Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК Облыс кітапханаларын дамыту бөлімі облыс тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық, әдістемелік қызметті жүзеге асырады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • облыстың кітапханалық саясатын қалыптастыру;
  • аймақтағы кітапхана ісі жағдайының және дамуының аналитикалық және статистикалық мониторингі;
  • өлкетану дамуының бірыңғай стратегиясы мен өлкетану ресурстарының бірігуін облыстың бірыңғай желісіне қалыптастыру;
  • ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік саясатын қалыптастыру;
  • стратегиялық маркетингті дамыту – пайдаланушылар қызығушылығын зерттеу, ресурстар;
  • желідегі жұмыс стратегияларын, виртуалды сервистерді, интернет-ресурстарды, Web 2.0. және т.б. дамыту;
  • электронды каталогқа, электронды құжаттарға қол жеткізуді енгізетін сапалы контентті кітапханалық веб-сайттарды, виртуалды анықтамалық қызметті ұйымдастыруды дамыту;
  • облыстың орталық қалалық және аудандық кітапханаларының бірыңғай компьютер желісін құруға ықпал ететін деректердің бірыңғай форматын қолданудағы негізгі кітапханалық процестерді кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ететін бірыңғай біріктірілген ақпараттық жүйені құру;
  • «Облыс кітапханалары» веб-порталын құру;
  • облыстың кітапхана қызметкерлерінің ақпараттық мәдениетін, олардың жаңа кәсіби ойлауын арттыру және ақпараттық кеңістікті құру;
  • ауылдық, үлгілі кітапхананың жергілікті қауымдастықты жедел ақпараттандырудың жалпықолжетімді дереккөзіндей бағдарын бекіту
  • облыс кітапханаларының іс-қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша кеңестік және тәжірибелік әдістемелік көмек көрсету
  • қызықты жұмыс тәжірибесін анықтау, талдап қорыту және тарату;
  • кітапханалармен ынтымақтастық;

Ақпараттық ресурстарды құрастырады:

  • кітапхана ісі бойынша қор;
  • «Периодика» ЭК ДБ – кәсіби мерзімді басылымдардың библиографиялық жазбалары;
  • «Қарағанды облысының мемлекеттік кітапханаларының кадрлары» ДБ;
  • облыс кітапханаларының қызметі туралы статистикалық деректер базасы

Нұсқаулық-әдістемелік материалдарды дайындайды:

Нұсқаулар: лауазымдық, қор есебі бойынша, антивирустық қорғау ұйымдары және т.б.; Жағдайлар: ОКЖ, біліктілік арттыру, құрылымдық бөлімшелер, кадрлық резерв, қор туралы және есеп тәртібі мен бағдарламалық жасақтаманы тарату туралы, антивирустық қорғау жүйесі туралы және т.б.

Әдістемелік мониторингке - облыстың кітапхана ісіндегі өзгерістерді қадағалау жүйесіне назар аударады.

Әдістемелік ұсыныстар дайындайды: оқу бағдарламасын құрастыру бойынша, құқықтық ақпарат орталығын, оқу орталығын, модельді кітапханаларды, сайттарды, Microsoft Office Publisher-2007 бағдарламасында CD-ROM, МS PowerPoint тұсаукесерлер, МS Excell электронды кестелер құру, электронды үкіметті танымал ету бойынша және т.б.

Бағдарламалар мен жобалар дайындайды: жаңа технологияларды енгізу, үлгілі ауылдық кітапханаларды құру, оқуды дамыту, мемлекеттік тілді оқыту, құжаттарды цифрлау, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша және т.б.

Зерттеу жұмыстарын жүргізеді: қоғамдық-әлеуметтік әдебиеттерді зерттеу бойынша, облыс кітапханаларының тарихы туралы материалдарды жинақтау бойынша; кадрларды басқару және т.б.

Облыстық байқауларды ұйымдастырады және өткізеді: оқуды қолдау, жобалық қызметі дамыту, қазақ тілін меңгеру, Интернетте ақпарат іздеу, ауыл энциклопедиясын құру, үлгілі кітапханаларды құру, сайт құрастыру және т.б.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады: кәсіби оқу мектебі, Жазғы Интернет-Университет, облыстық конференциялар, семинарлар, тренингтер, семинар-практикумдер, көшпелі семинарлар, форумдар, фестивальдер, акциялар және т.б.

Түрлі тақырыптар бойынша әдістемелік құралдар мен жинақтар дайындайды.

Бөлім басшысы: Карашова Айгуль Каупеновна

Телефон: 7 (7212) 56 - 77 - 55
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

Ғылыми-әдістемелік жұмыс әр қашанда облыстық кітапхананың негізгі міндеті. Кітапхана ұйымдастырылған алғашқы жылдардың өзінде-ақ ауылдық және шахтерлер кітапханаларының қызметкерлері үшін мамандықты жетілдіру курсы ұйымдастырылды. Соғыстың алдындағы жылдары облыстық кітапхананың қызметкерлері аудандарға іс-сапарға шығып практикалық және шефтік көмектер көрсетті. Кітапхананың штатында әдістемелік кабинет 30-шы жылдардан бері бар. Одан кейінгі жылдары әдістемелік кабинет облыстағы кітапханалар жүйесінің жағдайын зерттеп уақыт талабына сай көпшілікке кітапханалық қызмет көрсету мәселелеріне көңіл бөлді, үйлестіру жұмыстарын атқарып көпшілік кітапханаларға көмек ретінде әдістемелік құралдар жасады.

1951 жылдан бастап кітапхана штатына әдістемелік кабинеттің меңгерушісі енгізілді, ол 1958 жылдан жеке әдістемелік бөлім болды, ал кейіннен ғылыми-әдістемелік бөлім болып қайта құрылды.

Осы уақыттан бастап облыстық кітапхана облыстағы кітапханалық жұмыстардың орталығына айналды: семинарлар өткізу, барлық ведомстволардағы кітапхана қызметкерлері үшін конференциялар өткізіп, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларға көмек ретінде әдістемеліктер шығара бастады. Каталогтар мен картотекалар ұйымдастыру,ұсыныстық тізімдер жасау жұмыстарына іс жүзінде көмек көрсету үшін кітапхана қызметкерлері Шет, Ворошилов, Жаңа-Арқа, Осакаров, Тельман аудандарына және Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалаларына іс-сапарларға шықты.

Алғашқы жылдан бастап әдістемелік бөлім өзінің жұмыс бағыты мен түрлерімен қалыптарын анықтап алды:

  • Мемлекеттік кітапханалар жүйесін жетілдіру
  • Кітапханашы кадрлардың мамандығын жетілдіру
  • Облыс кітапханаларына әдістемелік және практикалық көмектер көрсету
  • әдістемелік құралдар шығарукітапханашыларды шығармашылық және бастамашылық жұмыстарға ынталандыру.
  • Соғыстан кейінгі жылдары әдістемелік жұмыстың көлемі айтарлықтай өсті. Іс-сапарларға шығу жиілеп, кітапханашылар үшін семинарлар өткізу, курстар ұйымдастыру, кеңестер беру көбейді. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері шөп шабу, егін орағы науқандары кезінде аудандарға іс-сапарларға шығып тұрды.

 

1946 ж.

1959 ж.

1967 ж.

1977 ж.

Іс-сапарлар

6

23

70

605

семинарлар

-

6

20

11

Кеңестер (консультация)

-

70

160

659

конференциялар

-

-

2

2

Әдістемелік көмек көрсеткенде ауыл кітапханаларындағы қызмет көрсету жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Аудандық кітапханалар базасында озық тәжірибе мектептері ұйымдастырылды. Сонымен қатар әдістемелік бөлімнің қызметкерлері үнемі өз білімдерін жетілдіріп басқа кітапханаларға тәжірибе алмасуға шығып тұрды, республикалық конференциялар мен семинарларға қатысты: әдіскерлер Мәскеу, Челябі, Алматы қалаларында шығармашылық іс-сапарларда болды.

50-шы жылдары әдістемелік бөлім кітапханашылар даярлайтын курстар ұйымдастыруға жауапты болды. Бөлім қызметкерлері әсіресе селолық аудандардан курсқа адамдар тартумен шұғылданды, оқу бағдарламаларын даярлап, қажет болған жағдайда басқа кітапханалардан курста лекция оқуға мамандар шақырды. Олар аудандарға іс-сапарлармен барып ауыл кітапханаларын паспорттау жұмыстарын жүргізді, каталогтар құрып, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру туралы практикалық сабақтар жүргізді.

60-шы КПСС Орталық Комитетінің және СССР Министрлер Кеңесінің «Елдегі кітапхана ісінің жағдайы және оны жақсарту шаралары» туралы қаулысының (1959 ж.) шығуына байланысты облыстық кітапхананың әдістемелік жұмысы ерекше қарқынмен жүргізілді. Осы жылдары кітапханалық қызмет көрсетудің бірыңғай жоспары енгізілді, облыс кітапханашыларының алдына тұрғындарды кітапханалық қызметпен 100%-ға қамту міндеті қойылды. Әдістемелік бөлім үлкен баспагерлік жұмыстарды жүзеге асырды. Осы жылдары кітапханалар жұмысына көмек ретінде ауылшаруашылығы туралы әдебиеттерді насихаттау үшін «Отанға сүт пен етті мол берейік», «Картоп пен көкөніс – облыс тұрғындарына», «Қой шаруашылығы – екінші тың» т.б. тақырыптарда әдістемелік ұсыныстар шығарылды. Құралды құрастырушы бөлім меңгерушісі Г.Комарницкая, кеңесшілері облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бас мамандары болды.

Кеңес өкіметінің 50-жылдығы қарсаңында «Октябрь шапағына біз әрқашан адалмыз», «Біз – Жас гвардия», «Ильичше өмір сүр»т.б. тақырыптарда топтамалы құралдар даярланып шығарылды. Кітапханадағы барлық баспагерлік жұмыстар Қазақстан КП Қарағанды обкомымен, Қазақстан ЛКЖО-мен келісімді жүргізілді.

70-ші жылдар әдістемелік бөлімнің тарихындағы ең бір айтулы кезең болды. Ғылыми-әдістемелік бөлімнің басқаруымен кітапханалар жүйесін орталықтандыру жұмысы табысты аяқталды. Орталықтандыру жұмысы туралы Қарағанды облысының тәжірибесін ескеріп Қаз ССР Мәдениет министрлігі мен А.С.Пушкин атындағы Республикалық кітапханасы 1977 жылы Шахтинск ОКЖ базасында орталықтандыру жұмысы туралы республикалық озық тәжірибе мектебін ашты.

Бөлім меңгерушісі Г.С.Кудрявцева бас болып, басқа бөлімдердің де мамандарын жұмысқа тартып облыстағы әрбір кітапхананы зерттеп-тексерді, олар жылына 2-3 орталықтандырылған кітапханалар жүйесін қамтыды.

80-ші жылдары бөлім ауылшаруашылығы мамандарына ақпараттық қызмет көрсету жұмысына, кітапханалар жүйесін тәртіпке келтіру және
ББК-ны енгізу жұмыстарын ерекше назарда ұстап көп көңіл бөлді. Бөлім «Көпшілік кітапханаларының кітаби өзегі», «Советтік ауылдардағы кітап және оқу» тақырыптарындағы кітапханатану дүниежүзілік зерттеулеріне қатысты. Бөлімнің жанында жетекші-басшылардың ведомствоаралық мектебі жұмыс істеді, оның жұмысы туралы «Библиотекарь» журналында жарияланып тұрды. Әдістемелік жұмысты дұрыс жолға қою жұмыстарына үйрену үшін Павлодар, Ақмола, Жезқазған ОҒӘК-нан әріптестер келіп тәжірибе алмасты. 70-80 жылдарды кітапханадағы әдістемелік жұмыстардың нағыз шарықтаған кезі деуге болады.

90-шы жылдар ғылыми-әдістемелік бөлім үшін қандай қиын болса жалпы кітапхана үшін де қиын кезең болды. Қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты облыс бойынша кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету жұмысы тоқтады: іс-сапарларға шығу, кітапханаларды аралау, кеңестер беріп семинарлар өткізу сиреді. Бұл жағдайда мүмкіндіктерін қайта қараған бөлім мамандары  өз жұмыстарын білім беретін және баспагерлік туралы көмек көрсетуге бейімделді. Оқырмандар сұранысын ескерген бөлім қызметкерлері «Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері», «Қайта оралған есімдер», «Мектеп мерекелері» тақырыптарында және мемлекеттік мерекелерді өткізуге арналған топтамалы басылымдар даярлады.

1997 жылдың 1-қаңтарынан бастап бөлім кітапханалық маркетинг бөлімі болып өзгертілді.

90-шы жылдардың соңғы кезінде бөлім өзінің әдіскерлік жұмысын қайта жандандырды: бағдарламалық және жобалық жұмыстар туралы облыстық семинарлар өткізіп, облыстағы ОКЖ іс-сапармен шығу жаңғыртылды, практикалық жұмыстар басталды. Жезқазған облысының Қарағанды облысына қосылуына байланысты ондағы кітапханаларды тексеріп қабылдауға байланысты үлкен жұмыс жүргізілді.Облыс кітапханаларын дамытуға арналған жаңа міндеттерді ескере келіп бөлім 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап кітапханаларды дамыту бөлімі деп өзгертілді.

Қазіргі кезеңде кітапхананы дамыту бөлімі облыстағы 18 орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасайды. Жұмыстағы басты бағыттары:

  • Облыста кітапхана саясатын қалыптастыру;
  • Облыс кітапханаларын және кітапханашыларды біріктіру;
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдалану;
  • Облыстағы кітапхана қызметкерлерінің ақпараттық мәдениетін жетілдіру;

Ауыл кітапханаларында жергілікті қоғамдастықтың ақпаратқа жедел қол жеткізу орталығы бағытын қалыптастыру.

Бөлім облыстағы кітапханалар жұмысына әсіресе жаңа ақпараттық технологияны енгізуге баса назар аударады. Бұл жұмысты жүзеге асыруға ең алдымен «Модельді ауыл кітапханасы» жобасының мүмкіндігі мол.

Облыста және жергілікті жерлерде бюджеттік қолдаудың көмегімен 78 ауылдық модельді кітапхана ашылды. Бөлім «Облыс кітапханаларын 2006-2010 ж.ж. ақпараттандыру бағдарламасы», «Облыс кітапханаларын 2007-2009 ж.ж. жетілдіру бағдарламасы» құжаттарын жасады. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында бөлім облыстық және аймақтық семинарлар өткізді: «Ауыл кітапханаларына жаңа ақпараттық технологияны енгізу», «Интернет және кітапхана», «Электронды үкімет», «Компакт-дискілер құру», «ҚР Президенті жанындағы адам құқығы туралы комиссияның цифрлы кітапханасы» т.б. тақырыптарда. Жылсайын оншақты облыстық және жылжымалы семинарлар өткізіледі.

Кітапханаларды дамыту бөлімінің негізгі міндеттерінің бірі кітапханашы кадрлардың мамандығын жетілдіру. 2002 жылы облыс кітапханашыларының біліктілігін жетілдірудің облыстық курсы көп жылдық үзілістен кейін өз жұмысын қайта бастады. Осы жылдары 400-ден астам кітапханашы курсты аяқтады. Сабақ мынандай тақырыптарда өткізілді: «Ауыл кітапханаларының жаңа бейнесі», «Модельді кітапхана – ауыл кітапханаларын дамытудың жаңа парадигмасы», «Халық – кітапхана – билік», «Жобалық жұмыс», «Ауыл кітапханаларын компьютерлеу», «Интернетпен және электронды поштамен жұмыс жасау негіздері», «Веб-сайт жасау», «Веб-дизайн негізі», «Ақпараттық мәдениеттің негізі» т.б. Кәсібилікті жетілдірудің тиімді түрі 2001 жылы ұйымдастырылған қорды толықтырушылар мен библиографтардың және жүйе техниктерінің кәсіби даму мектебі болды.

Соңғы жылдары бөлім кітапхана қызметіндегі зерттеу жұмыстарына баса назар аударады, оның ішінде Қарағанды облысындағы кітапханалық істер тарихы туралы зерттеулерге. Бөлімде қашанда облыс кітапханашыларының құрметіне бөленген, өз ісінің нағыз кәсіби мамандары жұмыс істеді. Олар аудандарда жиі болып, ондағы кітапханалар жағдайымен етене таныс болды және әдістемелік жұмысқа басқа бөлімнің кәсіби мамандарын да тартып қатыстыра білді.

70-80 жылдары ғылыми-әдістемелік бөлімде жұмысқа қабілетті ұйымдасқан ұжым болды. Бөлім меңгерушісі Г.С.Кудрявцева, Л.П.Мишина, Е.А.Сыса, М.Зейтинова, Г.Мырсамыкова, О.Колпачева, Ф.Х.Тимершина, Е.В.Дорофеева, И.С.Иссык. Олардың жұмысы орталықтандырылған жүйенің  қалыптасуына, облыс кітапханаларында кітап қорларының құрылуына, ББК-ны енгізуге, кітапхана қызметкерлерінің білімін жетілдіруге ықпал етті.

Қазір кітапхананы дамыту бөлімінің шағын ұжымы – Тимершина Фания Харисовна, Иссык Ирина Сергеевна, Бұланбекова Рахат Орынбековна Қарағанды облысының кітапханаларын жетілдіруге ықпал етуді өздерінің басты міндеті деп есептейді.

Осы мәселелерді жүзеге асыруда бөлімнің байырғы қызметкері Ирина Сергеевна Иссыктың еңбегі зор. 1982 жылы Шымкенттегі Аль-Фараби атындағы мәдениет институтын бітірген жас маман Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханасының ғылыми – әдістемелік бөліміне әдіскер болып қабылданды. Алғашқы күннен бастап-ақ ол өзін жақсы маман, алған білімін іс жүзінде пайдалана білетіндігін байқатты. Бірден іс-сапарларға шығып практикалық, әдіскерлік көмектер көрсетті. Жақсы әдіскрлік мектептен өтті. 1985 жылы аға әдіскер болып тағайындалды. 2005 жылдан бастап инновациялық-әдіскерлік жұмыс туралы аға кеңесші лауазымына ауыстырылды. Қазіргі кезде Иссык И.С. облыстағы ең тәжірибелі әдіскерлердің бірі. Соңғы жылдары ол облыстағы кітапханалар қорының сапасын арттыруға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасады. Ирина Сергеевна «Құжаттар қорын сақтау» және «Облыстағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде құжаттарды цифрлау» кітапханалық бағдарламалардың авторы. Қазір «Қарағанды облысы кітапханаларының тарихы» компакт – дискасын жасау үстінде. Ол облыс кітапханаларын информатикалау процесіне белсене атсалысады, оның бақылауымен ауылдық модельді кітапханаларда веб-сайттар құрылуда. И.С.Иссык қорды толықтыру секциясының кәсіби шеберлік мектебін басқарады, кітапхана қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру облыстық курсына лекция әзірледі.

Әдістемелік бөлімнің меңгерушілері әрқашан тәжірибелі, жоғары білімді мамандар болды. Олар: М.Т.Никитина (1951-1953) (кейіннен облыстық балалар кітапханасының директоры болды), А.Р.Сатаев (1953-1955) (кейіннен белгілі жазушы, публицист, өлкетанушы), келесі жылдары меңгерушілерболып Харьков, Ленинград кітапханашылар институтының түлектері келді – А.Ф.Закуцкая, О.В.Уржумова, Н.Г.Яковлева, В.Д.Крутских.

1960-1964 жылдарыбөлім меңгерушісі болып әдіскерлік тәжірибесі мол Фрида Наумовна Фридман істеді. Бұған дейін ол облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық кәсіподақтар кеңесінің хатшысы болып істеген. 1964-1966 жылдары Г.В.Комарницкая, 1966 ж. бастап Р.Р.Белғожанова (кейіннен облыстық жас өспірімдер кітапханасының директоры) бөлім меңгерушісі болды. 1970 жылдың қазан айынан 1973 жылға дейін Д.И.Пипченко (кейіннен Киров аудандық партия комитетінде, облыстық кәсіподақ комитетінде істеді), 1974-1983 жылдары бөлім жұмысын Г.С.Кудрявцева басқарды. Галина Степановна кітапхана ісінің толық-мәнді кәсіби шебері болды. Бұл жұмыстан бұрын ол абонемент және өнер туралы әдебиеттер бөлімдерінде меңгеруші болып істеген. Ғылыми-әдістемелік бөлім Г,С.Кудрявцеваның басшылығымен Қарағанды облысы кітапханаларын орталықтандыру жұмысын басқарып ұйымдастырды. 1983-1993 жылдары Е.А.Сыса, ал 1993 жылдан бастап Ж.К.Шаймұханбетова бөлім меңгерушілері болды.

1996 жылдан бүгінгі күнге дейін бөлім меңгерушісі болып Фаина Харисовна Тимершина істейді. Облыстық кітапханаға Фаина Харисовна Молодежный ОКЖ директорлығы қызметінен ауыстырылды. Ф.Х.Тимершина әдістемелік қызметтің даму барысын жаңа сапалы деңгейге көтеру жолында барлық мүмкіндікті пайдаланды. Әдістемелік жұмысты толыққанды орындау мүмкіндігінің жоқтығына байланысты ол бөлімнің жұмыс бағдарын қайта қарап кітапханаларды дамытудың мақсатты бағдарламаларын жасады. Фаина Харисовнаның тікелей қатысуымен «Атамекен» бағдарламасы жасалды. Ұзақ мерзімді «Кітапхана – жергілікті өзін-өзі басқару проблемалары туралы ақпарат орталығы», «Қазақ әдебиетінің әлемі», «Кітап қорының сақталуы» бағдарламалары кітапханалар жұмысының негізіне айналды.

«Кітапханаларды дамытуға 10 аймақтық орталық» жобасы тікелей Ф.Х.Тимершинаның қатысуымен жасалды. Ол Сорос-Қазақстан Қоры және Қазақстанның кітапханалары Ақпараттық Консорциумының 4 семинар-тренингтерін өткізу жұмыстарына қатысты. 1998 ж. Фаина Харисовна Ашық Қоғам Институты (Будапешт қ.) ұйымдастырған конкурста жеңіп «Қрым-98» Халықаралық Конференциясына қатысты. 2002 жылы «Еуразия – мәдениет пен кітапханалық ресурстар ынтымақтастығы» Республикалық конференциясына (Орал қ.) қатысып осы тақырыптағы рефераты бойынша ҚР ҰК-ның дипломымен марапатталды.

Фаина Харисовна көптеген кітапханалық жаңалықтардың бастаушысы. Ауыл кітапханашыларының Форумын (2002 ж.), «Ауыл энциклопедиясы» облыстық конкурсын, оқуды қолдау Конгресін (2004 ж.), жазғы Интернет-университетін (2005, 2006 ж.ж.) ұйымдастырып өткізу барысында көп және тиімді, табысты еңбек жасады.

Мәдениетті қолдау жылының қорытындысы бойынша Ф.Х.Тимершина Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды. 2006 жыл нәтижелі еңбегі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды.

Фаина Харисовна кітапханалық жұмыс туралы іскерлігімен өз әріптестері және Қарағанды облысы бойынша барлық кітапханалық қауымдастықтар арасында ерекше беделге ие.