Оқу залдары бөлімі кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсететін негізгі бөлімдердің бірі. Оқырмандардың жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Жылдам және сапалы қызмет арқылы пайдаланушыларға ақпарат табуда білікті көмек көрсету.
Оқу залдары оқырмандарға (ғалымдарға, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге) қызмет көрсетеді. Оқырмандар үшін ашық кітап қоры ұйымдастырылған. Ашық кітап қоры 150 - ге жуық кітаптар, қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар 80-нен астам. 50 журнал мен 30 газеттен тұрады. Сонымен қатар қорға жаңа түскен кітаптар көрмесі және тақырыптық көрмелер оқырман назарына ұсынылып отырады.
Бөлім қорында тарих, әдебиеттану, тіл білімі, дін, медицина, ауыл шаруашылығы, заң саласы, биология және экология, құқық, педагогика мен психология, химия, физика т.б. ғылым салалары мен қатар энциклопедия және әр сала сөздіктері кеңінен қамтылған. Оқырман керекті материалдарын пайдалануға бар мүмкіндік қарастырылған, ақпарат алу ыңғайлы болу үшін залда интернет желісі (Wi-Fi) де қосылған.
Оқу залының қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
кітап қорын қалыптастыру; кітап қорын және мерзімді басылымдарды насихаттау және жарнамалау маңызды оқиғаларға арналған. Оқу залы - әртүрлі тақырыптағы іс-шараларды өткізеді: батырлық сағат, дөңгелек үстелдер; кітап презентациялары; кітап көрмелеріне шолу; клуб отырыстары; тренингтер; семинарлар және т. б.
Бөлімде ҚР Президентінің жолдаулары бойынша және белгілі бір саладағы түрлі айтулы оқиғалар мен мерейтойлар бойынша кітап көрмелері тұрақты жұмыс жасайды. Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған қазақ күнтізбесі бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Оқу залы үйге әдебиет бермейді.
Оқу залында "Жаспен бірге" жастар клубы жұмыс жасайды. Клуб форматы – "еркін микрофон" және "диалог алаңы". Клуб отырыстары айына бір рет қоғамның әртүрлі өзекті тақырыптарында әр түрлі саладағы кәсіби спикерлерді шақыра отырып өткізіледі. Клубтың мақсаты: жастардың азаматтық ұстанымын жандандыру; әр қатысушыға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру; Зияткерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру; мәселелерді шешу жолдары мен ізденістері; стандартты емес ойлауды қалыптастыру. Сонымен, қазіргі заманғы кітапхана - бұл кітап қоймасы ғана емес, сонымен қатар білім беру және мәдени орталық, қызығушылық клубтары, жастар үшін де, ересектер үшін де шығармашылық демалыс орталығы.
Бөлім басшысы: Уйсембаева Саягуль Жакуповна
Тел.: +7(7212)210042
Бөлiм тарихы
Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009
Оқу залының тарихы кітапхана тарихынан да бұрын басталған. Болашақ оқу залының кітап қорын, ұйымдастыру мерзімді басылымдарын іріктеу жұмысы кітапханаға арнаулы ғимарат бөлінбей тұрғанда-ақ басталған. Оқу залының алғашқы қызметкерлері тек қорды құрумен ғана емес болашақ залдың интерьерінің оқырмандардың кітаппен жұмыс істеулеріне, әрі демалуларына қолайлы болуын да алдын-ала қарастырған.
Алғашқы ашылған жылдан бастап осы уақытқа дейін оқу залын пайдаланушылар қатары өсуде және әлі де оқырмандарға қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуді талап етеді. Оның оқырмандары әр түрлі жастағы, әр мамандықтың иелері және әр түрлі мүддедегі, әр түрлі топтағы адамдар. Бөлімнің ішкі келбеті-көрінісі өзгерді: жабық қоры кеңейді, отыратын орындар көбейді, кітапханашылардың және пайдаланушылардың жұмыс орындары біраз жақсарды. Оқырмандарға тиімді болуы үшін жұмыс кестесі жыл ішінде өзгеріп тұрды, мысалы 40-шы жылдары оқу залы сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеген.
Уақыт өте келе оқу залының қызмет аясы кеңейді: оқу залының қызметкерлері кезінде кітапханааралық абонемент жұмысымен шұғылданды, картотекалар жасап, анықтамалық-библиографиялық қызметтер көрсетті.
Ленин көшесі №1 үйдегі ғимаратта оқу залының орны біршама кең болды. Қабырғада көрме шкафы және кітап сөрелері тұрды, оларға кітап және фото суреттер қойылды. Оқу залы көпшілік іс-шаралар өткізетін, яғни әдеби талдаулар мен ой-талас өткізетін орын болды.
1948 жылдың бірінші жартысындағы есебінде мынандай дерек келтірілген: "Кітапхана қызметкерлері 41 монтаж жасады, оның 5 өлкетану тақырыбына арналған: "Біздің бассейннің озат адамдары", "Қарағанды облысы ауылшаруашылығының озық тәжірибелері", "Облыс колхоздарындағы көктемгі егіс" т.б.
В.И.Ленинге, В.Катаевқа, А.М.Горькийге, А.Н.Островскийге, Н.А.Некрасовқа арналған 5 әдеби кеш өткізілді, "Қазіргі Жапония", "АҚШ әлемдік реакцияның тірегі", "Белинский – ұлы сыншы", т.б. тақырыптарды 6 лекция оқылды, әр түрлі тақырыптарда 320 анықтама орындалды.
Ерубаев көшесі 44 үй ғимаратында оқу залы үшінші қабатта орналастырылды.Отыратын орын саны 100-ге жетті. Дегенмен де орынның жетіспеушілігі әсіресе жексенбі күндері оқырмандар көп келгенде байқалады.
70-80 жылдары кітапханада ақпараттық қызмет көрсету жоспарының енгізілуіне байланысты оқу залына келетін мамандар категориясында насихатшылар, политинформаторлар мен лекторлар, партия және комсомол саяси ағарту жүйелерінің тыңдаушылары басым болды. Оқу залының қызметкерлері аудандық партия комитеттерімен, саяси ағарту үйімен, қалалық "Білім" қоғамымен бірлесіп үйлесімді түрде жұмыс жасады. Оқу залының жанында "Пропагандист" клубы жұмыс жасасды. Кейінірек бөлім облыстық прокуратура және облыстық сот қызметкерлеріне қызмет көрсету жұмысын бастады.
Қазіргі уақытта бөлім жұмысының бағыты "Қазақстан - 2030" стратегиясын, Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, "2001-2010 ж.ж. тілдерді пайдалану және дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған. Бөлім "Мемлекеттік тілді қолдау және дамыту" ақпараттық-кітапханалық бағдарлама жасады және бөлім жанынан қоғамдық Оқу орталығы және қазақ тілінің Ресурс Орталығын" ұйымдастырды.
Оқу залы көптеген көпшілік іс-шараларын өткізеді: әдеби кештер, тарих сабақтары, ардагерлермен кездесу,жастар акциясы, ток-шоу т.б., ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар ұйымдастыру.
Кітапхана оқырмандары оқу залында кітапханалық қызмет көрсету жұмысының жақсы ұйымдастырылғанын, кедергісіз қызмет көрсетілетінін әрқашан ризашылықпен айтады.
Бұл кітапханадағы оқырмандарға ең керекті бөлімде бұрын және қазіргі кезде жұмыс істеген, жұмыс істеп журген мамандардың еңбегі: И.А.Гусева, Будовская Л.С., Воробьева В.Н., Передеро А.С., Салова В.В., Гусева И.А., Абеуова Б.К., Ярцева Э.К. и др
Әр кезеңде оқу залының меңгерушілері болып істеген кітапхана ісінің нағыз жанашырлары: С.Смағұлова (1941-1943ж.ж), Л.С.Будовская (1945-1950), С.Ш.Асаинова (1951-1956) (кейінгі жылдары облыстық мәдениет басқармасының бастығы, облыстық кәсіподақтар комитетінің секретары), В.Н.Воробьева (1956-1971), М.Н.Деревянкина (1971-1978), Е.А.Сыса (1978-1983) (Фото).
1985 жылдан бүгінгі күнге дейін оқу залының меңгерушісі болып Раиса Әлімжанқызы Хаирова істейді. Ол Қарағанды мәдени-ағарту училищесін және Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Оқу залы бүгінгі күні ең сенімді бөлімдердің бірі және бұл істе Раиса Әлімжанқызының еңбегі ерекше. Ол өз жұмысында ең алдымен оқырмандар мүддесін көздейді, оларға кітапханалық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында үнемі ізденісте. Ол жақсы ұйымдастырушы, әр қашанда жаңа да озық бастаманың жаршысы. Бұған дәлел, кітап берудің автоматтандырылған технологиясы және штрихкодтау жұмыстары оқу залының базасында жүргізілді. Электронды каталог құру жұмысына бөлім белсене қатысады. Жұмыстың нақтылы ұйымдастырылуы нәтижесінде ЭК ББК бойынша әдебиеттерді енгізу жұмысын мерзімінде нәтижесі аяқтады, қазір бұрынғы ретроспективті әдебиеттерді енгізуді нәтижелі бастады.
Раиса Әлімжанқызы ұжымда үлкен беделге ие, бұрынғы бірге қызметтес болған адамдармен әр қашанда достық қарым-қатынаста. Ол өз бетінше білімін көтеріп, мамандығын жетілдіруге көп көңіл бөледі. Раиса Әлімжанқызы кітапханадағы барлық іс-шараларға белсене араласады, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана өткізген "Кәсіби этика" семинар-тренингіне қатысты (Алматы қ.).