Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 2020 жылы өткізілген ақпараттық-насихат және мәдени-көпшілік шаралар жылдың маңызды оқиғаларына: Қазақстандағы еріктілер жылына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, ҚР Конституциясының 25 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, А. Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына, Н. Нұрмақовтың 125-жылдығына т.б. республикалық және аймақтық айтулы даталарға арналды. Аталған бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында тақырыптық жоспарлар, іс-шаралар ұйымдастырылды.

2020 жылы кітапхана қызметінің келесі басым міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. "Қазақстан-2050" Стратегиясын ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету: "Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Елбасының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалалары, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және аймақтық бағдарламалар мен т. б.

Толығырақ...