МИЛЛЕР ПЕТР КЛИМЕНТЬЕВИЧ

1910

Миллер Петр Климентьевич 1910 жылы Украинада туды. Ол 1933 жылы армия қатарына шақырылды. Әскерден кейін 1936 жылы Балқаш қаласына келіп, мыс қорыту комбинатында жұмыс істеді. 1942 жылы майданға аттанды. Днепр өзені үшін шайқаста 167 гвардиялық дивизия үлкен ерлік көрсетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 10- шы қаңтарда Днепрден өтудегі ерлігі үшін П.К.Миллерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Миллер кейін Карпатта соғысып, Жеңіс күнін Чехословакияда қарсы алды. Соғыстан кейін П.К.Миллер металлург мамандығына оралып, Өскемен қаласындағы В.И.Ленин орденді қорғасын- мырыш комбинатында жұмыс істеді.

Толығырақ...

МАРИНЫЧ ИВАН ИВАНОВИЧ
1919

Мариныч Иван Иванович 1919 жылы Көкшетау облысының Райыс ауылында туған. Соғысқа дейін Қарағандыда тұрды, осы жерден әскерге 1943 жылы Ленин аудандық әскери комиссариатымен майданға шақырылды. Гвардия аға сержанты 1943 жылы ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, 1944 жылы I және II дәрежелі Даңқ ордендерімен І және II дәрежелі Отан соғыс ордендерімен марапатталды. 1945 жылы қаңтар айында Одер өзенінің жағалауындағы Бриг (Польша) қаласы іргесінде жауға үш тәулік бойы төтеп беріп, жаяу әскерлер ұрысына қолдау көрсетті.

Осы ерлігі үшін 1945 жылы 27 маусымда Иван Иванович Маринычқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Толығырақ...

МАМЫРАЕВ МАРТБЕК
(1908-1989)

Мамыраев Мартбек Қарқаралы ауданының «Бірінші май» (қазіргі М.Мамыраев) ауылында 1908 жылы туған.

Соғысқа дейін Мартбек Қарағандыға келіп, шахтада жұмыс істеді, электромонтерден учаске механигіне дейін өсті. 1942 жылдың мамыр айында майданға аттанды. Алғашқы от кешкен жері - Сталинград түбіндегі шайқастар еді. Сол жерде жараланып, 1943 жылдың қыркүйегіне дейін әскери госпитальде емделді. Қайтадан қатарға қосылып, 12 - гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында өткізді.

Днепр өзені үшін ұрыста көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін гвардия аға сержанты, 61-ші Армияның 12-ші гвардия атқыштар дивизиясының 32-ші гвардиялық атқыштар полкінің пулемет расчетінің командирі М.Мамыраевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 15-ші ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Ленин орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін Киров атындағы шахтада және Химия- металлургия институтында еңбек етті.

Толығырақ...

ЛЕБЕДЕВ СЕМЕН АНДРИАНОВИЧ
(1919)

Лебедев Семен Андрианович 1919 жылы Нұра ауданының Плаховка ауылында дүниеге келген. 1938 жылдан бастап әскер қатарында болған. 1938 жылы Качино әскери училищесін бітіріп, Қиыр Шығыста әскери ұшқыш болып қызмет етті. Әскери атағы полковник. 1943 жылы I дәрежелі Отан соғысы, жылы үш бірдей Қызыл Ту және Александр Невский ордендерімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдары әуе эскадрильясының командирі С.Лебедев 169 рет әуеге көтеріліп, 34 мәрте әуе шайқасына қатысып, жаудың 19 ұшағын құртты.

Толығырақ...

КОРНИЕНКО ПРОКОФИЙ ПРОКОФЬЕВИЧ
(1911-1972)

Корниенко Прокофий Прокофьевич 1911 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданы Ростовка селосында туған. 847-ші атқыштар полкінің, 303-ші дивизияның бақылаушысы Корниенко 1943 жылғы қыркүйектің 26-нан 27-не қараған түні өз ерлігін көрсетті. Днепр өзенінен жүзіп өтіп, полк әскерлерінің өтуіне жағдай жасады. Жаудың Днепр өзенінің оң қабағында орналасқан үш пулеметін құртып, іле өткен батальон әскерлеріне тұрақ тауып берді. Осы ұрыста барлаушылар отряды немістердің ротаға жуық әскерін жойды. Осы ұрыстағы қайсарлығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылы 20 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Толығырақ...

Ішкі категориялар