Достар!

Қарқаралының ежелгі тарихымен, ғажайып табиғатымен,  бар ғұмырын қазақ өлеңіне арнаған Қасымның туған жері мен дауылпаз жырларымен жүздесу мүмкіндігін, құштарлық пен жарқын эмоциялар әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналған Қарағанды жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін «ШЫҚШЫ ТАУҒА, ҚАРАШЫ КЕҢ ДАЛАҢА...» атты өлкетанулық экспедиция ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

Өлкетанулық экспедиция  2024 жылдың қазан айының 10-11 күні Қарқаралы ауданында өтеді.

Шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен іске асады.

Іс-шараның мақсаты: Жастарды дауылпаз ақынның өскен ортасын, тарихын таныстыру арқылы тарихи жерлермен тығыз байланыстыру.  Белсенді және шығармашыл жастардың тың идеялары арқылы, еліміздің жарқын жетістіктерін танымал ету, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, кітап оқуды алға жылжыту.

Экспедиция Қарағанды – Қарқаралы - Қасым ауылы – Сарыобалы – Қарқаралы – Қарағандытуристік маршрут бойынша іске асады.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға өлкетану әдебиеті бөліміне келіп түскен Өлкетанулық жаңа кітапқа бейне шолу ұсынамыз. Кітапхана қорындағы кітапқа тоқталсақ:

«Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес», - демекші құрметті кітап сүйер оқырман қауым, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Әмір Шарапат Қауденұлының сыйға тартқан «Туған өлке - Ақжарым» атты кітабымен таныс болыңыздар!

Бұл еңбектен қасиетті Ақжар ауылының құрылу тарихы, осы ауылдан репрессияға ұшыраған, Ұлы Отан соғысына қатысқан, одан оралмағандар, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысушылар туралы мәліметтер баяндалған.

Жинақта Ақжар ауылынан білім ордасында қызмет істеген ұстаздары, ғалымдары, көп балалы аналар, медицина саласының қызметкерлері жайлы мағлұматтар нақты деректермен айтылып, айшықталып, көркемделіп көрсетілген.

Ақжар аймағының, құтты мекенінің өткенінен сыр шертеді.

Өткенді білуге құштарлық - болашақ үшін рухани нәр іздеу. Олай болса, өз өлкесін білем деген оқырман қауымға таптырмас еңбек.

Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретінде тойланып келеді.

Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алайда 2010 жылы елдегі БАҚ тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан басталатын «ата домбыра» табылғанын айтып сүйінші сұраған болатын.

1500 жыл бұрын қолданыста болған делінетін көне аспап Алтай тауының Моңғолия жағындағы Үңгіртас деген үңгірден табылған. Әуелі малшының қолына түскен аспап, кейін археологтардың қызығушылығын оятып, 2008 жылы мемлекет қамқорлығына алынады. Бұл ғылыми жаңалыққа қазақ ғалымдарының арасынан танымал түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы назар аударып, аспаптың домбыраның арғы «атасы» екенін дәлелдеп шығады. Осылайша шертпе аспаптардың тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан бастау алатыны белгілі болды.

Толығырақ...

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жастарды кітапханаға тарту» атты іске асырылған жобалар ашық байқауын жариялайды!

Байқауға Қазақстан Республикасының 18 жастан бастап жастарды кітапханаға тарту бойынша (кемінде 6 ай) іске асырылған авторлық немесе кітапханалық жоба ұсынған барлық азаматтар қатыса алады.

  • 05 шілдеден - 15 шілдеге дейін ашық байқауға қатысу үшін онлайн-тіркеу сілтеме бойынша жүргізіледі
  • 16 шілдеден – 09 тамызға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жұмыстар қабылданады.

Байқау ЕРЕЖЕСІМЕН таныса аласыздар!

 

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Ақпараттық шақыру хат

​2024 жылғы 18-19 қыркүйекте Қарағанды қаласында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдық мерейтойына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өтеді. 

Толығырақ...