Кітап – адамзат баласының баға жетпес құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де осы – кітап.  Жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізу – кітапханашы міндеті. Осыған орай, Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 27 ақпан күні "Алты ауызға сыйғыздым, екі дүние бағасын..." деген атпен "Аманат" кітабының тұсауы кесілді.

Аталмыш кітап 2017 жылдың соңында Қарағандыдағы "Тенгри" баспасынан жарық көрді. Бұл жинақта Қарағанды аймағында туған, есімі бүгінгі ортаға кеңінен таныс емес тұлғалардың естелік жазбалары топтастырылған. Кітапта Қажыбай Мәндібайұлы, Қалижан (Мұхаммедқали) Жандығұлұлы, Қоқым (Біләл) Алшымбекұлы, Нұржан Шоңұлы, Дүйсенбай Маңайұлы сынды діндарлар мен ақындардың естелік жазбалары мен өлең-жырлары жарияланып отыр.

Толығырақ...

26 сәуір 2017 ж. оқырманы ормандай Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы кітапханасының "Өлкетану" клубы шеңберінде жазушы, публицист, өнертану ғылымында өшпес қолтаңбасын қалдырған ғалым, киногер Камал Сейітжанұлы Смайыловтың 85 жылдық мерейтойына арналған "Қазақтың Камалы" атты ауызша журнал өтті.

Аталмыш шара үш парақтан тұрды: "Өнегеге толы өмір", "Камал Смайылов – публицист", "Камал Смайылов – кинотанушы".

"Жоқтамасаң, іздемесең алтын да жарқырамайды" демекші, қара шаңырақта қазақ халқының бақыты үшін, тағдыры үшін, әдебиеттану ғылымы үшін еңбек еткен әдебиет зерттеушісі, сөз зергері, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішұлын еске алдық. Ғалымның 90 жылдық мерейтойына арналған шара  "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасы және Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында өтті.

"Тұрсынбек Кәкішев мұрасы және рухани жаңғыру идеясы" атты шараға Т.Кәкішұлының шәкірті, кітапханамыздың досы, жанашыры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Смағұлов қатысты.

4 шілде күні жазушы, публицист, аудармашы, эссеист, әдеби сыншы, неміс әдебиетін зерттеуші Г.Бельгердің шығармашылығына арналған «Казахские струны души Гер-аға» атты танымдық кеш өтті.

Кеш тізгінін алған «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігі жанындағы  Жастар қанаты көшбасшысы Мария Борисеевич оқырмандарды жазушының өмірбаянымен таныстырып, әрі қарай оның шығармашылығына тоқталды.

Толығырақ...

2016 жылы "Өлкетану" клубында біршама мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық, Қарағанды облысының 80 жылдық, Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық, Ә.Ермековтің 125 жылдық және жазушылар Б.Бұлқышев пен М.Иманжановтың 100 жылдық мерейтойларына арналған.

15 наурыз күні Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойына арналған "Қарағанды облысы тарихы, болмысы, болашағы" аттыбасты кітап көрмесінің ашылуы болды.

Мерейтойлық шараға физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, "ХХ ғасырдың ғұлама адамы", Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Көкетаев Темірғали Әбділдаұлы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ғалымдары Зәуреш Ғалымжанқызы Сақтағанова, Өскенбаев Қанат Сәдуақасұлы, ардагер журналист Жанғожин Аман Жағдаұлы, тыл және еңбек ардагері Аверьянова Мария Михайловна, Қарағанды облыстық мұрағат директоры Жанагүл Тұрсынова қатысты.

Толығырақ...

Кітапхананың өлкетанулық қызметін бір қалыпқа келтіру бұл - өлкеміздің бірегей тарихын сақтау ортылығы. 2015 жылы "Өлкетану" клубы отырысының негізгі тақырыбы жерлес ғалымдар, жазушылар мен ақындардың мерейлі даталарына арналды, өлкетану сабақтары Ұлы Отан соғысындағы қарағандылық Қаһармандарға, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналып өткізілді.

26 мамыр күні "Өлкетану"клубының Н.Нұрмақовтың және Б.Айбасовтың 120 жылдығына, И.Әлімбековтың 130 жылдығына арналған "Ұрпаққа аманат, болашаққа сабақ" атты шарасы өтті.

Аталмыш отырыс саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күні қарсаңында өткізілді. Оған Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы бойынша әдеби басылымдардың авторы Р.С. Кәренов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент К.С. Өскенбаев, Н.Нұрмақов атындағы мектеп мұғалімі Р.К. Каппасова, Н.Нұрмақовтың туысы Т.Т. Смағулова, тарихи-өлкетану мұражайының маманы А.Жағыпар және жоғарғы оқу орындарының және колледж студенттері қатысты.

23 қазан күні теміртаулық ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Қ.Ботановпен әдеби кездесу кеші өтті.

Кешке Қазақстан жазушылар Одағының Қарағанды филиалының директоры С.Ақсұңқарұлы, ақынның достары металлург-ардагер Т.Смағулов, Б.Ордабаев және "Қасым" журналының бас редакторы С.Сағынтай, "Құрыш қала KZ" газетінің бас редакторы, ақын Р.Алдашева қатысты.

26 қараша күні кітапханаға оқырмандар, жергілікті ақындар, тілшілер, педагогтар, қаламыздың колледж студенттері мен №52 орта мектебінің оқушылары қатысып, Қарағанды қаласының әдеби мәртебесінің негізін қалаған тұлғалар туралы әңгіме жүргізді.

Н.А. Пичугиннің 125 жылдығына, М.Е. Зуев-Ордынецтің 115 жылдығына, Д.В. Оськиннің 85 жылдығына арналған "Писатели нашего края" атты әдеби кеш өтті. Бұл жазушылар оқырмандар қызығушылығын тудырған сол уақыттың нақты дәуірлерін көрсететін, қала тарихы туралы аса құнды әдеби мұраларды қалдырған. Қарағанды облысында әдебиеттің тууы туралы, шығармашылық туралы, жазушылардың достық қарым-қатынасы жайлы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ орыс филологиясы кафедрасының доценті Л.М. Харитонова әңгімелеп берді. Ол өз әңгімесінде әдебиет саласындағы қыл қалам шебері, адам жанының нәзік пернелерін тап басатын талантты тұлғалардың есімін есте сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімесін жастар қауымына арнады. Кешке Қазақстан тілшілер Одағының мүшесі Ю.И. Показанов, "Магнит"әдеби бірлестігінің мүшелері Т.Дубовская, Т.Ф. Ромашихина, И.А. Елефтериади, қарағандылық ақын В.И. Вишняков, Т.Б. Еремина қатысты.

Клуб 1998 жылдан бастап жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында 80 клуб мәжілісі өтіп онда 184-ден астам баяндамалар мен хабарламалар тыңдалды. 182 суретті-кітап көрмесі ұйымдастырылды. Клуб жұмысына облыстық өлкетану мұражайы, әдеби бірлестік, облыстық мұрағат, тарихшылыр, әдебиетшілер мен тіл мамандары қатысады. Өз өлкесін сүйетін кез келген адам клуб мүшесі бола алады.

Клуб жұмысына қатысып пікір білдіруге, әріптстерімен ой бөлісуге, өлке туралы ой тастаған ұсыныс жасауға болады.  Клуб мүшелері туған қала тарихы және оның қазіргі проблемалары туралы іс-шаралық құрылымға үлестерін қосады.

Толығырақ