Ұлт рухы мен уақыт бойына тұмар қып таққан сөз өнерін жаратушылар хақындағы түсініктерімізді тереңдетіп, ұрпақ, ұлт, уақыт жайлы әсерлеріміз бен толғамдарымызды байыта түсер біздің "Қарағанды өлкесінің әдеби атласы" өз оқырмандарын шақырады.
Қарағанды – қойнауы кенге, төскейі астық пен малға толы құтты қоныс қана емес, білімі мен ғылымы, мәдениеті мен руханияты дамыған, өнер қонған өрісті өңір, талай-талай таланттар туған тұғырлы мекен.
Сарыарқаны бойлай саяхаттаған көптеген ақын-жазушыларымыз біздің "шағын отанымыз" туралы поэтикалық жыр жолдары, жолай жазылған белгілер, қызықты естеліктер қалдырған. Ендеше, әдеби өмірдің атласымен таныс болыңыздар!