Клуб 1998 жылдан бастап жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында 80 клуб мәжілісі өтіп онда 184-ден астам баяндамалар мен хабарламалар тыңдалды. 182 суретті-кітап көрмесі ұйымдастырылды. Клуб жұмысына облыстық өлкетану мұражайы, әдеби бірлестік, облыстық мұрағат, тарихшылыр, әдебиетшілер мен тіл мамандары қатысады. Өз өлкесін сүйетін кез келген адам клуб мүшесі бола алады.

Клуб жұмысына қатысып пікір білдіруге, әріптстерімен ой бөлісуге, өлке туралы ой тастаған ұсыныс жасауға болады.  Клуб мүшелері туған қала тарихы және оның қазіргі проблемалары туралы іс-шаралық құрылымға үлестерін қосады.

 

Өлкетанулық кездесулер

«Арқалы жырдың ардағы»

Шынболат Ділдебаев

2012 жылы 24 сәуір күні ақын, термеші, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шынболат Ділдебаевтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Арқалы жырдың ардағы»   атты әдеби - сазды кеші болды.

Кештің негізгі мақсаты – Ш.Ділдебаевтың туындыларын әр өскелең ұрпақтың жүрегіне дарыту, бойына сіңіру. Оқырманның отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, адалдыққа, адамгершілікке баулу.

Осы кешке Ш.Ділдебаевтың жары Қоңырбайқызы Гүлсара, қызы Ділдебаева Шолпанай, немересі Қайсарұлы Айдын, профессор Қ.Д.Асанов, айтыскер ақын Қ.Мақсұтов, ақын Е.Омаров қатысты.

"Көз талды Балқантауға қарай-қарай..."

Кәрім Сауғабаевтың туғанына 70 жыл2011 жылы 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңына ұйымдастырылған Қаздауысты Қазыбек бабамыздың, Тәттімбеттің, Мәдидің табаны тиген киелі топырақта дүниеге келген ақын, журналист Кәрім Сауғабаевтың туғанына 70 жыл толуына орай "Көз талды Балқантауға қарай-қарай..." атты еске алу кеші өтті.

Осы кешке Кәрім Жұмабекұлының аяулы жары Майра Ақашқызы, ұлы Нәжмидин, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі Р.К.Омарбекова, және ақынның қызметтес достары, журналистер Серікбай Алпысов, Серік Сексенұлы, Төлеген Арконов, Төрехан Майбас, Қойлыбай Асанов т.б. қатысты. Кешті Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы жүргізіп отырды.

"Ғарышты бағындырған қазақ"

Тоқтар Әубәкіровтің туғанына 65 жыл 2011 жылы 29 қараша күні кітапханада ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерейтойын тойлау бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның "Халық Қаһарманы" Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің туғанына 65 жыл және ғарышқа ұшқанына 20 жылдығына арналған "Ғарышты бағындырған қазақ" атты әдеби кеш өтті.

Кештің мақсаты - жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастырып, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың тұңғыш ғарышкері, жерлесіміз Т.О.Әубәкіровтің өмірі мен еңбек жолымен таныстыру.

Кешке арнайы шақырылған қонақтар №78 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, ҚР білім үздігі, 1995 жылы ҚР Президентінің степендиясының иегері, Қарағанды қаласындағы тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің мұражайын ұйымдастырушы және басқарушы Кәрібекова Мағрифа Аманбекқызы, "Қазақстан – Қарағанды" телеканалының операторы Ғабдуллин Мейрам, Қарағанды қаласының аэроклубының түлегі, парашюттен секіру спортының спорт шебері Журавлева Вероника Павловна қазақ елінің тұңғыш ғарышкері жайлы әңгімелеп,оның ерен еңбегі турасында мәліметтер беріп, өздерінің қорларындағы бейне баяннан ғарышкеріміздің ғалам кеңістігіне барып қайтқан сәттерін көрсетіп, ғарышкерлерге арналған бүктемелер мен олардың ғарыш кемесінде қоректенетін заттармен таныстырып, ой бөлісті.

"Сатираның сарабдал сарбазы"

Жүсіп Алтайбаевтың 100 жылдық мерейтойыҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында көрнекті журналист, жазушы-сатирик Жүсіп Алтайбаевтың 100 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өтті. Кітапхана мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен 2011 жылдың 29 сәуір күні кітапханада "Сатираның сарабдал сарбазы" атты бірлескен шығармашылық кеш өтті. Кешке белгілі ақын-жазушылар, журналистер, ғалымдар және жазушының туған туысқандары қатысты. Олар: Қазақ гуманитарлық заң университеті жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Әбеуұлы Жұмағали, Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, ақын Ақсұңқарұлы С., журналист, публицист Хасенұлы М., физика ғылымдарының докторы, Ғасыр адамы Т.Көкетаев, Қ Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Асанұлы Қ. және аға оқытушы Жәпек М., ҚарМТУ өнеркәсіп көліктері кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Қ.Малыбаев, Ж.Алтайбаев атындағы қазақ орта мектебінің директоры Ә.К.Манабаев, журналист Т.Майбас және Ақшатау кенті, Жарылғап батыр ауылының тұрғыны, жазушының немере інісі К.С.Сәрсенбаев. 

"Қарағанды облысы тарихы, болмысы, болашағы"

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылдың 14 сәуір күні кітапхана іргесінде Қарағанды облысының құрылғанына 75 жылдық мерейтойына арналған "Қарағанды облысы тарихы, болмысы, болашағы" атты конференция өтті.

Қарағанды облысының құрылғанына 75 жылКонференцияға белгілі ғалымдар, жазушылар, журналистер мен мұражай қызметкерлері қатысты. Олар: Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының бастығы Байсағатов Б.Т., Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Жакитова Ш.С., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Өскенбаев Қ.С., т.ғ.д., профессор Козина В.В., т.ғ.к., профессор Жауымбаев С.Ұ., ҚарМУ-дың археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аршабеков Т.Т., ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры Ақсұңқарұлы С., «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, журналист Жанғожин А.Ж., Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі Нұрмағанбетов Е.Н.