Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК – Қарағанды облысындағы мерзімді басылымдар қорының ең ірі әрі ең ірі кітапхана. Мерзімді басылымдар қоры үлкен және сан түрлі. Қордың хронологиялық шеңбері – 1938-2016 жж. қамтиды. Бүгінгі таңда отандық мерзімді басылымдарды толықтай жинады. Оқырмандардың жыл сайын қазақ және орыс тіліндегі 350 басылымнан ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Барлық білім беру саласы бойынша мерзімді басылымдары бар. Саясат, экономика, құқық, әдебиет, тарих, педагогика жөніндегі басылымдар жағы сан алуан.
- Ғылыми басылымдар
- Экология
- Экономика
- Саяси - әлеуметтік басылымдар
- Құқық
- Педагогика
- Денсаулық және спорт
- Тіл және әдебиет
- Өнер және мәдениет
- Жастарға және балаларға арналған басылымдар
- Бос уақытта оқуға арналған басылымдар
- Қарағанды облыстық басылымдары
Құрметті оқырмандар өздеріңізге арналған танымды және қызықты басылыммен таныс болыңыздар!
"Үш қоңыр" газеті Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Бас редакторы Эльвира Болатқызы
Газет 2010 жылдың 19 наурызынан шыға бастады. Басылым өте қызықты. Оқуға женіл, танымды. Қазақ қаламгерлерінің шығармасы, ғаламдық мәселелер, саяси өзгерістер, жаһандық жаңалықтар, өнерлі тұлғалардың өмірі, проза мен поэзияда осы газетте. Әр түрлі іс-шаралар мен кітапханада өткен көрмелер де топтастырылған. Эссе жазуға немесе дипломдық жұмыстарға қажетті материалдарды таба аласыздар.
Сонымен қоса, қысқа әңгімелер жиынтығы мен танымал адамдармен сұхбат та шығып отырады.
Бұл газет әр оқырманның сырлас серігіне, ақылшы досына айнала алады. Көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.
Құрметті оқырман қауым, "Үш қоңыр" басылымы сіздердің сенімді серіктеріңізге айналып, пайдалы дүниелерімен көңілдеріңізден шығады деп ойлаймыз. Таныс болуға асығыңыздар!
Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Ciздердi асыға күтеді!
Келіңіздер! Оқыңыздар!
Үш қоңыр : республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті / меншік иесі және шығарушы "Болат медиа" мекемесі. - Алматы : [б. и.], 2010 -
2019 г. № 30; 31; 32; 33; 34; 35; 36; 37; 38; 39; 44; 45; 48; 49; 50; 51