Виртуалды көрмелер – өлкетану бөлімін насихаттауда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану. Виртуалды көрме туралы анықтаманы Н.В.Збаровская «Выставочная деятельность публичных библиотек» (М., 2004) тәжірибелік әдістемелігінде ақпарат берудің «дәстүрлі синтез» (кітаптар арқылы) және жаңа (электронды) тәсілдерін ұсынады.
Виртуалды көрменің дәстүрлі көрмелерден артықшылықтары – сөзсіз басым: көрме материалдарына қол жеткізуде пайдаланушылар үшін уақыт шектеусіз, пайдаланушылар кез-келген уақытта, кез-келген компьютер арқылы қол жеткізе алады.
Виртуалды көрме арқылы пайдаланушылар библиографиялық тізімді, толық мәтінді, басқа да ресурстарды, графикалық бейнелерді табады, көшіріп алуына болады, уақытты үнемдейді.
Виртуалды көрмеге қатынау пайдаланушыларды кітапхананың басқа да ресурстарына назар аударуларына мүмкіндік тудырады.
2002 жылы алғашқы виртуалды көрмені ашқаннан бері кітапхана сайтындағы көрме мүмкіндігі өсті. Қазіргі кезде өлкетану бөлімінің виртуалды көрмесі іс жүзінде тақырыптық және жеке цифрлық топтама тұрғысында.