КОРНИЕНКО ПРОКОФИЙ ПРОКОФЬЕВИЧ
(1911-1972)

Корниенко Прокофий Прокофьевич 1911 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданы Ростовка селосында туған. 847-ші атқыштар полкінің, 303-ші дивизияның бақылаушысы Корниенко 1943 жылғы қыркүйектің 26-нан 27-не қараған түні өз ерлігін көрсетті. Днепр өзенінен жүзіп өтіп, полк әскерлерінің өтуіне жағдай жасады. Жаудың Днепр өзенінің оң қабағында орналасқан үш пулеметін құртып, іле өткен батальон әскерлеріне тұрақ тауып берді. Осы ұрыста барлаушылар отряды немістердің ротаға жуық әскерін жойды. Осы ұрыстағы қайсарлығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 20 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Токаревка селосының әскери комиссариатында жұмыс істеді. Ростовка мен Токаревка селоларында Корниенконің есімімен көшелер аталған. 1972 жылы 10 маусымда Корниенко қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Корниенко Прокофий Прокофьевич // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 407-408 б.

Корниенко Прокофий Прокофьевич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 123-124 б.

Корниенко Прокофий Прокофьевич (1911-1972) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 299 б.

Корниенко Прокофий Прокофьевич // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 31-32 б.

Корниенко Прокофий Прокофьевич (1911-1972) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков //   Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 88 б.

Прокопий Прокопьевич Корниенко // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 70-71 б.

***

Батыр жерлестеріміз // Орталық Қазақстан. - 1965. - 8 май (№ 107). - 2 б.