Құрметті достар!

Отанға деген сүйіспеншілік туған елге, қалаға, ауданға деген жылы сезім өздігінен тумайды. Ол тәрбие арқылы қалыптасады. Туған өлке туралы мазмұнды сыр шерте білу - біз сияқты ұрпақтың Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сезім баспалдағының бірі. Өйткені еліміздің тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты.

Жерінің құйқасы, тұрғын халқы, кен-байлықтары, әдебиеті, өнері, білімі,  табиғаты, жер-судың өзге жағдайлары жайынан жазылған талай адамдардың еңбектері бар. Бірақ бұлар қазақ жерінің байлығының қазақ халқының ескі дәуірінің жүзден біріндей де болмайды. Туған өлкеңнің тарихын зерттеу -өзіңнің кемел тарихыңа деген құрмет сезімін тудырады. Алдымен адамның бойына қуат, көңіліне шабыт бере отырып, ұрпаққа айтар сенің де бір екі ауыз аманат сөзің сараланады.

Өз өлкеңнің тарихын, оның ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет. Өткеннен қалған зор тарихи-мәдени құндылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналуы тиіс. Ал тәрбие құралы ретінде кітапхана жұмыстарын да қолдануға болады. Кітапхана тарихқа деген қызығушылық туғызып, бұрынғының естелігін сақтауға ұмтылдырады.

Сондықтан «Туған өлкем - Сарыарқа» атты өлкетану ресурсында пайдаланушылар ауқымды желіден Қарағанды облысының тарихы туралы ақпаратты және анықтамалық материалдар табады, ауылдар мен қалалардың жылнамаларын, Қарағандының көрнекті орындарымен ескерткіштерін көріп таныса алады.

Болашақ ұрпағымызды төл мәдениетімізбен сусындатып, ұлтымыздың арғы-бергі тарихы, ата-бабамыздың алақанының табы қалған керемет жауһар мұралар сақталған біздің сайт бетіне қош келдіңіздер!