Подсадник Николай Георгиевич

(1922-1975)

Подсадник Николай Георгиевич 1922 жылы Витебск облысында туған. Әскерге дейін Балқаш қаласындағы №1 Горкий атындағы мектепте оқыған. Әскерге 1940 жылы Балқаш қаласынан шақырылды. Шені - гвардия лейтенанты. 165-ші әуе ұшқыштар полкінің командирі. 1943 жылы II дәрежелі Отан соғысының орденімен, 1944 жылы көрсеткен ерлігі үшін екі мәрте Қызыл ту орденімен марапатталды. Киев, Львов, Кишинев, Румыния, Югославия, Австрияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. 1945 жылы 101-ші әуе операциясын ИЛ-2 ұшағымен ойдағыдай орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Н.Г. Подсадникке 1945 жылы 18 тамызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Балқаш қаласындағы №1 мектепте мемориалдық тақта орнатылды. Соғыстан кейін Подсадник Мәскеуде тұрды. 1975 жылы 24-ші қарашада қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Подсадник Николай Георгиевич (22.6. 1925) // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 199 б.

Подсадник Николай Георгиевич (1922-1975) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 93 б.

Подсадник Николай Георгиевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 99-100 б.

Подсадник Николай Георгиевич // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 165-166 б.

***

Батыр жерлестеріміз // Орталық Қазақстан. - 1965. - 8 май (№ 107). - 2 б.

Мамыраев М. Ғажайып ерлік // Орталық Қазақстан. - 1975. - 8 май (№ 108). - 2 б