МИЛЛЕР ПЕТР КЛИМЕНТЬЕВИЧ

1910

Миллер Петр Климентьевич 1910 жылы Украинада туды. Ол 1933 жылы армия қатарына шақырылды. Әскерден кейін 1936 жылы Балқаш қаласына келіп, мыс қорыту комбинатында жұмыс істеді. 1942 жылы майданға аттанды. Днепр өзені үшін шайқаста 167 гвардиялық дивизия үлкен ерлік көрсетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 10- шы қаңтарда Днепрден өтудегі ерлігі үшін П.К.Миллерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Миллер кейін Карпатта соғысып, Жеңіс күнін Чехословакияда қарсы алды. Соғыстан кейін П.К.Миллер металлург мамандығына оралып, Өскемен қаласындағы В.И.Ленин орденді қорғасын- мырыш комбинатында жұмыс істеді.

Балқаш кен-металлургия комбинатының металлургия цехына мемориалдық тақтасы ілініп: "Кеңес Одағының батыры Миллер П.К металлургия цехында 1937 жылдан 1942 жылға дейін тиеуші болып істеді",- деген сөздер мыспен жазылған.

Әдебиеттер:

Миллер Петр Климентьевич (1910) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 164 б.

Миллер Петр Климентьевич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 164 б. Миллер Петр Климентьевич (1910) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 406 б.

Миллер Петр Климентьевич // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 85-86 б.

Миллер Петр Климентьевич // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 164 б.

Миллер Петр Климентьевич // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 55-56 б.