БРЕУСОВ ВЛАДИМИР ЕФИМОВИЧ

(1925-2001)

Бреусов Владимир Ефимович Алматы қаласында 1925 жылы туған. 1942 жылы №29 фабрика-зауыт мектебін бітіріп, Қарағанды қаласының №50/52 шахтасында жұмыс жасады. 1943 жылы Ленин аудандық әскери комиссариатының шақыруымен майданға аттанды. Харьков атқыштар дивизиясының 960-шы атқыштар полкінде пулеметші болды.

Алғашқы ерлікпен көзге түскен жері - Харьков қаласы үшін ұрыс. Полевое селосының маңындағы 201,7 шоғырындағы ұрыста жаудың 112 әскерін жойды. Осы ерлігі үшін 1943 жылы 1-ші қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Бреусов В.Е. оқу ағарту саласында жұмыс атқарды. Оған «Қазақ ССР жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. Полевое селосының Құрметті азаматы.

Алматы қаласында қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Бреусов Владимир Ефимович (1925) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 82-83 б.

Бреусов Владимир Ефимович (1925) // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 50-51 б.

Бреусов Владимир Ефимович // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 20-21 б.

Бреусов Владимир Ефимович //  Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 12-13 б.

Бреусов Владимир Ефимович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 143 - 444 б.

***

Құдышев О. Сол жылдарда // Орталық Қазақстан. - 1975. - 7 май (№ 107). - 2 б.

Батыр жерлестеріміз // Орталық Қазақстан. - 1965. - 8 май (№ 107). - 2 б.