Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
100008, Қазақстан, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 үй
+7(721-2)56-76-55

Толығырақ...

«Н. В. Гоголь ат. Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

Шаймуханбетова Айнур Сакеновна

Шаймуханбетова Айнур Сакеновна 1985 жылы 8 қаңтар күні Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келді. Көктас ауылының №4 орта мектебін бітіргеннен кейін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне «Мәдениеттану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, ал содан кейін 2006 - 2008 жылдар аралығында магистратурада білім алды.

Н. В. Гоголь атындаығы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында еңбек жолын кітапханашы ретінде бастады. 2008 ж. педагогикалық тәжірибе шеңберінде Қазақстандық жаратылыстану - гуманитарлық колледжде қоғамдық пәндер оқытушысы болып жұмыс атқарды. 2010 ж. бастап мемлекеттік қызметте, яғни 2010 - 2016 жылдар аралығында – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы. 2016 жылдан бастап Н. В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК-на ғылыми хатшы лауазымына, сондай-ақ директордың орынбасары лауазымына ауысты. Орталық Қазақстан академиясында сырттай оқып, экономика және бизнес бакалавры квалификациясына ие болды.

2019 жылғы наурызда Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының басшысы болып тағайындалды.

Оның басшылығымен кітапхана 2020 жылы «Рухани қазына-2020» онлайн форматта өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің фестивалінде «Кітапханалардың үздік инклюзивті онлайн жобасы – 2020» номинациясы бойынша, ал 2022 жылы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің V «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивальінде «Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды (Түркістан қ.).

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Санкт-Петербург мемлекеттік арнайы орталық кітапханасымен (РФ), Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Свердлов облыстық арнайы кітапханасымен (РФ) және Павлодар облыстық арнайы кітапханасымен үш жақты меморандумдарға қол қойылды. «Сарыарқа – сүйікті өлке» жобасын іске асыру үшін ҚР ІІМ Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен меморандумға қол қойылды. Оның ұйымдастырушылық және кәсіби шеберлігі арқасында кітапхананың 50 жылдық мерейтой аясында «Инклюзивті қоғам қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2022 ж.) жоғары деңгейде өткізілді.

2023 жылғы 10 қазанда «Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына ауыстырылды.

 Марапаттары:

  • ЭКСПО2017 арналған Қарағанды облысының күндеріне қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаты;
  • Қаланың қоғамдық өміріндегі жоғары кәсібилігі мен белсенді жұмысы үшін Қарағанды қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2020 ж.);
  • Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі және қоғамдық - саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасы (2021 ж.).

Халықаралық пен республикалық конференцияларда және семинарларда қатысуы:

  • «Технопром-2021» атты VIII халықаралық технологиялық даму форумы (РФ, Новосибирск);
  • «Современная библиотека – ресурсная составляющая безбарьерного мира» атты жыл сайынғы тәжірибелік-бағытталған семинар шеңберіндегі XI халықаралық көмекші қызметтердің мектебі (РФ, Новосибирск, 2021 ж.);
  • «Ыстық көл-2023: кітапхана және қоғамның демократизациясы» атты XXI халықаралық конференциясы (Қырғызстан Республикасы, Шолпан ата қ., 2023 ж.).

Телефон: 8(7212) 567655
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Толығырақ...

Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеменің тұрған жері:

Қазақстан Республикасы, 100009, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би  ауданы, Ерубаев көшесі, 44 үй.

Қысқаша тарихи анықтама

(1934-2022)

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейнімен, Қарағанды қаласының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты.

Толығырақ...