Қарағанды жаңаша әдебиетінің жас өкілдері ақындық дауыстар негізінде ұсынылады. Олардың көпшілігі әр жылдары әр түрлі поэтикалық конкурстардың лауреаты мен дипломанттары атанған. 2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған жас ақындардың мүшәйрасы өтті. Бағдат Мүбәрак (Ақтоғай ауданы), Ақерке Асан (Қарағанды), Ілияс Мұқай (Балқаш) және т.б.сияқты ақындардың есімдері поэтиканың шыңында пайда болды. Қазылар алқасы мүшәйраның «Гран-приі» «Орталық Қазақстан» газетінің журналисті Жанат Жанқашұлына бұйырды. «Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Қарағандыдағы филиалының төрағасы С. Ақсұңқарұлының ойы бойынша, Жанат – аймағымыздың алдыңғы қатарлы жас ақындарының бірі». Көбіне жас ақындарымыз көптеген әдеби клубтар мен отырыстарға әдеби жолдамалар алады: мысалы, Қуаныш Медеубаев, Мирас Асан, Алмаз Мырзахмет, Рауан Қабидолдин студенттік шақтарынан бастап, «Жыр - Жауһар» поэзия клубының белсенді мүшелері болды (Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап – ғылыми кітапханасы). Олардың өлеңдері «Жас қаламгер» альманахы мен «Тұмар», «Таң - Шолпан», «Қасым» сияқты мерзімдік баспа беттерінде жарияланып тұрады.
Қарағандының жас ақын – жазушыларының арасынан біразын атап кеткен жөн:
1992 жылы 17 маусымда Қарағанды қаласында туған. «Дүние-ге келер әлі талай Қасым», «Сәкен туған Жаңаарқа», «Азаттық таңындағы азат жыр» атты жыр жинақтарына өлеңдері енген. Республикалық «Тәуелсіздік таңым атты, арайлы!» деген атпен өткен жас ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
2013 жылы «Жас толқын» сериясы бойынша «Ақзере» атты жыр жинағы жарық көрді.
1987 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетті тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2010 жылы ХІІІ Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанды. 2011 жылы «Алтын қыран» қайырымдылық қорының қолдауымен Профи Медиа баспасынан алғашқы «Соңғы раушан» кітабы шықты.
2012 жылы «Жас толқын» сериясы бойынша шыққан «Бекзат» атты жыр жинағының авторы.
Асқаров Қайрат.
1977 жылы дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетті тәмамдаған. Облыстық бірнеше поэтикалық конкурстарға қатысқан, 1995 жылы А.Құнанбаевтың 150 – жылдығына орай ұйымдастырылған конкурстан бірінші орын, 1996 жылы Жамбылдың 150 – жылдығына арналған конкурста екінші орын, 1998 жылы Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанып, 2007 жылы Балқаш қаласының 70 жылдығына арналған конкурстан екінші орын, 2008 жылы Т.Ізтілеуовтің 125 жылдығына арналған Республикалық конкурстан үшінші орындарды иеленген. 2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық конкурсқа қатысып, үшінші орынға ие болған. 2011 жылы «Жас толқын» сериясы бойынша шыққан «Дауыс» атты жыр жинағының авторы.
1993 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қарағанды "Болашақ" университетінің түлегі. Республикалық мүшайралардың жүлдегері.
ХVII Халықаралық "Шабыт" фестивалінің дипломанты. Қасым Аманжолов атындағы "Qasym.kz" әдеби порталының шеф-редакторы. "Жыр – Жауһар" поэзия клубының мүшесі. Өлеңдері баспа беттерінде жарық көріп тұрады.
2014 жылы "Қасым.kz" сериясы бойынша "Саған арнадым" атты жыр жинағы жарық көрді.
1979 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тоқтар ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетті тәмамдаған. 2001-2008 жылдар аралығында бірнеше облыстық ақындар мүшәйрасының және жас қаламгерлер форумының жүлдегері. 2008 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты. 2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық конкурсқа қатысып, Саттар Ерубаев атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды. «Жас толқын» сериясы бойынша шыққан «Жанымның жазба нұсқасы» (2009), "Жүрегім" (2015) атты жыр жинақтарының авторы.
1990 жылы 25 мамырда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нілді (Өспен) ауылында дүниеге келген. Ауылдағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте білім алды. 2012 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультеті, журналистика бөлімін тәмамдаған.
Әлеуметтік ғылымдар магистрі. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды.
Өлеңдері испан, әзірбайжан, түрік тілдеріне аударылып, сол елдерден шыққан антологияларға енген. Грузин ақыны Маквала Гонашвилиден, Якут ақыны Сэмэн Туматтан еркін аудармалар жасаған.
2015 жылы Қарағанды қаласы "Тенгери Ltd" баспасынан "Серт" атты алғашқы кітабы жарық көрді.
Бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы:
Поэзия жанрында Мағжан Жұмабаев, Жұмабек Тәшенев атындағы сыйлықтардың (бас жүлде) иегері.
2018 жылғы Қасым Аманжолов атындағы республикалық жыр мүшәйрасының бас жүлде;
2019 жылғы Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыр мүшәйрасының бас жүлде иесі.
«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистер арасында ұйымдастырған республикалық байқаудың «Ең үздік танымдық мақала» аталымының жеңімпазы. Ақселеу Сейдімбек атындағы көсемсөзшілердің облыстық байқауының І орын иегері.
2020 жылғы «Алтын тобылғы» әдеби жүлдесінің «Үздік поэзия» аталымының иегері.
2021 жылғы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын жолақ» сыйлығының иегері.
Журналистер одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазіргі таңда «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет атқарады.
Зейферт Елена Ивановна - филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы. 1973 жылы Қарағандыда туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетті бітірген. Университетте оқытушы, сонымен қатар орыс және шетел әдебиеттер кафедрасының доценті қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Ресейлік Гуманитарлы Университетінің теориялық және тарихи поэтика кафедрасының профессоры (Мәскеу қаласы). Әдеби – сыни және әдебиеттанулық кітаптар, ұжымдық мақалалар мен альманахтарды құрастырушы, балаларға және ересектерге арналған өлең және прозалық кітаптардың авторы. Қазақстан, Ресей, Украина елдеріндегі халықаралық әдеби конкурстардың әділқазы мүшесі және төрайымы. «Gazeta.kz» медиа – порталының, қазақстандық "Deutsche Aiigemeine Zeitung" газетінің, «Книголюб» қазақстандық кітаптарға шолуының, мәскеулік «Gemeinschaft» журналының, «Московской немецкой газеты» газеттерінің шолушысы және корреспонденті. «AMANAT» (Алматы) және «Соодружество» (Мәскеу) журналдарының редколлегия алқасының мүшесі.
1989 жылы 14 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласына қарасты Катон-Қарағай ауданында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп гимназия-интернатының түлегі. Қарағанды қаласындағы ҚарМУ-дің филология факультетін тәмәмдаған.
Республикалық М.Мақатаев атындағы жыр бәйгесінің 2 орын жүлдегері. Қарағанды қаласы әкімінің "Дарын" жастар сыйлығының, Жұмабек Тәшенов атындағы "Жылдың үздік ақыны" сыйлығының иегері.
2014 жылы "Ақ қайың болсын есімің..." атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Қазіргі уақытта Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде тілші, "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшесі.
1990 жылы 21 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2006 жылы жалпы орта мектепті аяқтап, Қарағанды Банк колледжіне түседі. 2009 жылы Қарағанды экономика университетін «қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдайды. Жастайынан әдебиетке құштарлығының арқасында, қыз балаларға арналған балғын балалық шақтан бойжеткен аруға айналу кезеңіндегі ақпараттар қажеттілігіне зәрулігін ескере отырып қолына қалам алуды ұйғарған. 2015 жылы Алматы қаласы «Жалын баспасынан» «Қыз өссе – елдің көркі» атты алғашқы кітабы жарық көрді.
1991 жылы 26 наурызда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Жарасбай ауылында дүниеге келген.
Қазақстанның VII Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының «Поэзия» номинациясы бойынша 3-орын иеленген (2012). Облыс көлемінде өткізілген жас ақындар мүшайрасында Ж.Тәшенов атындағы «Жылдың үздік жас ақыны» болып анықталды. (2012) Қазіргі таңда kasym.kz әдеби порталының шеф-редакторы.
2013 жылы «Сынық айна» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
1987 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Қарағанды «Болашақ» Университетін тәмамдаған. Мектеп кезінен бастап аудандық және облыстық поэтикалық конкурстарға қатысқан. Студент кезінен – ақ Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының жанынан құралған «Жыр - Жауһар» поэзия клубының белсенді мүшесі болды. Өлеңдері «Жас қаламгер» альманахы мен мерзімдік баспа беттеріне шықты. 2009 жылы «Жан - Арым» атты кітабы жарық көрді.
2014 жылы «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен «Қара жәшік» атты жыр жинағы жарық көрді.
1978 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған қаласының Университетін бітірген. Облыстық және республикалық поэтикалық конкурстардың лауреаты.
2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық конкурсқа қатысып, бірінші орынға ие болған. «Жас толқын» сериясы бойынша шыққан «Құсни хат» атты жыр жинағының авторы.
1987 жылы 4 қазанда Қарағандыоблысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тәмамдаған. Республикалық «Махамбетше», «Атамекен» жыр мүшәйраларының лауреаты, Ғабиден Мұстафин атындағы прозашылар байқауының жүлдегері. ХІҮ халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің 1 орын иегері. Әңгімелері республикалық баспасөз беттерінде жарияланып келеді. ҚарМУ-нің магистранты. «Қасым» журналының жауапты хатшы қызметкері.
2013 жылы «Жас толқын» сериясы бойынша «Ханшайым» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.
1974 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетті бітірген. 2001 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 2003 жылы Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт» фестивалінде бірінші орынға ие болған. Өлеңдері бірнеше поэтикалық басылымдарда жарық көрген: «Қалам құдіреті», «Дүниеге келер әлі талай Қасым», «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ». 2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған поэтикалық конкурсқа қатысып, Шынболат Ділдебаев атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды. «Жас толқын» сериясы бойынша шыққан «Ыстыбұлақ» атты жыр жинағының авторы.
1976 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған қаласының Университетін бітірген. 2003 жылы Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт» фестивалінің «Проза» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды. 2005 жылы «Зерде» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты Республикалық поэтикалық конкурстан сыйлыққа ие болды. «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында жұмыс атқарды. Қазіргі таңда «Қасым» журналының бас редакторы. 2009 жылы «Жас толқын» сериясы бойынша алғашқы «Фәни құс» кітабы шықса, 2011 жылы «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен «Қара қарға» атты жыр жинағы жарық көрді.
1982 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 2005 жылы қазақ- түрік лицейінде өткізілген «Арулар поэзия патшалығында» атты облыстық мүшайраның бас жүлдегері. 2006 жылы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты мүғалімдер жыр мүшайрасының ІІ орын иегері. 2007 жылы Қасым Аманжолов атындағы облыстық «Боламын ақын Қасым әлі де мен» атты ақындар мүшайрасының бас жүлдегері. 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Астана-Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты республикалық жыр мүшайрасының I орын иегері. Бірнеше аймақтық, облыстық, республикалық басылымдарда және сайттар мен порталдарда өлеңдер топтамалары жарық көрді.
Шығармашыл жастардың ХVХалықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Педагогика ғылымдарының магистрі. Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ- де аға оқытушы болып қызмет атқарады.
«Жанарымдағы жазулар» атты алғашқы жыр жинағы 2013 жылы Астана қаласындағы «Өрнек Баспасынан» жарық көрді.
1987 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарыобалы ауылында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің журналистика бөлімін тәмамдаған. Д.Стамбеков атындағы сыйлықтың иегері. Павлодарда өткен «Тәуелсіздік тұғыры» мүшайрасының жеңімпазы. Өлеңдері республикалық және аймақтық газет-журналдарда жарияланған. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы.
2012 жылы «Жас толқын» сериясы бойынша шыққан «Тәңір таңбасы» атты өлеңдер жинағының авторы.
Торбаева Әселхан Тұрғанбекқызы
1991 жылы 11 наурызда Өзбекстан Республикасы, Жиззах обылысы, Гагарин қаласында дүниеге келген. ҚР тәуелсіздік күніне арналған "Сен деп ән саламын, Қазақстан" патриоттық әндер мен авторлық өлеңдер облыстық байқауының жүлдегері. Өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі.
2015 жылы Қарағанды қаласы "Тенгери Ltd" баспасынан "Мөлтек мұң..." атты алғашқы кітабы жарық көрді.