Бөлімнің міндеті:

  • Оқырмандарды шет тілдердегі әдебиеттерді оқуға белсенді тарту және оларға қызмет көрсету
  • Әр түрлі халықтардың мәдениеті мен тілдеріне төзімділік сезіммен қарауға тәрбиелеу.
  • "Үштұғырлы тіл" бағдарламасы аясында шет тілдерін үйренуге мүмкіндік туғызу

Бөлімнің мақсаты:

  • Қарағанды облысында тұратын халықтардың тіліндегі кітаптар мен электронды топтамаларды жинақтау
  • Шет тілдерді үйренушілерге арналған кітаптар мен электронды топтамалар қорын құру
  • Аймақтық білім ортасын қалыптастыру
  • Мамандар мен оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету
  • Қазақстан туралы әдебиеттерді шет тілділік және мәдениет аралық қарым-қатынас арқылы насихаттау

Бөлімнің ақпараттық ресурстары:

  • Шет тілдер оқытушылары, студенттер мен оқушылар үшін  әлемнің 20 тілінде түпнұсқалық шығармалар, салалық әдебиеттер, оқу-әдістемелік құралдар мен анықтамалықтардың  баспа және электронды түрдегі жиынтығы
  • Ағылшын, француз, неміс және тағы басқа тілдердегі ғылыми-танымдық, көркем фильмдер топтамасы
  • Дәстүрлі және электрондық мерзімді басылымдар

Бөлім базасында істейді:

 Бөлім өткізеді:

  • Мамандарды тарту арқылы ашық дәрістер
  • Ағылшын тілін оқыту клубтары
  • Дистанционды білім беру  семинарлары мен тренингтер
  • Халықаралық білім бағдарламаларының  тұсаукесері
  • Дөңгелек үстелдер мен пікірталас
  • Ұлттық этно-мәдени орталықтармен кездесу  кештері

Біздің серіктестер:

  • Қазақстандағы АҚШ елшілігі
  • IREX
  • Шет тілдері мұғалімдерінің ассоциациясы
  • Облыстық білім басқармасы
  • Қалалық оқу бөлімі
  • "Білім" оқу орталығы
  • Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясы

Оқырмандарға ұсынамыз:

  • Интернет ресурстарын  пайдалану
  •  "E-library" электронды ресурсы
  • CD, DVD дискілерін көру
  • Ақпараттар іздеуде көмек беру

Бөлім басшысы: Ярцева Эльмира Каратаевна

Тел.: +7 (7212) 215773

 

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

Кітапханадағы сұранысы ең көп бөлім – халықаралық кітаптар бөлімі 1971 жылы ұйымдастырылды. Шет тілдер әдебиетінің секторы абонементте 60-шы жылдардың орта тұсында болған. Қазақстанның шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарының өсуі, ғылыми және техникалық жаңа жетістіктерді тездетіп меңгеру қажеттілігі, шет тілдерін зерделеп білуге деген қызығушылықты арттырды. Сондықтан шет тілдер әдебиеттері бөлімінің ашылуы уақыт талабына сай, уақытында істелген жұмыс болды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі Воробьева Вера Николаевна болды. Жаңа бөлім  қызметкерлерінің басты міндеті кітап қорын ұйымдастыру болды. Қордың негізін оқу залынан, абонементтен және библиографиялық бөлімнен алынған 2837 дана шет тілдеріндегі әдебиеттер құрады. Бұл әдебиеттерді талдау барысында оқырмандар сұраныстарына мүлде сай келмейтіні анықталды. Қорды қосымша толықтыру және шет тілдеріндегі әдебиеттермен кітапханалардың жұмыс тәжірибесімен танысу мақсатында В.Н.Воробьева Мәскеудегі  Бүкілодақтық шет тілдер әдебиеттері кітапханасына және В.И.Ленин атындағы КСРО Мемлекеттік кітапханасына іс-сапарға жіберілді. 700 дана кітап алынды. Сонымен қатар басқа кітапханалардың алмастыру қорлары пайдаланылды, Кемер облыстық кітапханасынан үлкен кітаптар топтамалары түсті.

Қорды ұйымдастыру барысында облыста немістердің көбірек тұратыны ескеріліп алдымен неміс тіліндегі әдебиеттерді, содан кейін ағылшын және француз тіліндегі әдебиеттерді алу керек деген ұйғарым жасалды. Ол кезде француз тілін оқыту, үйрену онша қарқынды емес еді. Үш жылдан кейін бөлімнің кітап қоры 7500 дананы құрады, оның 4145 данасы неміс тілінде, 1709 – ағылшын, 700 данасы француз тілінде болды. Әлемдік үш тілдегі әдебиеттерден басқа социалистік достастық елдерінің: болғар, чех, поляк, венгр тілдеріндегі әдебиеттермен қор толықтырылды. Олар негізінен сөздіктер мен анықтамалықтар болды.

Оқырмандар сұранысын орындау барысында мерзімді басылымдар қорының көмегі зор болды. Олар: "Болгария", "Польша", "герман Демократиялық Республикасы", "Венгрия", "Чехословакия", "Корея" т.б. журналдар. 1960 жылдан кітапхана жаздырып алатын "Иностранные языки в школе" журналына шет тілдері пәнінің оқытушылары үлкен сұраныс жасады. Қоғамдық ғылым туралы шет тілінде шыққан жаңа әдебиеттер туралы ақпараттар реферативті журналдарда және КСРО ҚҒА-ның қоғамдық ғылым туралы ақпарат институтының көрсеткіштерінде берілетін.

Бөлімнің негізгі міндеттері ең алдымен халық шаруашылығы мамандарына жаңа әдебиеттер туралы ақпараттық қызмет көрсету. Оның ішінде ЖОО мен мектептердегі шет тілінің мұғалімдеріне, өз бетінше шет тілін үйреніп жүрген оқырмандарға практикалық көмектер көрсету. Сонымен қатар басты мақсат: Қазақстан туралы шет тілдерінде шыққан әдебиеттерді, шет елдерде шығарылған Қазақстан жазушыларының шығармаларын насихаттау болды. Бөлімде Абайдың неміс, француз, поляк, қытай, ағылшын т.б. әлем тілдерінде шығарылған "Қара сөздері" тамаша топтастырылып жинақталды.

70-80 жылдары бөлімде анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетудің тамаша жүйесі қалыптасты. Халық шаруашылығы мамандары үшін "Өз мамандығыңыз бойынша шет тілдеріндегі әдебиеттерді оқыңыз", "Шет ел журналдары мамандарға көмек" деген кітап көрмелері мен тақырыптық байқаулар ұйымдастырылды. Толыққанды ақпарат болу үшін бөлім Шетел әдебиетінің Бүкілодақтық Мемлекеттік Кітапханасы (ВГБИЛ) "Шетел жаңа әдебиеттері экономика туралы". Шетел жаңа әдебиеттері өнер туралы  Аннотацияланған карточкаларын пайдаланды. Қаладағы ЖОО шет тілдер кафедрасы тоқсан сайын жаңа әдебиеттердің ақпараттық тізімін алып отырды.

Мектеп оқытушылары үшін қалалық оқу бөлімімен, мұғалімдердің білімін жетілдіру институтымен бірігіп ақпарат күндері өткізілді. Шет тіліндегі әдебиеттер бөлімінің жұмыс тәжірибесін елдің басқа кітапханаларына таратуға ВГБИЛ ұсынды және бүкілодақтық жинаққа енгізілді.

Осы жылдары облыстағы неміс тұрғындары 140 мыңнан астам адам болатын. Сондықтан бөлімнің тағы бір міндеті неміс тіліндегі әдебиеттерді насихаттау болды. 1974 жылы кітапхана шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамының және Кеңес-Герман достығы қоғамының ұжымдық мүшесі болды.

Бөлім жұмысында шетел халықтарының мәдениеті, тұрмыстық өмірлері туралы әдебиеттерді насихаттау елеулі орын алды. Бұл жұмыс "Интуристің" Қарағандылық бөлімімен ынтымақтастық жағдайда жүргізілді. Бөлім қызметкерлері туристік топтардың баратын елдерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы әңгімелер өткізіп әдеби шолулар жасады. Көпшілік оқырмандар үшін бөлімде "Қарағандылықтар әр түрлі халықтарда қонақта" клубы жұмыс жасады. Клуб ұйымдастырған іс-шаралар шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамының жоспарымен үндестіріле жүргізілді. Клуб аясында кездесу мұғалімдердің қызығушылығын тудырды. Туристік жолдамамен шет елге шығу үлкен оқиға болды. Клубтың жұмыс жасаған кездерінде ГДР, Польша, Болгария, Венгрия т.б. елдерге арналған кездесулер өткізілді, негізінен социалистік елдер. Әрине оқырмандар басқа елдер туралы да әсіресе Жапония, Франция, Италия, Индия т.б. туралы білуге ықылас білдірді. Өкінішке орай мұндай кездесулерді кітапханада өткізу құпталмайтын. Тек, кітапхана қызметкерлерінің құрамында Финляндияда болған кітапхана директоры Ю.С.Князевамен "Лифтремонт" мекемесінің бас инженері А.Каплиновпен, Индияда болған туристік топпен, кездесу өтті.

90-шы жылдары жалпы кітапханадағы сияқты бөлімге де қиын соқты. Қорды толықтыру жүйесі бұзылды, мерзімді басылымдар түспейтін болды. 90-шы жылдардың басында неміс халқының жаппай Германияға көшуіне байланысты ағылшын тіліне ауысуға тура келді. Ағылшын тілінде алғашқы  курс ұйымдастырылды. Сорос-Қазақстан Қорының арқасында бөлімге ағылшын тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік оқулықтар түсті. Дегенмен де оқырмандар қатары азайды, бөлім қоры іс жүзінде неміс тіліндегі әдебиеттермен толықтырылмады. Сондықтан бөлім 1997 жылы шет тілдер әдебиеті секторы болып қайта құрылды. 1998 жылдың басында жағдай біршама өзгерді. Қаладағы ЖОО ағылшын филологиясы бөлімдері ашыла басталды. Онда ағылшын тілінің мұғалімдерімен қатар аудармашылар даярлай бастады. 1996 жылы ашылған тіл және аударма "Лингва" институты студенттерді көптеп қабылдай бастады. Ашылған бөлімшелерде оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары болған жоқ. Осы кезде оқырмандар кітапханаға орала бастады. Шет тілдер әдебиеті секторы бірте-бірте шет тілдерде оқыту орталығына айналды. Бөлім 1997 ж. бастап Сорос-Қазақстан Қорының біліми бағдарламасы аясында құрылған ағылшын тілі мұғалімдерінің Ассоциациясымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Облыстық кітапхана ағылшын тіліндегі әдебиеттер қорының негізгі жинақталған (6 мың дана) жері болғандықтан шет тілдер әдебиеті секторы Ассоциациясының Ресурстық Орталығына айналды. Осы 1997 жылы кітапхана конкурсқа қатысты.  Ресурс Орталығының қоры Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен толықтырылды. Сектор Ассоциациямен бірігіп ағылшын тілінің мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының білімін жетілдіру туралы үлкен жұмыстар жүргізді. Бір жыл ішінде 10-дейін оқыту семинарлары өткізілді. 1997 жылдан бастап сектор Әлем Корпусымен (АҚШ) ынтымақтастықта. Әлем Корпусының волонтерлері "Вива, Лингва" сөйлесу клубының оқытушы-жаттықтырушылары болды.

Біліми бағдарламаны жүзеге асырудағы сектордың үлкен еңбегін ескеріп 2001 жылы оны халықаралық кітаптар бөлімі етіп қайта құрды. Осы жыл кітапхана француз тілі мұғалімдері Ассоциациясының Ресурстық Орталығы болды. Халықаралық кітаптар бөлімі "Француз маусымы" циклі бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Француз тілін дәріптеу жұмысы елеусіз қалған жоқ, 2001 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы Франция Елшілігінің лингвистика және білім туралы атташесі М.Кориш кітапханада болды. Кітапханада Француз оқу залын ашу туралы келісімге қол қойылды. Алғашқы кітап топтамалары мен бейне-аудио материалдары  2001 жылдың қаңтар айында келіп түсті. Француз оқу залының ресми түрде тұсау кесер рәсімі 2002 ж. 25 ақпанда өткізілді. Француз оқу залы қала мен облыстағы француз тілін, елін, мәдениетін қызықтаған көптеген оқырмандар үшін 2002-2008 жылдары көптеген қызықты, тартымды іс-шаралар өткізді: оқу мерекесі, "Ақындар көктемі", "Франкофондар күні" т.б. Бұл іс-шараларға Франциядан жазушылар мен ақындар, актерлер шақырылды: Лионел Фрезар, ақын және жазушы Жан-Пьер Спильмон, Монпелье қаласындағы университет кітапханасының директоры П.Гайяр, Гонкуров сыйлығының иегері жазушы Б.Шамбаз, балалар жазушысы мадам Кошка, әдеби сыншы Ж.-К.Лебрен т.б.

Француз тілінің мұғалімдері мен оқытушылары үшін Франция университетінен тренерлер Б.Жирарде, Ж.Кайе шақырылды. Француз тілінің курсы ұйымдастырылды, оны ҚР Франция Елшілігінің волонтерлері Анн Шабо және Ларис Примуа жүргізді. Курста оқыған 7 озат студент "Болашақ" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Франция университетінде оқиды. Француз оқу залы қалада кеңінен танымал болды. ҚР Франция Елшілігі Француз оқу залының базасында Франция туралы шығармалар жазу, "Францияны өзің үшін аш" тақырыбына диктанттар жазуға ашық конкурс жариялады, француз әндерінің конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс жеңімпаздары Францияға екі апталық жолдамамен марапатталды. Вернисаждар мен көрмелер, француздың классикалық және фольклорлық ән ансамбльдері қаланың мәдени өмірін жандандырды. Өкінішке орай 2005 жылы Елшілікке мәдениет туралы жаңа кеңесші және лингвистика туралы жаңа атташе келді, оқу залы туралы оның жоспары мүлдем басқа болды. 2008  жылдың соңында Қарағандыда олардың араласуымен Франциялық Альянс ашылды. Альянс тіл және аударма "Лингва" институтының ғимаратына орналасты және Француз оқу залының кітап қорының бір бөлігі, жабдықтары Альянсқа берілді. Сөйтіп халықаралық кітаптар бөлімі тарихының  қызықты беттері жабылды. Француз оқу залы өз жұмысын тоқтатты, бірақ оқырмандар, кітап қоры қалды. Француз тілін үйрету курсы бұрынғыдай өз жұмысын жалғастыруда. Оқу мерекесі, Франкофондар күні "Ақындар көктемі" мерекелері әдеттегідей өткізіліп тұрады.

Өмір бір орында тұрмайды, бөлім қызметкерлерінің ағылшын тіліне байланысты жұмысты жандандыруға уақыт тапты. Бұған бөлім базасында ашылған Америкалық Орталық себепкер болды. Ашылу рәсімі ресми түрде 2006 жылы 10 наурызда өтті. Америкалық Орталықтың ашылуына 2005 жылы бөлім даярлаған "Америкамен танысыңыз" жобасы себепкер болды. Жобаны Қазақстандағы АҚШ Елшілігі қолдап 2005 жылдың қыркүйек айында кітапхана мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өзара түсіністігі туралы Меморандумға қол қойылды. Сүйтіп кітапхана АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Америкалық Орталықтар және Бұрыштар" бағдарламасының қатысушысы болып белгіленді. Америкалық Орталықты ашу мақсаты – Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдары білімді жетілдіру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ағылшын тілін үйренушілерге көмек ретінде әдебиеттерді жүйелеп насихаттау және АҚШ-тың мәдениеті мен өнеріне және тарихына арналған әдебиеттерді дәріптеу. Америкалық Орталықтың екі жылдық жұмысы алғашқы нәтижесін берді: ағылшын тіліндегі кітап топтамалары жинақталды, олар мамандардың, ЖОО мен қаладағы мектеп оқытушыларының кәсіби деңгейін жетілдіруге арналған. Анықтамалық әдебиеттерге электронды тасушы ДБ, интернет ресурстарына еркін қатынауға қол жеткізілді. Екі әңгімелесу клубтары "VES" және "Women English Club"жұмыс жасайды.Америкалық Орталықтың бейне залы ашылды. Апта сайын Әлем Корпусы волонтерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп тұрады. Онда қаралуға тиісті тақырыптар: Қазақстанның Мемлекеттік мерекелері, ҚР Мемлекеттік рәміздері, төзімділік мәселелері, т.б. Оқырмандар қатары өсіп кітапханаға келушілер көбейді. Жыл сайын Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің көмегімен оқыту бағытындағы 12-ден астам іс-шаралар өткізіледі. Осы жылдарда Америкалық Орталықта Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің дипломатиялық қызметкерлері, оқымыстылар, АҚШ Университетінің оқытушылары, дәрігерлер, экологтар оқытушылар мен студенттердің алдында көпшілікке арналған лекциялар оқыды.

Американдық жазушы Дж.Бауэр мен кездесу өтті, оның еңбектері АҚШ-та жастарға ұсынылатын кітаптар тізімінің басында тұрады, афроамерикалық жазушы Б.Фланнаганмен кездесу болды. 2007 жылы Америкалық Орталықты АҚШ Елшісі Дж.Ордвей көріп, оның бір жылдық жұмыс қорытындысымен танысты. АҚШ Елшісінің келуіне орай американдық пианист, Вена консерваториясының фортепиандық музыка факультетінің деканы Юджени Руссоның концерті ұйымдастырылды. Америкалық Орталықтың жұмысына 2008 жылы кітапханада болған Әлем Корпусының директоры Дж.Сассер жоғары баға берді.

Халықаралық кітаптар бөлімінің мамандары қашанда ағылшын тілін зерделеудің мүмкіндігін кеңейту жолындағы инновациялық жобаларды іздестіру үстінде. Осы мақсатта Америкалық Орталық базасында "Ағылшын тілі және кітапхана бағдарламасы" және "Инфокараван - 2008" жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның аясында Әлем Корпусы волонтерлерімен бірігіп  Шахтинск, Теміртау, Жезқазған, Саран, Абай  қалаларында оқыту семинар-тренингтері өткізілді. Оған ағылшын тілінің мұғалімдері, кітапханашылар мен студенттер қатысты. 2008 жылы Қарағандыда алғаш рет қалалық оқу бөлімімен серіктестік тұрғыда шет тілдерінің мұғалімдері үшін Жазғы мектеп ашылды.

Халықаралық кітаптар бөлімі өз жұмысында шетел тілдерін дәріптеумен қатар 1994 жылдан бастап жалпы кітапханалық "Атамекен" бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады. Бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірлесіп облыс аймағында тұратын халықтардың тарихы мен мәдениетін насихаттауға арналған көпшілік іс-шаралар өткізілді. Бұл Қазақстан халықтарының Біріккен күндері қарсаңындағы ұлттық-мәдениет орталықтары мен өткізілетін дәстүрлі кездесулер, тілдер мен мәдениет Декадалары.

Сонымен қатар бөлім шет тілдеріндегі Қазақстан туралы әдебиеттер қорын ұйымдастырады.

Бөлімде шет тілін білетін мамандар жұмыс істейді. Олар оқырмандарға сапалы да сауатты қызмет көрсетілетіндігіне, шетелдік әріптестермен ағылшын, француз тілдерінде хат алмасуға және шет тілдерінде көпшілік іс-шараларын өткізуге кепілдік. Бөлім қызметкерлері қашанда кәсіби мамандығымен оқырмандарға деген ілтипатымен ерекшеленеді.

В.Н.Воробьевадан кейін бөлім меңгерушілері болып аз уақыт Т.И.Пилипенко және Л.В.Васильевалар істеді.1992 жылдан бері халықаралық кітаптар бөлімінің меңгерушісі болып Баймұрзина Шолпан Сейтқалиқызы істейді. Ол 1974 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген, кітапханаға 1975 жылы келді, сол уақыттан бері тек (1988-1992 ж.ж) анықтамалық-библиографиялық бөлімде істеген аралықтан басқа уақыты осы шет тілдер әдебиеті бөлімімен байланысты.

Іс жүзінде бөлімдегі мақтанарлық істердің бәрі алғашқы меңгеруші В.Н.Воробьева мен кітапхананың байырғы қызметкері Ш.С.Баймұрзинаның атымен тығыз байланысты.

Шолпан Сейтқалиқызының кәсіби жұмысының бәрі шет тілдерін насихаттаумен, оқырмандарды әлемдік көркем мәдениет құндылығына баулуға, қазақтың рухани мұрасын дәріптеуге арналған. Ол "Атамекен" бағдарламасындағы "Достық" тақырыптың бағытын жасаған негізгі автор.

Ш.С.Баймұрзинаның жұмыс барысы Қазақстандағы Сорос-Қазақстан Қорының "Кітапханаларды қолдау" бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. Конкурстық іріктеуден өткеннен кейін ол Сорос-Қазақстан Қоры ұйымдастырған "Кітапхана – ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының Орталығы" шығармашылық семинарына қатысты. Шолпан Сейтқалиқызының белсене араласуымен "Ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының ресурс Орталығы" жобасы жасалды, нәтижесінде Сорос-Қазақстан Қорының Грантын жеңіп алды – компьютер, аудио-бейне техникасы және шет тілдеріндегі әдебиеттер қорын қаржылай қолдауға ие болды. Оның бастауымен бөлім жанынан "Вива, Лингва!" сөйлесу клубы ұйымдастырылды, клуб жұмысына студенттер мен оқытушылар, мектеп мұғалімдері қатысады. Қала оқытушылары мен студенттері Әлем Корпусы волонтерлері және АҚШ оқытушыларының қатысуымен өткізілетін оқулық-семинарларға ерекше ықылас білдіреді. Бөлім кітапханалық әлеуметтік-мәдени бағдарламасының аясында көптеген іс-шаралар өткізеді. Әсіресе "Жастар нашақорлыққа қарсы", "Анашаға жол жоқ!", "Анаша жеңіл бола ма?" кітап топтамаларының тұсау кесу іс-шараларын айту керек. Бұл іс-шаралар көп жағдайда Ш.С.Баймұрзинаның "Мақсатты кітап топтамасы" жобасының негізінде өткізілді. Жоба Ашық Қоғам институтының Грантын жеңіп алды (Будапешт қ.).

Ш.С.Баймұрзина Қазақстан туралы әдебиеттерді дәріптеуге белсене араласады. Ол Қазақстанның көрнекті адамдары туралы, Қазақстандағы экология т.б. туралы ағылшын тілінде әдістемелік-библиографиялық материалдар даярлады. Шолпан Сейтқалиқызы  әрқашан іздену үстінде, жаңа ойлар мен идеялардың жаршысы. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы құрметіне, өзінің адал еңбегі үшін Мемлекеттік марапат – "Ерен еңбегі үшін" медальға ие болды.

Ш.С.Баймұрзина ұжымда беделді, оны қашанда көмек көрсетуге дайын тұратын қайырымдылығы, ақ көңілділігі үшін сыйлайды, құрметтейді. Әлем Корпусы волонтерлері АҚШ-қа кеткеннен кейінде онымен жылы қарым-қатынаста. Кітапханадағы көптеген қоғамдық іс-шаралардың бастаушысы, жан күйері.