Сидорков Семен Матвеевич

(1908-1950)

Сидорков Семен Матвеевич 1908 жылы туған. 1942 жылы №1 Қарағанды шахтасынан өз еркімен соғысқа аттанды. Гвардия кіші сержанті Сидорков 76мм зеңбірек батареясын басқарды. 61-ші Орталық майданының 37-ші атқыштар полкінің, 12-ші атқыштар дивизиясының гвардия кіші сержанты. «Ерлігі үшін» медалімен екі мәрте марапатталды. Сидорков Днепрден өтудегі ерлік көрсеткендердің бірі. Днепр өзенінің жағалауындағы плацдармға ие болып, дивизионның шабуыл жасауын қамтамасыз етті. Осы ерлігі үшін С.М.Сидорковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 15 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Тула облысында жұмыс жасады. 1950 жылы қайғылы қазаға ұшырады. Тула облысының Арсеньевка ауданының Комарово селосында жерленді.

Әдебиеттер:

Семен Матвеевич Сидорков // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 106-107 б.

Сидорков Семен Матвеевич (12.8 1908) // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 218 б.

Сидорков Семен Матвеевич (1908-1950) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 94 б.

Сидорков Семен Матвеевич (1908-1950) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 474 б.

Сидорков Семен Матвеевич // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 58-60 б.

Сидорков Семен Матвеевич // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 229-230 б.

***

Қарағанды қырандары // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 3 б