Тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиетінің саф алтын нәрін кейінгі ұрпаққа жеткізген небір дүлдүлдер Сарыарқа өңірінің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған. Олардың санатында Бұқар – жырау (1668-1781), Жанақ Сағындықұлы (1770-1856), Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918), Әсет Найманбайұлы (1867-1923) және т.б. Сарыарқа ақындары мен жырауларының шығармашылығы қазақ фольклоры қазыналарының бірегейлері болып саналады. Қазақстанда ресейдің колониалды саясаты орнап жатқан кезде ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет пайда болды. Қазан төңкерісі және одан кейінгі оқиғалар Доскей Әлімбаев (1850-1946), Ілияс Манкин (1880-1954), Шашубай Қошқарбаев (1865-1952), Қайып Айнабеков (1885-1954), Ғабдиман Игенсартов (1902-1976) және т.б. шығармаларында кең насихатталды. Олар жаңа өмірді жырлап, Ленин және большевиктер жайлы әндердің негізін қалады. 30 жылдары Қарағанды жұмысшыларының жинақы образдары бейнеленген бірнеше шығармалар жазылды. Бұл авторлардың ішінде – С. Сейфуллин, Б. Майлин, О. Беков және т.б. Қазақ әдебиетінде жұмысшы тақырыбына арналған шығармалардың бірі С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы. Ә. Әбішев пен Ғ. Игенсартов өздерінің шығармашылығында Отанды қорғауға жалынды үндеу тастаған. Соғыстан кейінгі кезеңдегі шахтер еңбегіне Н.Заболоцкий, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов шығармаларын арнады. 1956 жылдан бастап Қарағандыда Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімі жұмысын бастады (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Қарағандыдағы филиалы – төрағасы С. Ақсұңқарұлы). Қарағандылық жазушылардың шығармалары кеңінен танылып, республикалық баспалардан басылып шығарылған. Облысымыздың қазіргі заманғы әдеби жүйесі тарихи және тарихи – құжаттар мен поэтикалық жинақтардың шығуымен сипатталады. Қарағанды әдеби өмірінің жағдайына Е. И. Зейферт өзінің «Литературный пейзаж Караганды: прожилки в кварце» (Знамя, 2007. -№1. –www.nashasreda.ru) мақаласында шолу жасайды.
Кітапханамыздың өлкетанулық қызметтерінің бірі ол – әдеби өлкетану. Аймағымыздың мәдениеті біздің өлкеміздің тумалары атақты ақын –жазушыларымыздың аттарымен бай. Сарыарқаны бойлай саяхаттаған көптеген ақын жазушыларымыз біздің «шағын отанымыз» туралы поэтикалық жыр жолдары, жолай жазылған белгілер, қызықты естеліктер қалдырған. Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы бірнеше жылдар бойы облысымыздың әдеби өміріне арналған мәліметтерді жинау және жүйелеумен айналысқан. Ең алғашқы тәжірибелердің бірі филология ғылымдарының кандидаты Ю.Д.Нестеров құрастырған «Караганда в художственной литературе и публицистике» атты библиографиялық көрсеткіші болды. Анықтамалық түрдегі толық мәліметтер 1997 жылы өлкетану бөлімі дайындаған «Әдеби Қарағанды» көрсеткішінде ұсынылған.
Қарағанды жаңаша әдебиетінің жас өкілдері ақындық дауыстар негізінде ұсынылады. Олардың көпшілігі әр жылдары әр түрлі поэтикалық конкурстардың лауреаты мен дипломанттары атанған. 2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған жас ақындардың мүшәйрасы өтті. Бағдат Мүбәрак (Ақтоғай ауданы), Ақерке Асан (Қарағанды), Ілияс Мұқай (Балқаш) және т.б.сияқты ақындардың есімдері поэтиканың шыңында пайда болды. Қазылар алқасы мүшәйраның «Гран-приі» «Орталық Қазақстан» газетінің журналисті Жанат Жанқашұлына бұйырды. «Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Қарағандыдағы филиалының төрағасы С. Ақсұңқарұлының ойы бойынша, Жанат – аймағымыздың алдыңғы қатарлы жас ақындарының бірі». Көбіне жас ақындарымыз көптеген әдеби клубтар мен отырыстарға әдеби жолдамалар алады: мысалы, Қуаныш Медеубаев, Мирас Асан, Алмаз Мырзахмет, Рауан Қабидолдин студенттік шақтарынан бастап, «Жыр - Жауһар» поэзия клубының белсенді мүшелері болды (Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап – ғылыми кітапханасы). Олардың өлеңдері «Жас қаламгер» альманахы мен «Тұмар», «Таң - Шолпан», «Қасым» сияқты мерзімдік баспа беттерінде жарияланып тұрады.
Әдеби Сарыарқаның тамырлары сонау бұрынғы өткен ғасырлардың тереңінде жатыр. Қазіргі түсініктегі әдебиеттің қозғалыстары ХХ ғасырдың 50 жылдары түзіле бастады. Оның бастауларында Орталық Қазақстанның белгiлi жазушылары тұрды – Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев, М.Зуев-Ордынец, Ж.Сәрсеков және т.б. 1955 – 57 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық жауапты хатшысы Тахауи Ахтанов болса, 1958 жылдан бастап – Жайық Бектұров (1912-1998) – www.uniorlib.kz болды. 60 жылдардың ортасында Жазушылар одағының облысаралық бөлімі Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік – Қазақстан әдебиетшілерін біріктірсе, 1986 жылдан бастап Қарағанды мен Жезқазған облыстарын біріктірді. 70-80 жылдары жазушылық мекеме жас жазушылар мен әдеби ұйымдар, үйірмелерді қолдау мақсатында белсенді жұмыс жасап, республикалық және одақтық Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Белоруссия елдерінің Мәдениет күнін ұйымдастыруға қатысқан. Қарағанды жазушылар базасында «Рабочий – главный герой советской литературы» атты Бүкілодақтық конференция өтті. Ақын – жазушылар кітапхана мен мектептердің оқырман конференцияларына қатысып, шахта, заводтың ұжымында сөз сөйлеп насихаттау жұмыстарын белсене атқарған.
90 жылдар Жазушылар мекемелеріне қиын кезең болды. Жылдар бойы кітаптардың нарықтық экономика шарттарындағы жағдайда ретпен шығаруына үйреніп қалған әдебиетшілер жай ғана абдырап, Жазушылар одағы мемлекеттің қолдауынсыз іс жүзінде ыдырады. 1998 жылы Әділет Министрлігі Қарағанды облысының Жазушылар одағын тіркеді. Оның құрамына жиырмадан астам аға буын жазушылар мен жас әдебиетшілер кірді. Олардың ішінде: Алексей Воейков, Қамзабай Бөкетов, Валерий Могильницкий, Сәбит Бексейіт, Зинаида Чумакова, Виктор Курилов, Марат Искаков, Базар Мамыр және басқалары.
Қазіргі уақытты Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Қарағандыдағы филиалын Халықаралық «Алаш» Сыйлығының иегері, Қарағанды облысы әкімінің сыйлық иегері, Халықаралық Абай клубының лауреаты, Қазақстан Президентінің грант иегері, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, атақты ақын Серік Ақсұңқарұлы басқарады.