(1925-2009)
Есетов Расул 1925 жылы туған. Ата қонысы Қарқаралының сыртындағы Наршөккен өңірі. Арқаны аштық жайлаған жылдары оңтүстікке ауып барып, қоныстанып қалады. Кеңес әскер қатарына 1943 жылы алынып, 138-атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылы 11 қазанда Р.Есетовтің бөлімшесіне аты жоқ биіктіктегі позициядан жауды қуып шығу туралы бұйрық берілді. Оның бөлімшесі жау бекінісіне басып кіріп, жаудың 50 әскері мен офицерін жойып, қару-жарақтарын, оқ-дәрі қоймасын қолға түсірді. Р.Есетов және оның тобының батыл қимылы арқасында шабуыл жасап келе жатқан жаяу әскерге жол ашады. Р.Есетовтіғң өзі осы ұрыста жаудың 33 әскерін тұтқынға алды. Жау дзотын талқандаушы қаһарман атанған Р.Есетовтің даңқы полкке, бүкіл дивизияға тарады. Есетовке ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. (24.03.1945ж.).
Карпат үшін болған соғыста осындай жоғары атақтың иегері болған 2қазақстандық жауынгердің бірі. Соғыстан кейін Түркістанда қызмет етті. Ленин, 1-және 2- дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Есетов Расул (1925) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 233 б.
Есетов Расул // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 86 б.
***
Әшуұлы А. От кешу // Егемен Қазақстан. - 2014. - 3 желтоқсан (№ 237). - 16 б.
Сағынтай С. Қазақтың шын асылы - Расұл // Орталық Қазақстан. - 2003. - 21 маусым. - 1, 4 б.
Смағұлов Р. Батыр жерлесіміз ортамызда // Орталық Қазақстан. - 2003. - 28 маусым. - 6 б; Қарқаралы. - 2003. - 28 маусым