АСФЕНДЬЯРОВ ЗАКИР ЛУТФРАХМАНОВИЧ
(1918-1977)
Закир Лутфрахманович Асфендьяров 1918 жылы Башқұрстанның Красноуюль ауданындағы Утяк селосында туған. 1939 жылы ол Омбы әскери училищесінің курсанты болды, одан кейін Қиыр Шығыста әскери қызметін атқарған. Орудие расчетының командирі А.А.Асфендьяров өзінің жаумен алғаш шайқасуын Мәскеу түбіндегі Тихвин қаласында бастап, соғысты Берлинде аяқтады.
Львовты азат ету ұрысындағы ерлігі үшін ол I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Берлинді алуда «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Польша үшін болған ұрыста да көзге түсіп, «Варшаваны азат еткендігі үшін», «Польшаның азаттығы және тәуелсіздігі үшін» медальдарымен марапатталған. Асфендьяров Закир Лутфрахмановичке Корсунь-Шевченко операциясында батырлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы 1-ші шілдеде берілді.
Соғыстан кейін көп уақыт Балқаш қаласында тұрды, Шығыс Қоңырат руднигінің №6 шахтасында тіреуші, смена мастері, смена бастығы болып, жұмыс атқарған. 1977 жылы 4-ші қаңтарда қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Асфандьяров Закир Лутфрахманович (1918-1977) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков // Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. - Қарағанды, 2010. – 82 б.
Асфандьяров Закир Лутфрахманович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 19 б.
Асфандьяров Закир Лутфрахманович (1918-1977) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 129 б.
Асфандьяров Закир Лутфрахманович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-карагандинцы / бас. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 9-10 б.
***
Әбілдин Қ. Ел есімі - ел есінде // Орталық Қазақстан. - 1972. - 9 май (№ 108). - 2 б.