Өлкетану жұмыстарының түрлі салаларын үйлестіре жүргізетін бірден-бір орын кітапхана. Осыған орай, Қарағанды қаласының және Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдық мерейтойы аясында 2024 жылдың 30 сәуір күні кітапханада жаңа «Ой орда» пікірлесу клубы ашылды.
Клубқа өлкетану білімінің деңгейін арттыруды қалайтын, өз өлкесінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық білдіретін ЖОО, колледж студенттері, мектептің жоғары сынып оқушылары мен 35 жасқа дейінгі жастар клубтың мүшесі бола алады. Яғни, жастардың өз бетімен ізденуіне, білім алу және жалпы шығармашылық белсенділігін арттыруға көзделген клуб.
Мақсаты: Туған өлке туралы білімді терең меңгерту, дамыту. Заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Тарихи материалдарды игеру барысында танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру.
Клубтың жұмысын ұйымдастыру:
- Клубтың жұмысы қолжетімділік және еріктілік қағидаларына негізделеді;
- Клуб заңды тұлға болып саналмайды;
- Клубтың бар қызметі оқудан, жұмыстан бос уақытта жүзеге асырылады;
- Клубта кездесу екі айда бір рет өткізіледі Айдың соңғы аптасы (маусым, шілде, тамыз айларында кездесулер өткізілмейді);
"Ой-орда" пікірлесу клубының мүшелері
Алғашқы отырыс белгілі ақын, филолог ғалым, Елін сүйген ерлер партиясының негізін қалаушысы Бүркіт Ысқақтың 100 жылдығына арналды.