ГРИГОРЬЕВ НИКОЛАЙ МИХАЙЛОВИЧ

(1925)

Григорьев Николай Михайлович 1925 жылы Ярослав облысының Старово деревнясында туды. 1943 жылы әскерге аттанды. Кіші командирлер мектебін 1943 жылы тамызда бітіргеннен кейін майдандағы 65 - ші армияның 354 атқыштар дивизиясына барды. Алғашқыда пулеметші болып, кейіннен ерлік көрсеткені үшін барлау взводы командирінің орынбасарына ауыстырылды. Нарев өзеніндегі ерлігі үшін сержант Григорьевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жыл 24-ші наурызда Кеңес Одағынның Батыры атағы берілді. Григорьев Н.М. Жапония жерінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Толығырақ...

ГАВРИЛОВ ИВАН САМСОНОВИЧ
(1912-1944)

Гаврилов Иван Самсонович 1912 жылы Макеев поселкесінде Донецк облысында туған. Соғысқа дейін Қарағанды көмір кенішінде №12 шахтада жұмыс істеді. 1943 жылдан майданда. Кіші сержант, 1318-ші атқыштар полкінің 3- ші атқыштар батальонының атқыштар бөлімінің командирі. 1943 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Днепр өзені үшін ұрыста Гаврилов қайсарлығы және батылдығымен көзге түсті. Днепрдің оң қабағына ұрыспен орналасып, алған плацдармға ие болды. Осы ерлігі үшін 1943 жылы 29-шы қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Толығырақ...

БРЕУСОВ ВЛАДИМИР ЕФИМОВИЧ

(1925-2001)

Бреусов Владимир Ефимович Алматы қаласында 1925 жылы туған. 1942 жылы №29 фабрика-зауыт мектебін бітіріп, Қарағанды қаласының №50/52 шахтасында жұмыс жасады. 1943 жылы Ленин аудандық әскери комиссариатының шақыруымен майданға аттанды. Харьков атқыштар дивизиясының 960-шы атқыштар полкінде пулеметші болды.

Алғашқы ерлікпен көзге түскен жері - Харьков қаласы үшін ұрыс. Полевое селосының маңындағы 201,7 шоғырындағы ұрыста жаудың 112 әскерін жойды. Осы ерлігі үшін 1943 жылы 1-ші қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Толығырақ...

ӘБДІРОВ НҮРКЕН

(1919-1942)

Нүркен Әбдіров 1919 жылы Қарқаралы өңірінде №5 (қазіргі Нүркен атындағы) ауылда туды. 1938 жылы №1 шахтада кітапханашы болып жұмыс істеді. 1938 жылы 25 шілдеде Қарағанды облыстық прокуратурада қызмет атқара жүріп, әуе клубында ұшқыш мамандығын алады, ал 1939 жылғы 21 тамызда халықтық тергеуші маманына ауысты. 1940 жылдың ақпанында әскер қатарына шақырылды. Соғыс басталғанда ол Орынбор қаласының авиаучилищесінде оқитын.

16 рет әуеге көтеріліп, Н.Әбдіров фашистердің 12 танкісін, 28 жүк тиелген әскери машинасын, 18 керуенді және 3 жанармай цистернасын, 3 жау атыс ұяларын жойып жіберді.

1942 жылғы желтоқсанның 19-да ақырғы сапарында Н.Әбдіров және серігі атқыш-радист Александр Комиссаров екеуі Боков-Пономаревка станциясы маңайында жаудың 6 танкісін, 3 атыс ұяларын, көптеген әскерлерін жойып жіберді. Ұшаққа жау оғы тиіп, өртене бастағанда, Нүркен ұшақты фашист танкілері шоғырланған бетке қарай бұрды. Осылай екеуі құлаған жерде қаншама жауды қырып ала кетті.

Осы ерлігі үшін Н.Әбдіровке 1943 жылы наурыздың 31-де КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Толығырақ...

АСФЕНДЬЯРОВ ЗАКИР ЛУТФРАХМАНОВИЧ

(1918-1977)

Закир Лутфрахманович Асфендьяров 1918 жылы Башқұрстанның Красноуюль ауданындағы Утяк селосында туған. 1939 жылы ол Омбы әскери училищесінің курсанты болды, одан кейін Қиыр Шығыста әскери қызметін атқарған. Орудие расчетының командирі А.А.Асфендьяров өзінің жаумен алғаш шайқасуын Мәскеу түбіндегі Тихвин қаласында бастап, соғысты Берлинде аяқтады.

Львовты азат ету ұрысындағы ерлігі үшін ол I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Берлинді алуда «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Польша үшін болған ұрыста да көзге түсіп, «Варшаваны азат еткендігі үшін», «Польшаның азаттығы және тәуелсіздігі үшін» медальдарымен марапатталған. Асфендьяров Закир Лутфрахмановичке Корсунь-Шевченко операциясында батырлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы 1-ші шілдеде берілді.

Толығырақ...

Ішкі категориялар