келгені байқалды. Маған үй тапсырмасы қатты ұнаған Ксения Антененко еді. Ол Қарағанды қаласының тарихы туралы, ешқандай ғаламтор желісінің көмегіне жүгінбей, өз күшімен жазған екен. «1833 жылы Аппақ Байжанов деген кісі, Қарағанды жерінен бірінші тас көмірді тапты. Содан кейін осы жерге геолог-экспедициялары жіберілген. Көптеген тас көмірлер ашты, бұны шығару үшін шахталар ашылған»,-деді өз сөзінде Ксения Антенонко. Сабақ соңында сергіту сәтін ұйымдастырып, қатысушылармен кішігірім ойын ойнадық. Ойынның аты «Кім жылдам» деп аталады. Кішкентай карточкаларда көрсетілген сұрақтарды өз ішінде қазақша аударып, үш сөзді жауап ретінде әр қатысушы айтады. Ал сол жауап арқылы басқа қатысушылар қандай сұрақ қойылғанын табуға тырысу керек. Ойын өте қызықты өтті.


 

18-қаңтар

«Елімнің тарихы – жерімнің тарихы»

18-қаңтар күні сабақ әдеттегідей әңгіме мен сұхбаттасудан басталды. Үй тапсырмасы тексеріліп, қатысушылар бүгінгі күннің қалай өткенінен сөз етті. Сонымен қатар, «Елімнің тарихы – жерімнің тарихы» атты тарихи-өлкетанулық викторина өтті. Аталған викторина өлке тарихына байланысты дайындалған қызықты әрі танымды сұрақтардан құралды. Қатысушылар сұрақтарға белсене жауап беріп, сабақ соңында бүгінгі дәрістен алған әсерлерін қағаз бетіне түсірді. Үй тапсырмасына «Менің туған өлкем» тақырыбында шағын мәтін құрастыруға берілді.


 

11-қаңтар

«Кітап – білім бұлағы»

Мемлекеттік тілді үйренушілер отырысқа келгенде, ең алдымен ауа- райы жайлы, содан кейін күнделікті теледидардан естіген, көрген жаңалықтарды айту, бір-бірімен  пікір алмастыру  әрқашанда отырыстың бастамасы. Қатысушылар аталған сабақта үй тапсырмасында сөз қорларына қосылған жаңа сөздерді қатыстырып белгілі бір тақырып  аясында әңгімелер жазып, ертегілер құрастырып, бір-бірімен сұхбат жүргізді. Сабақ барысында біз, тақырыпқа байланысты өлкетану бөлімінің еңбектерімен таныстық. Клуб қатысушылары жаңа кітаптармен танысып, өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Мәселен, Вера Владимировна «Ұлы даланың ұлы есімдері» туралы («Великие имена, великой степи») материалдар жинағымен танысып, қатты ұнады. Қазақтың ақын-жазушылары туралы көп ақпарат алдым.»,- деп өз әсерімен бөлісті.