Дәстүрлі кітап қорымен қатар, электронды  басылымдар да әлемдік және отандық көркем мәдениет пен өнер туралы жан-жақты мағлұмат беріп, пайдаланушы оқырманның рухани баюына мүмкіндік туғызады.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің бетінде орналасқан айдарлар "Атамекен", "Оқу", "Әлемдік көркем мәдениеті" бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша барлық бағыттар мен қызметтер ауқымын белгілейді.

Өнер туындыларын, оның ішінде бейнелеу өнері, театр, кино, эстраданы көріп, қызығатын адам баласы олардан әрқашан ерекше әсер алады, себебі оларды сезу арқылы өзінің эмоциялық шарықтау биігіне көтеріле алады.

Музыкаға әуес жандар музыканың ең жақсы сәтін, оның жанын селт еткізген концерт залында немесе радио, теледидардан, бүгінгі интернет желісінен не дискіден тыңдалған ең жақын әуез арқылы алған ерекше сезімін өзінің санасында өмірлік сақтап қалады.

Музыканы, әуенді жүрегімен сезіп, тебіреніп, эмоцияға беріліп, оған қызығушылық арттыратын адам ғана, сол әуен туралы әрі қарай ізденіп, ақпарат іздеп, тыңдаған шығармасы туралы кітаптар оқығысы келеді, оған деген өзінің көзқарасын қалыптастырады.