Бөлім қызметінің негізгі басымдылығы – кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру, кітапхананың компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бөлім қызметінің ең маңызды аспектісі – компьютерлерді жетілдіру, физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру, қолданыстағыларын жөндеу. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнату.
- Кітапхананың жергілікті компьютерлік желісіне техникалық қолдау көрсету.
- Интернетке және электронды поштаға қол жеткізуді ұйымдастыру.
- Кітапхананың электронды каталогын пайдалану және қолдау көрсету үшін ақпараттық инфрақұрылым жасау. Негізгі форматтарды жергіліктендіру.
- Кітапхана сайтына, блогына технологиялық қолдау көрсету. Кітапхананың электрондық қызметтерін жетілдіру.
- Онлайн-каталогтың web-интерфейсін сүйемелдеу.
- Кітапханалық процесінде интернет-технологияны пайдалану. Бейнеконференцбайланыс режімінде шаралар өткізу.
Бөлім басшысы: Анастасия Авинеровна Чен
Бөлiм тарихы
Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009
Кітапханада автоматтандыру процесі Сорос-Қазақстан Қорының Гранты нәтижесінде жүйелік сипат алды. 1996 жылы кітапхана "Интернет және электронды пошта" Грантын жеңіп алды, нәтижесінде алғашқы техникаға қол жеткізді және электронды электронды поштаға қосылуға мүмкіндік туды.
1997 жылы кітапхана құрылымында арнаулы автоматтандыру бөлімі ашылды. Оны Рақымова Нұрғайын Әнуарқызы басқарды. Кітапхананы автоматтандыру жүйесін енгізуге байланысты күрделі міндеттерді шешу басталды:
- Жергілікті компьютерлік желі құру;
- Автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық "Библиотека 4.02" жүйесі бойынша кітапхананың негізгі процестерін автоматтандыру, ең алдымен электронды каталог құру.
Кітапхананың негізгі процестерін автоматтандыру және автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық жүйелерді енгізу жұмыстарында Қайрат Рақымның үлесі зор. Кітапхананың автоматтандырылған жүйесінің тыңғылықты жұмыс істеуінің негізін қалаған да Қайрат Рақым. Кітапхана 2000 жылдың соңында алған, Республикалық автоматтандырылған кітапханалық жүйені (РАБИС) жасаушының бірі – Қ.Рақым. Ол 1998 жылы кітапхананың бірінші веб-сайтын жасап, Интернетке шығарып, техникалық қолдау көрсетті. Қазіргі кезде автоматтандыру бөлімі ИРБИС автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық жүйені енгізіп, техникалық қолдау көрсетуде.
1997 жылдан бастап автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері кітапханалық процесті автоматтандыруда үлкен жұмыс атқарды:
- Электронды каталог және электронды деректер базасын құрды;
- Оқырмандарды кітапханаға тіркеу электронды түрде жүргізіледі.
"Юрист" және "ҚР Заңнамасы" ақпараттық-анықтамалық жүйелері енгізілді және үнемі жаңартылып отырады.
2007-2009 жылдары компьютерлер санының өсуіне байланысты кітапхананың жергілікті компьютерлік желісін қайта жаңартып монтаждау жұмыстары жүргізілді. Компьютерлік жабдықтау қатары кеңейіп, техникалық деңгейі өсті. Бүгінгі күні кітапханада 74 компьютер, 26 лазерлі принтер, 2 түрлі-түсті бүріккіш принтер, 8 планшеттік сканер, 29 штрихкодтау қол сканері бар.
Кезең-кезеңмен пайдаланудағы операциялық жүйелерді және қолданбалы программалық жасауды жаңарту процесі басталды.
Бөлімнің бүгінгі негізгі міндеті:
- Автоматтандырылған кітапханалық ИРБИС жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- Ақпараттық технология негізінде кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету жүйесін жетілдіру;
- Серверлер мен жергілікті желіні және шалғай құрылғыларды техникалық қамтамасыз ету.
2007 жылдан автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Болдыш Анастасия Авенировна. Ол ИРБИС-ті енгізумен шұғылданады және кітапхана сайтын ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Ол кітапханада ақпараттық қауіпсіздік туралы нормативтік құжаттар даярлауда үлкен жұмыс жүргізді.