Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі - бұл кез-келген сұраныс бойынша жедел, толық және шынайы ақпарат беретін бөлім.
Бөлімнің қоры:
- Кітаптар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, статистикалық жинақтар, әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштері
- Атаулы даталар күнтізбесі,
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері,
- Мақалалардың электронды картотекасы қазақ және орыс тілдерінде,
- Мақалалардың жүйелі картотекасы (карточка формасында 199 жылға дейін)
Бөлім қызметтері:
- баспа және электрондық дерек көздеріненн ақпарат іздеу бойынша кеңестер,
- пайдаланушылардың сұраныстары бойынша анықтамаларды тікелей каталогтар залында, телефон арқылы,
- "Библиографтан сұра" виртуалды анықтама қызметі арқылы орындау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,
- дипломдық, диссертациялық және курстық жұмыстарға тақырыптық және библиографиялық тізімдер,
- ғылыми жұмыстардың библиографиялық бөлімдерін редакциялау Құжаттарды электрондық жеткізу
- Қазақстан және Ресей мерзімді басылымдары бойынша жедел ақпарат
- Өзекті мәселелер бойынша анықтамалар
- Белгілі бір тақырыптар бойынша мамандарды библиографиялық ақпараттандыру
- Оқырмандар үшін кітапханалық-библиографиялық сауаттылық бойынша сабақтар және экскурсиялар өткізу.
Қызметтер:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша толық мәтінді құжаттармен электрондық және дәстүрлі түрде танысу
- Құжаттың мәртебесі, оны ресми түрде жарияланған туралы анықтамалық ақпарат алу
- Библиографтың көмегімен құжаттарды іздестіру.
- Электрондық деректер базасында іздестіру
Бөлім басшысы: Карашова Айгуль Каупеновна
Телефон: 7 (7212) 56-74-64
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бөлiм тарихы
Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009
Кітапхана құрылымына 1958 жылы енгізілген анықтамалық-библиографиялық бөлім өз жұмысын тыңнан бастады. Кітапхана штатында библиограф 1950 жылдан бар, сондықтан бұл жұмысты оқу залы мен әдістемелік кабинетінің қызметкерлері атқарған. Жаңадан анықтамалық-библиографиялық бөлімнің ашылуы бұл жұмысты жаңадан жетілдіруге мүмкіндік берді. Толық бағалы анықтамалық ақпарат ұйымдастырылды: газет-журналдар мақалаларының жалпы картотекасы, өлкетану картотекасы, тақырыптық және жұмыс бабындағы картотекалар. Энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, библиографиялық құралдар осы бөлімде жинақталды. Библиографиялық ұсыныстар жүйесін қалыптастыру, халық шаруашылығы мамандарына ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары басталды. Штатқа жас маман қосылды – Семей кітапханашылар техникумын бітіріп Әбдірахманова Қаныш Қуандыққызы (1955 ж.) келді (кейіннен облыстық балалар кітапханасының директоры), және тәжірибелі библиограф, Харьков кітапханашылар институтының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Моисей Маркович Фельдштейн келді.
60-шы жылдардың басында ақпаратқа деген сұраныс арта түсті. 1961 ж. 23-25 қаңтар күндері Мәскеуде анықтамалық-библиографиялық жұмыс туралы өткен Бүкілодақтық Кеңес бұл жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсетті, АБЖ үйлестіру жүйесін бекітті. Кеңестің ұсынысына сәйкес бөлімнің алдына анықтамалық-библиографиялық аппаратты ұйымдастыру туралы үлкен міндет жүктелді, оның ішінде өлкетану туралы, оқырмандарға анықтамалық және ақпараттық қызмет көрсетудің ағымдағы ақпарат жүйесін құру міндеттелді. Барлық саяси науқандарға, ірі тарихи даталарға әдебиеттер тізімі жасалды, ауызша және жазбаша анықтамалар, оқу жоспарына арналған тізімдер, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Осы тізімдер мен құралдар облыстағы көпшілік кітапханаларына жіберілді. Газет-журналдардағы мақалалар картотекасын ұйымдастыру бас библиограф М.М.Фельдштейнге тапсырылды. Кейіннен бас библиограф болыпА.А.Баландина істеді. Ол өлкетану туралы библиографиялық ұсыныстың ұйымдастырушысы болды.А.А.Баландина "Қарағанды облысының өткені мен бүгіні" (1961) ұсыныстық көрсеткішті құрастырушы. Бұл жұмсыты кейіннен Қ.Қ.Әбдірахманова жалғастырды. Ол "Қарағанды облысындағы Совет Одағының Батырлары", "Ленин комсомолының даңқты жолы" сериясымен библиографиялық көрсеткіш даярлады.
60-шы жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың басына дейін бас библиографтар болып Ленинград, Минск, Шымкент мәдениет институттарының түлектері істеді. Олардың арасында библиографиялық қызмет тарихында із қалдырғандар бар. 1964-1966 ж.ж бас библиограф болып Н.М.Палилова істеді. 1966 жылы жас маман Инна Степановна Швецова келді, ол 1969 ж. бөлім меңгерушілігіне тағайындалды. И.С.Швецова кітапханалық-библиографиялық білімді көпшілік арасында белсене насихаттады. Газетте оның библиографиялық материалдары жарияланып тұрды. "Қарағанды облысы туралы атаулы даталар күнтізбесін" алғаш құрастырған И.С.Швецова болды (1971).
1971 жылы Белинский атындағы Свердлов облыстық кітапханасынан келген тәжірибелі маман Лидия Ивановна Суворова бас библиограф болды. Ол ағымдағы библиография жүйесін жолға қойды. "Қарағанды облысы туралы жаңа әдебиеттер", "Жаңа қоғамдық-саяси әдебиеттер" бюллетендері тоқсан сайын шығып тұрды. Бұл жұмыс 1990 ж. тоқтады.
Калинина Тамара Владимировна 1977 жылы бөлім меңгерушілігіне келді. Оның кезінде облыс бойынша ақпараттық қызмет көрсету қарқынды дамыды. Ол Қарағанды облысы халық шаруашылығы мамандарына ақпараттық қызмет көрсетуді үйлестіру жоспарын жасады. Бұл жұмысты ОҒТК, "Қарағандыкөмір" бірлестігінің ОҒТК және ЖОО кітапханаларымен бірлесіп жүргізді. Бөлімдердің жұмысын үйлестіру жұмысы Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының анықтамалық-библиографиялық жұмыстарын үйлестіру туралы Ережесімен нығайтылды. Ережеде анықтамалық-библиографиялық аппаратты дамыту, ақпаратты пайдаланушы абоненттер қатарын өсіру бағыттары қарастырылған. Осыған орай мамандармен жұмысты бағыттап отыратын ұйымдармен (Техника үйі, ВОИР, ҚКП обкомы, саяси ағарту Үйі) екі жақты тығыз байланыс орнатылды. Сонымен қатар кітапхана базасында тоқсан сайын үгітшілер мен пропагандистер үшін атеистер Күні өткізіліп тұрды. Т.В.Калинина Қазақстан Компартиясы қалалық комитетінің атеизм туралы Әдіскерлік кеңесінің құрамында болды.
Бөлімде кәсіби білімді мамандар ұжымы қалыптасты. Олар: Р.И.Тлегенова, Г.П.Долженко, В.И.Пак, О.Ф.Кузовкова, Р.Ә.Хаирова, Ф.Х.Тимершина, Ш.С.Баймұрзиналар.
1981 жылдың наурыз айынан бастап бөлім меңгерушісі болып В.И.Пак тағайындалды. Оның басшылығымен "Қарағанды облысы" өлкетану картотекасы Өлкетану картотекасы үшін жаңа классификациялық таблицаға ауыстырылды (Алматы, 1977), және кітапхананың жалпы анықтамалық-библиографиялық аппараты анықтамалық-библиографиялық классификациялаудың жаңа таблицасына ауыстырылды. Жаңа құжаттар әзірленді: каталогтар мен картотекалар жүйесі туралы Ереже, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету туралы Ереже, кітапханада АБА (СБА) жүргізу туралы нұсқау т.б.
Бөлім кітапхананың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, әсіресе мәдениет және өнер туралы ақпарат секторымен, және ИРИ режімі бойынша облыстық атқару комитетіне ақпарат беріп тұрды. В.И.Пак саяси-ағарту Үйі ұйымдастырған барлық семинарлар мен конференцияларға (оның ішінде жылжымалы) қатысып тұрды. Насихатшыларға ақпараттық қызмет көрсету жұмысын үйлестіру тәжірибесін А.С.Пушкин атындағы республикалық кітапханасы жинақтап шығарды.
Библиографтар жұмыстарының тағы бір бағыты – әдістемелік қызмет. В.И.Пак-тың тікелей қатысуымен облыстағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі библиографтардың мамандығын жетілдіру жүйесі құрылды. 70-80 жылдары бөлім қызметкерлері облыстағы барлық кітапханаларды орталықтандыру кезінде ақпараттық-библиогграфиялық қызметті ұйымдастыруда практикалық және әдістемелік көмектер көрсетті.
Бөлім Ульяновск, Қарқаралы, Осакаров ОКЖ озық тәжірибе мектебін ұйымдастырды. Көпшілікке библиографиялық қызмет көрсетуге арналған облыстық, аймақтық семинарлар, машықтану, іскерлік ойындар, мамандықты жетілдіру курстары ұйымдастырылып өткізілді. Бөлім қызметкерлері бүгінгі күні де облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету жүйесіне белсене ат салысады.
Бөлім облыстық кітапқұмарлар қоғамымен бірлесіп оқу мәдениеті университетін ұйымдастырды, ол екі жыл бойы (1981-1983 ж.ж.) облыстық радиотелеорталығының базасында жұмыс істеді.
Анықтамаларды орындау библиографиялық бөлім жұмысының алғашқы құрылған уақытынан бастап-ақ негізгі бағыты болып есептеледі. Бұл жұмыс бөлімнің анықтамалық-библиографиялық қоры негізінде жүргізіледі.
Кітапханада мамандандырылған бөлімдерге қосымша қордың ұйымдастырылуына қарамастан библиографиялық бөлімнің қорын құруға әрқашанда басым көңіл бөлініп отырады. АБА-тың құрамдас бөлігі –библиографиялық картотека, оның ішінде өлкетану.
Бөлімде өзінің мақсаты мен міндетіне сәйкес Н.В.Гоголь атындағы ОҒӘК-ның каталогтар мен картотекалар жүйесі туралы Ереже жасалды.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету библиографиялық басылымдардың тапшылығы жағдайында жүргізілді, сондықтан да библиографтар көптеген тақырыптық картотекалар құруға мәжбүр болды. Олар уақытша (саяси науқан, атаулы күндер) және тұрақты болып құрылды. Әр жылдары әр түрлі картотекалар ұйымдастырылды: "Көркем шығармалардың тақырыптары" (1965), "Көркем шығармалардың тақырыптық картотекасы" (1971), "Поэзия тақырыптық картотекасы" т.б.
АБА құрамында картотекалар жүйесі бірте-бірте өзінің шырқау биігіне 80-шы жылдардың ортасында жетті. Осы кезеңде библиографтар жұмыс уақытының белгілі бөлігі карточкаларды орналастыруға, мерзімді басылымдарды жазуға және АБА редакциялауға жұмсалды. Алайда 80-ші жылдардың соңында Бүкілодақтық Кітап Палатасынан карточкалардың келуі саябырлағандықтан карточкаларды орналастыру жұмысының қарқыны төмендеді. Сондықтан да мерзімді басылымдарды қолмен жазуға баса мән берілді. Мысалы: 1991 жылдың қорытындысы бойынша 3 қызметкер 10 мыңға жуық библиографиялық карточка-тізімдеме толтырған.
80-ші жылдары бөлімде баспалық жұмыс жақсы жолға қойылды. Осы жылдары "Қарағанды облысы туралы не оқу керек", "Қарағанды: 1934-1984", "Қарағанды көркем әдебиетте және публицистикада" маңызды ұсыныстық көрсеткіштері; "Қарағанды қаласының кітапханалары", "Қарағандының құрметті азаматтары", "Олардың атында Қарағанды көшелері" анықтамалықтар шығарылды. "Қарағанды көмір" бірлестігінің ғылыми-техникалық ақпарат бөлімімен бірлесіп "Шахтерлер – Социалистік Еңбек Ерлері" топтамасын шығарды.
90-шы жылдары уақыт талабына сай библиографиялық қызмет қайта қаралды. 1998 жылы ақпараттық-библиографиялық бөлім болып өзгертілді. Іскерлік ақпараттарды оқырмандардың мақсатты түрде іздеулеріне жағдай жасап бөлім "Қазақстан экономикасы" библиографиялық деректер базасын жасады. Заңнамалық және нормативтік құжаттарды іздеу базасын құруға ерекше назар аударылады. Экономика және кәсіпкерлік туралы бас басқармасына ақпараттық қызмет көрсетіледі. Ерекше қиын анықтамалар ақылы түрде орындалады. 1998 жылдан бастап сұраныстарды орындауда алғаш рет Интернет ресурстары, ал, 1999 жылдан бастап электронды каталог және анықтамалық құқықтық "Заң" жүйесі пайдаланылады. 2000 жылдан бастап бөлім "Мақалалар" электронды каталогын жасауды бастады. Әдістемелік база құруда үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. 2001 жылдың аяғында каталогтар залында ЭК пайдалану үшін компьютерлер қойылды.
Қазіргі кезеңде ақпараттық-библиографиялық бөлімнің басты міндеті:
- Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын сапалы түрде жедел қанағаттандыру;
- Ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде құқықтық ақпаратқа да;
- Ақпараттық қызмет көрсететін кәсіби мамандардың білімін үзіліссіз жетілдіру.
Бөлім қызметкерлерді мерзімді басылымдарға талдау жасап мақалалардың электронды каталогын толықтырада, электрондық ортада библиографиялық қызмет көрсетіп, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады, баспа жұмыстарын жүргізеді.
2006 жылы бөлімнің бастамасымен "Қазақстан кітапханалары мақалаларының корпоративтік жазбасы" жобасы оны 3-4 шілдеде Қарағандыда өткен "РАБИС платформасында ақпараттық ресурстарды құру және интеграциялау" республикалық семинарында библиограф-әріптестеріне талқылауға ұсынылған.
2006 жылы бөлімнің жанында Құқықтық ақпарат Орталығы жұмыс жасады, онда Қарағанды университетінің «Болашақ" заң факультетінің студенттері кеңес берді. Кітапхана мен университет арасындағы екіжақты келісімге сәйкес студенттер Құқықтық ақпарат Орталық базасында оқу практикасынан өтті.
Бөлім қызметіндегі маңызды бағыт - құжаттарды электронды жеткізу болып табылады. Жыл сайын бұл қызметке негізінен ғылыми жұмыс үшін 12-ден 25-ке дейін пайдаланушы жүгінеді.
2008 жылдан бастап "Библиографтан сұраңыз" виртуалды қызметі көрсетіледі.