(1915-1944)
Ульянин Федор Иванович 1915 жылы Саратов облысының Болтуновка (қазір Ульяново) селосында туған. Федор Иванович Ульянин Қарағанды облысының Калинин атындағы шахтада қызмет атқарған. 1941 жылы тамызда соғысқа аттанды. Шені - майор. Режицск дивизиясы 422-ші атқыштар батальоны, 170-ші атқыштар полкінің командирі. Мәскеу маңындағы соғыста көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін 1943 жылы Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды. 1943 жылы Белоруссия жерін азат етті. 1944 жылы маусымның 24-не қараған түні майор Ульянин өз батальонын Друть өзенінен шығынсыз өткізді. Бобруйск қаласы маңындағы шайқаста ауыр жараланып, қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Федор Иванович Ульянинге 1944 жылы 23 тамызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әдебиеттер:
Ульянин Федор Иванович (1915-1944) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 95-96 б.
Ульянин Федор Иванович (1915-1944) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 523 б.
Ульянин Федор Иванович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 245-245 б.
Ульянин Федор Иванович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 129-130 б.
Ульянин Федор Иванович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары = Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – С. 69-73.
Ульянин Федор Иванович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2 томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 2-т. – 327-328 б