ЖИВОВ АНАТОЛИЙ ПАВЛОВИЧ

(1925-1944)

Живов Анатолий Павлович 1925 жылы Мәскеуде туған. 1942 жылы жазда әскерге шақырылған москвалық жұмысшылардың үлкен бір тобы Жезді марганец руднигінің құрылысына жіберілді. 1943 жылы ол өз еркімен майданға аттанды. Байланыс взводының телефонисі А.П. Живов 1944 жылы Тернополь қаласындағы шайқаста үлкен ерлік көрсетіп, қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 23 қыркүйекте А.П. Живовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Анатолий Павловичқа ерлік көрсеткен Украина қаласындағы бір үйдің кіре берісінде мемориалдық тақта қойылған. Мәскеу және Тернополь қалаларының көшелері Живов есімімен аталады.

Әдебиеттер:

Живов Анатолий Павлович // Қаhарман қарағандылықтар  = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 37-38 б.

Живов Анатолий Павлович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. -90 б.

Живов Анатолий Павлович (1925-1944) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 264 б.

Живов Анатолий Павлович (1925-1944) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 85 б.

***

Ерлігі - елге мұра, ұрпаққа - ұран! // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр. - 3-4 б.