Бейбіт өмірдің ойран-топанын шығарған неміс басқыншыларымен болған соғыс миллиондаған жандардың жүрегін жаралап, майдан даласында көмусіз қалған боздақтар мен мүгедек болып оралған майдангерлердің, жесір әйел, жетім баланың зары мен мұңы болып әлі талай айтыла берері анық.

Бес жылға созылған қаншама қат-қабат оқиғалар, өшпес сәттер, аса ауыр да азапты күндер ұрпақ жадында сақталады. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды.

Біз сіздерге осы Қарағанды өңірінен қаһарлы жылда ел қорғауға аттанған жалынды патриот қыздары жайлы деректер ұсынамыз. Олардың жауынгерлік жолы қандай болды деген сұраққа жауап іздейміз.

Қарағандылық бірнеше жауынгер қыздың жауынгерлік жолын естеліктер, сарғайған хаттарға сүйене отырып білетін боламыз.

Өлкетану әдебиеті бөлімі «Қарағандының жауынгер қыздары» өлкетанулық интернет ресурсын ұсынып отыр.

Бұл ресурста соғыс жылдарындағы əйелдердің соғыс қимылдарына қатысуы, тылдағы еңбегі қарастырылады.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әйел адамдардың ерлігін, қайсарлығы мен Отан үшін отқа түсуге әзір екендігін жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие үлгісінде көрсету - басты мақсаты болып табылады.

Өз Отандарына отансүйгіштіктің таңғажайып түрлері мен рух күштерін көрсетіп гитлерлік басып алушыларға қарсы ер азаматтармен қоса әйел адамдар да майдан алаңына шықты. Олар мергендер, атқыштар, пулеметшілер, ұшқыштар, радиошылар, әрекет етуші әскер құрамы мен партизандық қатарлардағы барлаушылар болып, ер адамдармен тең дәрежеде соғыстың бар қиындықтарын көрген. 800 мыңға жақын әйел адамдар фашисттармен майдан алаңына шықты. Олар түрлі жасақтарда қызмет атқарды – көбісі госпитальдарда болды.

Фашистік Германияның Кеңестер Одағына шабуылынан кейінгі екінші күні республикамыздың әскери комиссариаттарына мыңдаған әйел адамдар майданға кетуге сұранып өтініш жазған.

Толығырақ...

Бір отбасынан үш апалы-сіңілі өз еріктерімен Қарағандыдан майданға атанды.

Жауынгер авиатор. Қарағандылық елу комсомолец құрбыларының қатарында майданға тіленгендердің бірі. Саратов қаласы маңындағы Вольск әскери училищесінде авиация  мотористерінің  алты айлық курсын бітіреді. 1942 жылдың қараша айынан Воронеж түбінле193 жеке гвардиялық барлау эскадрильясы құрамында басталған  майдандық жолы Польша, Австрия, Чехословакия жерлерін басып өтіп, Германияда аяқталады.Ұлы Жеңісті Берлин түбінде қарсы алады. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Берлинді азат еткені үшін», «Праганы азат еткені үшін» жауынгерлік медаьдарымен наградталады, майдан даласындағы  еорліктері үшлін гвардия сержанты А.Анишенкоға командование атынан төрт рет алғыс жарияланады. 1947 жылы өмірлік серігі,  майдандас іріптесі Борис Георгиевич Помилуйкомен бірге Қарағандыға келіп, Кеншілердің мәдениет сарайында оқушылардың іскер қолдар  үйірмесінің жетекшісі болып ұзақ жыл еңбек етті. Екі бала тәрбиелеп өсірді. Қызы Елена медбике, ұлы Юрий – дәрігер.

Толығырақ...

Барановская Вера 1896 жылы туған. 1920 жылы Краснодардағы медициналық институтты бітірген. 1933 жылы Қарағандыға келді. Ол қаладағы хирургиялық қызметті құрудың бастауында тұрды. Соғыс басталғаннан бастап оны хирург және № 3970 госпитальдің медициналық бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады. Қарағандыға Ленинград ауруханасы көшіп келгенде, Вера Сергеевна соған ауысады. Ал аурухана майдан шебіне ауыстырылған кезде ол майданға кетті. № 3972 эвакуациялық аурухана Брянск, Үлкен Чувалы, Екатериновка, Елей жерінде орналасқан. Ауруханадағы хирургиялық қызметі үшін Барановская Құрмет орденімен марапатталды. Соғыстан кейін Вера Сергеевна Қарағандыдағы фельдшерлік мектепте жұмыс істеп, 1946 жылы Алматыға көшті. 1967 жылы Барановская «Қазақстандағы жұмысшыларға хирургиялық көмектің үлгілі қойылымы үшін» Қазақстан хирургтері қоғамының құрметті мүшесі, сонымен қатар «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды.

Әскери-авиатор, аға сержант. 1942 жылдың көктемінде Саратов облысындағы Вольск авиация училищесіне әскери мамандық алуға аттанған қарағандылық елу комсомолец жауынгер қыздың бірі. Қарағандыда жақсы спортшы ретінде танымал болады. 1938 жылы авиаклубта жарты жылдай жаттығудан өткен. 1942 жылдың желтоқсанында Сталинград түбіндегі сұрапыл соғысқа енеді. 8-ші әуе армиясының 10-авиациялық фотобарлау тобында Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыштар Балашов пен Борисов тәрізді қаһармандармен бірге талай ерлікке толы жауынгерлік жолдан өтеді. Сталинградтан Прагаға дейін жетеді. 1945 жылдың күзінде елге жеңіспен оралады. Облыстық прокуратурада органдарында ұзақ жыл жемісті еңбек етеді. 1957 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін Саран қалалық халық соты болып қызмет атқарады.

Толығырақ...