01.01.2021 ж. кітапхана қоры әр түрлі материалдық тасығыштарда 434627 дана құжаттарды құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 72425 дана (16,7%), орыс тілінде – 352890 экз. дана және басқа тілдерде - 9312 дана.
- Кітаптар – 405297 дана (93,3 %)
- Мерзімді басылымдар – 27879 дана (6,4%)
- Электронды басылымдар - 1451 дана (0,3 %)
- Аудиовизуалды құжаттар-2400 дана (0,5%)
Кітапханалық қор сала бойынша келесідей түрде ұсынылады: жаратылыстану-ғылыми және медициналық әдебиет – 47361 дана (11%), техникалық және ауылшаруашылық - 47425 дана (11%), қоғамдық-әлеуметтік және анықтамалық - 149860 дана (35%), мәдениет, ғылым, білім беру, спорт және өнер бойынша әдебиет – 53131 дана (12%), филология ғылымдары және көркем әдебиет - 136835 дана (31%).
Есепті кезеңде 4223 құжат түсті (атау бойынша 2640), оның ішінде мемлекеттік тілде – 1731 дана. Қазақстандық мазмұндағы жаңа түсімдер есепті жылы 54,0% - ды құрады, бұл 2019ж. қарағанда 1,0% - ға көп.
Жыл ішінде әр түрлі жинақтау көздерінен кітапхана қорына Қазақстанның мерейтойлық даталары: ҚР Конституцияның 25-жылдығы, Ұлы Жеңістің 75-жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық және т.б. мерейтойылар аясында шыққан басылымдар түсті.
Кітап қорын жинақтаудың негізгі көздері:
- Облыстық бюджет – 2777660,87 мың теңге-жалпы бюджеттен 32,0%
- Мемлекеттік тапсырыс – 2522332,64 мың теңге-29,0%
- Сыйға берілетін кітаптар - 938123,16 мың теңге-39,0%
Жалпы қордың жаңартылу көрсеткіші 2020 ж. қорытындысы бойынша 1,04% құрады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қордың жаңартылу көрсеткіші 0,33% құрады. Қордың қазақ тіліндегі жаңартылу көрсеткіші 0,39% - ды құрады.
Облыстық бюджет есебінен сатып алынған әдебиеттер жанрлар бойынша қызықты және алуан түрлі. Олар: «Рухани жаңғыру: 100 жаңа оқулық» сериясы мемлекеттік жоба аясында шығарылған оқулықтармен (29 атау) жинақтау жалғасып, қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдерде салалық және көркем әдебиеттер сатып алынды. Мысалы, инклюзивті білім беру бойынша кітап топтамасы сатып алынды. Өзін-өзі дамыту бойынша қазақ және орыс тілдерінде танымал отандық және шетелдік аударма басылымдар және гуманитарлық пәндер, медицина бойынша жаңа оқулықтармен толықтырылды. Жаңа көркем әдебиеттер, соның ішінде қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің бестселлерлері сатып алынды. Бұл, абонемент және көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінде кітап даналығын ішінара арттыруға мүмкіндік туғызды. (6 Қосымшаны қараңыз).
«Абайтану» кейінгі томдары
- Абайтану : таңдамалы еңбектер : [көп томдық]. 36 – 40 т. / Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті. - Алматы: Қазақ университеті.
- Ағылшын тілінде ғылым мен білімнің әртүрлі салалары бойынша оқу әдебиеті (17 атау).
- Қазақ және орыс тілінде ғылым мен білім әртүрлі салалары бойынша оқу әдебиеттері. Мысалы:
- Алтаев Ж. А. Ислам философиясы;
- Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері;
- Жадыков А. Х. Герои-казахстанцы;
- Касымжанова А., Гафуров Б. Эпоха Аль-Фараби и диалог цивилизаций;
- Курмангалиева Г. К., Сейтахметова Н. Л. Научное наследие аль-Фараби (комментарии к трудам);
- Қортабаева Г. Қ. Түркі мифологиясы: оқу құралы.
«Нон-фикшн» санатындағы кітаптар
Есепті кезеңде фактілерге негізделген көркем (деректі) проза емес «нон-фикшн» санатындағы кітаптар сатып алынды. Бұл – өзін-өзі дамыту, бизнес және басқа да бағыттарға бойынша жазылған интеллектуалды әдебиет. Ең танымалдары, мысалы:
Қазақстандық авторлар:
- Әбдірайым Бағлан. AQ pen QARA;
- Бұқарбай Бақытжан. Күнкөрістен кет, байлыққа жет!
- Бұқарбай Бақытжан, Әбдірайым Бағлан. Қарыcсыз Qazaq;
- Ерланұлы А. Менің бірінші бизнесім;
- Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан;
- Мукан Ш.Ж. 10 книг, которые должен прочитать каждый. Лидерство;
- Мукан Ш.Ж. Әрбір адам оқуға тиіс 10 кітап. Отбасы;
- Мукан Ш.Ж. Әрбір адам оқуға тиіс 10 кітап. Тәрбие;
- Смағұлов Оразақ. Қазақтың айбарлы диссиденті.
Сонымен қатар кітап қорымыз шетелдік нон-фикшн басылымдары мен шетелдік көркем әдебиет – қазақ тіліне аударылған әлемдік бестселлерлерменде толықты. Мысалы:
- Карнеги Дейл. Алаңсыз өмір сүру құпиялары;
- Карнеги Дейл. Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері;
- Роулинг Ж. Хэрри Поттер мен Азбакан тұтқыны. Хэрри Поттер мен жасырын бөлме. Хэрри Поттер мен пәлсала тас;
- Сигел Д. Дж., Брайсон Т. П.: Ақылды бала. Баланың ақыл-ойын жан-жақты дамытудың 12 озық стратегиясы;
- Хей Луиза. Өмірің өз қолында;
- Элрод Х. Таң шапағаты.
Өлкетану туралы әдебиеттері бөлімінің қоры республикалық және облыстық конкурстардың қорытындысы бойынша дайындалған басылымдармен толықты:
- Қасым [Мәтін] : ғылыми-танымдық мақалалар. 3 кіт. / ҚМАжҚБ, Н. В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК ; құраст. А. Мырзахмет ; алғы сөз авт. Ғ. Жайлыбай. - Қарағанды : Мағжан, 2020. - 248 б. - (Qasym);
- Жеңістің өшпес шырағы : облыстық байқаудың Жеңіс жайлы жырлаймын... Және Соғыс жайлы барлығы жазылған жоқ аталымдарына түскен щығармалар жинағы / ҚМАжҚБ, Н. В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК. - Қарағанды : Magzhan, 2020. - 124 б.
Есепті жылы кітапхана қорын мемлекеттік тапсырыс бойынша әдебиетпен толығу өз жалғасын тапты. Жалпы түсімнің 29% құраған, 2522332,64 тенге көлемінде 1228 дана әдебиет, оның ішінде 1080 дана (2216989,16 теңге) мемлекеттік тілде (6 қосымшаны қараңыз).
Жалпы түсімнің 39,0% - ын кітапхананың авторлары мен оқырмандарынан өтеусіз негізде (сыйға) алынған кітаптар құрады. Қор жинақтаудың бұл көзі кездейсоқ сипатқа ие болса да, әдебиет автордың қолынан алынғандықтан құнды болып табылады. Көптеген даналарда қолтаңба бар. Бұл ЭК-та БЖ-да көрінеді.
Өтеусіз негізде, сыйға келесі ұйымдар мен мекемелерден басылымдар алынды:
- Қарағанды облысының әкімшілігі:
- Әбдіғалиұлы, Б. Ұмытылған қаһармандар = Забытые герои. Герои Советского Союза: [жинақ];
- Назарбаев Н. Қызмет хроникасы 2016ж.:
- Назарбаев Н. Хроника деятельности 2016г.
- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы:
- Жақып, Б. Желбіреп тұрған Көк Туым - биік тұғырым : өлеңдер, поэмалар.
- Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұрасын сақтау орталығы:
- Сарыарқаның қасиетті орындары : ғылыми-танымдық.
- К.С.Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры:
- 90 лет: Карагандинский государственный Ордена дружбы народов русский драматический театр имени К.С.Станиславского : фотоальбом.
- Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы:
- Сарыарқаның тарихи-мәдени құндылықтары = Историко-культурное наследие Сарыарки = Historical and cultural heritage of Saryarka : ғылыми каталог;
- Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы:
- Бір суреттің тарихы = История одной картины : жинақ-альбомы;
- Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі = Декоративно-прикладное искусство и орнамент Сарыарки : кітап-альбом;
- Қарағандының монументальды кескіндемесі: мозаикадан стрит-артқа дейін [Мәтін] = Монументальная живопись Караганды: от мозаики до стрит-арта = Monumental painting of Karaganda: from mosaic to street art : кітап-альбом.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы:
- Тура биде туған жоқ : жинақ : Орталық Қазақстандағы би-шешендердің әдеби мұрасы. 1 кіт., 2 кіт.
Қарағанды облысының дін істері басқармасы:
- Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 20 сұрақ-жауан;
- Карин Ерлан. Операция «Жусан». Кого и почему вернули из Сирии?
- Материалы по основным вопросам религии;
- Нұрсұлтана Назарбаев қоры:
- Ахметова Л. Панфиловцы: наша гордость, наша слава.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы шет тілдеріне аударылған қазақстандық авторлардың кітаптар жинағын сыйға тартты (9 атау, 45 дана):
- Асқар Әлібек. Стон дикой долины;
- Әбдікұлы Төлен. Хикаяттары;
- Әуезов Мұхтар. Көксерек;
- Бельгер Герольд. Дом скитальца;
- Есенберлин Ілияс. Айқас;
- Михайлов Валерий. Великий джут;
- Момышұлы Бауыржан. Ұшқан ұя;
- Нұршайықов Әзілхан. Маххабат, қызық мол жылдар;
- Соқпақбаев Бердібек. Менің атым Қожа.
«Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ 5 тілде жазылған (орыс, ағылшын, француз, испан, араб) жинақтарын сыйға тартты (10 атауы, 40 дана):
- Антология современной казахской прозы;
- Антология современной казахской поэзии.
- Келесі авторлар мен оқырмандар кітапхана қорына кітаптарын сыйға тартты:
Ақыш М.Т., Аленов М., Алонсо М., Аршабеков Т.Г., Асанұлы К., Аупенова А.У., Әйтенұлы С., Әлтай А., Әлімбетов С., Бакижанова К., Габов Ю.А., Голобородько В., Елеулов К., Елефтериади И., Жумабеков М., Кәріпұлы Ө., Кеңесбекұлы Е., Ким В., Қуанышбек Е., Құсайынов К., Лацерус М., Лохвицкий С.В., Макин Қ., Мисоченко Н.А., Мухамедхан Д., Нукенов А., Ораз А., Оразбек Е.Ж., Петриченко А., Попов Ю.Г., Пошатаев А., Рамазанова Б., Рыбецкая З.Г., Савченко Т.Т., Садыков Е., Семенов В.Г., Семенюк К., Строкова А., Тасқалиев М.С., Темірұлы М., Улкенбаева А., Ысқақұлы М. Және т.б.
Өлкетанушы, Қарқаралы өңірінің құрметті азаматы Ю.Г.Попов үй кітапханасынан 115 дана көлемінде кітаптар мен басқа да баспа басылымдарын сыйға тартты, Мысалы:
- Попов Ю.Г. Под каркаралинским шаныраком:
- Попов Ю.Г. Из карагандинских встреч.