Пайдаланушыларға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім – Абонемент бөлімі. Бөлімнің қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтармен ғылыми-көпшілік әдебиеттерден көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды.
Бөлім мамандары Қарағандылық ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер өткізеді, айтулы күндерге, мерейтойларға арнап кітап көрмелерін ұйымдастырып, әдеби кештер өткізеді, жаңа кітаптар презентациялары ұйымдастырылады. Әсіресе оқырмандар есінде қалғаны – Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне арналған кітап жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкені Абонемент бөлімі ұйымдастырып өткізді.
Бөлім жұмысы "Мемлекеттік тілді – қолдау және дамыту", "Қазақ әдебиетінің әлемі" ақпараттық бағдарламалары аясында жүргізіледі.
Бөлім қалалық оқу бөлімімен бірлесіп "ОӘҒК – мұғалімдер үшін ақпарат Орталығы" бағдарламасын жүзеге асырады. Жыл сайын мұғалімдер үшін "Кітапхана – инновациялық білімге", "Жаңа технология – педагогика саласында", "Пән мұғаліміне көмек " т.б. тақырыптарда Ақпарат күндері өткізіледі.
Мұғалімдердің тамыз айындағы кеңесіне дәстүрлі түрде қатысады.
Бөлімде "Кітап 03" қызметі, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектер үшін үйде қызмет көрсету жұмыс істейді.
Бөлім басшысы - Жумагулова Мейрамгул Толеугазиевна
Тел.: 8 (7212) 56-53-04
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бөлiм тарихы
Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009
Абонемент – кітапхананың ең байырғы бөлімі. Алғашқы күннен бастап-ақ оқырмандарға танымал және оларға қызмет көрсетуге ең ыңғайлы бөлім. Бөлімнің кітап қоры әр саланы қамтитын әмбебап, қазір 80 мың данаға жуық әдебиеттерден тұрады. Бөлім қорының белгілі бөлігінен оқырмандардың еркін пайдалануы үшін ашық қор жағдайы жасалған. Оқушылар мен студенттер мұнда оқу бағдарламасы бойынша және басқа да керекті әдебиеттерді еркін таңдай алады. Ересек оқырмандар өз жұмысына байланысты әдебиеттермен қоса көркем әдебиеттерді таңдап алады. Мұнда білімнің барлық саласы бойынша әдебиеттер мен көркем шығармалар жинақталған. Кітап көрмелері, тақырыптық іріктеу, бөлгіштер – абонемент оқырмандары үшін кітап әлеміне деген басты бағдар. "Қазақ әдебиетінің әлемі", "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде", "Абонементтің ашық қоры" т.б. кітап көрмелері тұрақты түрде жұмыс жасайды және ондағы әдебиеттер үнемі жаңартылып тұрады. Абонементте осыдан 75 жыл бұрынғыдай кішіпейілділік көрсетіп әрбір оқырманның өзіне керекті кітабын тауып алуына жағдай жасалған. Бұл бөлімнің оқырман.дары қашанда әр түрлі мамандықтың иелері: дәрігерлер мен мұғалімдер, зейнеткерлер, шахтерлер, инженерлер мен архитекторлар, экономистер және заңгерлер. Абонемент оқырмандарының ең үлкен тобы студенттер мен оқушылар.
Оқырмандарға қызмет көрсету жұмысы әрқашанда уақыт талабына сай жүргізіледі. 70-ші жылдары техникалық және гуманитарлық профильдегі мамандарына жеке бөліп қызмет көрсету енгізілді. Екі кафедра ұйымдастырылды: жаратылыстану және дәлдік ғылым, гуманитарлық ғылым.
Кейіннен мамандандырылған бөлімдердің ашылуына байланысты кафедралар жабылып, өлкетану және шет тілдері әдебиеттерімен қызмет көрсету топтары ұйымдастырылды. Қазіргі кезеңде мамандар, оқушылар, жастар және зейнеткерлер мен жұмыс істемейтіндер топтары іріктелді.
70-ші жылдары абонемент бөлімі кітапхана жүйесінде заңгерлер мен медицина қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсету жұмысына белсене араласты. Облыстық сот және Жоғарғы милиция мектебінің (қазір ҚР ШШМ Заң институты) мамандарына кеңестік заң шығармашылығы туралы әрбір тоқсан сайын ақпарат жіберіп тұрды. Жыл сайын 10-шы қарашада кітапханада заңгерлер Күнін өткізу әдетке айналды. Құқықтық білім университетінің жалпыазаматтық құқық факультетімен тұрақты түрде байланыс жасалып оның оқытушылары мен тыңдаушылары үшін үнемі ақпараттық іс-шаралар өткізіліп тұрды. Кейінгі жылдары ақпаратпен пайдаланатын абоненттер қатары медицина қызметкерлері мен өсті.
Қазіргі кезде абонементтің негізгі оқырмандар санатын қала мұғалімдері құрайды. Абонемент қалалық білім беру бөлімімен бірге "ОҒӘК – мұғалімдер үшін ақпарат Орталығы" бағдарламасын жүзеге асырады.Жыл сайын қала мұғалімдері үшін "Педагогика саласындағы жаңа технология", "Кітапхана – инновациялық білімге", "Пән мұғалімдеріне көмек" т.б. тақырыптарда ақпараттық күндер өткізіледі. Әдеттегідей бөлім облыс мұғалімдерінің тамыз кеңесіне белсене атсалысады. Бұл жұмысқа көп жылдар бойы М.А.Алексеева жауапты болды.
Бөлім мамандары Қарағандылық ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер өткізіп, айтулы күндер мен тарихи даталарда кітап көрмесін ұйымдастырады. Қазақстан жазушыларының мерейтойларына орай әдеби кештер ұйымдастырып, кітаптардың презентацияларын ұйымдастырады. Қаладағы белгілі іс-шаралардың бірі абонементтің ұйымдастыруымен өткізілетін Дүниежүзілік кітаптар Күні және авторлық құқық кітап жәрмеңкесі.
Бөлім "мемлекеттік тілді қолдау және дамыту", "Қазақ әдебиеті әлемі" ақпараттық-кітапханалық бағдарламаларын жүзеге асыруда. Абонемент жанында оқырмандардың "Әдеби қонақжайы" қоғамдық бірлестігі және "Жыр-Жауһар" поэтикалық клубы жұмыс істейді. Бұл жұмыстың басты ұйымдастырушылары бөлімдегі кітапқұмарлар, әсіресе көркем әдебиетті бағалаушы С.В.Писарева, Т.В.Баймағамбетова, В.В.Кашкина.
90-шы жылдары абонемент ақылы қызмет көрсету жұмысын бастады. Ақылы абонемент жұмыс жасады, "Бірлесіп сатып алған кітаптар" клубы ұйымдастырылды.
2001 жылдан бастап бөлім қорындағы бұрынғы кітаптарды электронды каталогқа енгізу жұмысын бастады.
30-шы жылдары кітапхана штатында формальды түрде бөлім меңгерушілері қарастырылмаған, тек 1941 жылы ресми түрде оқу залының, абонемент, жылжымалы қор және өңдеу бөлімдерінің меңгерушілері лауазымы бекітілді. Абонемент бөлімінің алғашқы меңгерушісі З.Карімова болған. 1950 жылдан бастап Мухачева Людмила Федоровна, одан кейінгі жылдары В.А.Кулагина, Г.С.Кудрявцева, Я.А.Безродная, Л.А.Рахалина, Г.М.Лютова, Н.М.Кравченколар меңгерушілік қызмет атқарған. Қазіргі уақытта абонемент бөлімінің меңгерушісі – Аманжолова Дина Базарбайқызы.
Абонементке ол келген уақыттан бастап қазақ көркем әдебиетін насихаттау жұмысы жанданды, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ақпараттық қызмет көрсету қолға алынды. Оның бастауымен "Жыр-Жауһар" поэтикалық клубы ұйымдастырылды.
Бөлімде ертеден істеп келе жатқан, тәжірибелі маман Писарева Светлана Владимировна-қызмет көрсетудің жаңа түрлері туралы кеңесшісі. Кітапханаға ол орта мектепті бітіргеннен кейін келген. Алғашқы да аз уақыт өнер туралы әдебиеттер бөлімінде істеді, кейіннен абонементке ауыстырылды. Осы жылдарда Шымкенттегі АльФараби атындағы мәдениет институтын бітірді жауапты қызметкер, жақсы маман. С.В.Писарева "Қазақ әдебиетінің әлемі", бағдарламасын жүзеге асырумен жүйелі түрде шұғылданады, қазақ көркем әдебиетін насихаттайды, әдеби кештер ұйымдастырып, кітап фестивальдерін, жаңа кітаптар презентациясын өткізеді.