Кітапханамыздың өлкетанулық қызметтерінің бірі ол – әдеби өлкетану. Аймағымыздың мәдениеті біздің өлкеміздің тумалары атақты ақын –жазушыларымыздың аттарымен бай. Сарыарқаны бойлай саяхаттаған көптеген ақын жазушыларымыз біздің «шағын отанымыз» туралы поэтикалық жыр жолдары, жолай жазылған белгілер, қызықты естеліктер қалдырған. Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы бірнеше жылдар бойы облысымыздың әдеби өміріне арналған мәліметтерді жинау және жүйелеумен айналысқан. Ең алғашқы тәжірибелердің бірі филология ғылымдарының кандидаты Ю.Д.Нестеров құрастырған «Караганда в художственной литературе и публицистике» атты библиографиялық көрсеткіші болды. Анықтамалық түрдегі толық мәліметтер 1997 жылы өлкетану бөлімі дайындаған «Әдеби Қарағанды» көрсеткішінде ұсынылған.